Астана – болашақтың қаласы
06.07.2018
1621
0

 

 

 

Әбдірәсіл ЖӘРМЕНОВ,
техника ғылымдарының
докторы, профессор,
ҰҒА академигі, екі мәрте ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері

 


Егер Астананы тарихи, әдеби, көркем шығарма немесе ғажайып өнер туындысы деп бағаласақ, еш талассыз оның авторы – Ұлт көшбасшысы, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ерлікке пара-пар саяси жағынан да, экономика жағынан да ұтымды жасалған бұл шешімді сонау тоқсаныншы жылдың басындағы өтпелі кезеңде ел еңсесін тіктей алмай жатса да, қуана құптаған болатын.

Бағзыда Үйсін мемлекетінің Күн­биі Елжау елдің жазғы және қыс­­қы астанасын салдырған кө­рі­не­ді. Көшпенді халық үшін жау­гер­шілік заманда, әрине, мұның үлкен сая­си және әскери маңызы болғаны рас. Қазақ қазақ болғалы оның бай­тағы – елордасы да аз көшкен жоқ, Қо­зыбасыдан тартып Орын­бор, Ақмешіт–Қызылорда, Ал­маты… Ерте ме, кеш пе Астана­мыз­дың елдің жүрек тұсынан орын те­бетіні анық еді. Ал енді ұшы-қиыр­сыз Арқа даласының төсіне елор­даны қондыру деген – бола­шақ­қа жасалған сәтті қадам. Астана өскен сайын, өркендеген сайын ір­гесі кеңейетінін, бір емес, он ас­тана тұрғызсаң да жерің-далаң же­теді дегендікті білдіреді. Елорданың атауының «Астанаға» ауысуы да тегіннен-тегін болмаса керек. Көп­те­ген елдің орталығы Астанасының атауымен байланысты аталады. Мә­селен, Қытайдың бүгінгі аста­на­сы – Бейжің (Пекин) «Солтүстік ас­­­тана» дегенді, бұрынғы Нанжин (Нан­кин) «Оңтүстік астана» дегенді біл­діреді. Корей елінің астанасы – Сеул деген атау да «Астана» деген сөз­дің анықтамасы. Саяси тұлға­лар­дың күтпеген шешімдері былай­ғы жұртқа сәл тосындау сезілетіні жа­сырын емес. Астананы Арқаға кө­шіреміз деген сәтте халықтың пі­кірі екіге жарылды, тіпті кейбір көр­шілеріміз мысқылмен күлді. «Бә­ріне уақыт төреші» деген сөз те­гін айтылмаса керек, жиырма жыл өтті, талайдың аузына құм құй­дық, талай елдің қызғанышын ту­дыр­дық, «ит үреді, керуен көшеді­нің» кері болды…
Меніңше, Астана – жастардың қа­ласы, келешектің қаласы, арман­ға, жұмақ бағына бастайтын қала. Елор­даның шаңырағы шайқал­ма­сын, іргесі бекем, керегесі кең бол­сын! Елге тыныштық, бейбіт заман бол­сын!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір