Елшілік марапаты
29.06.2018
950
0

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астананың түркі әлеміндегі рөлі» атты дөңгелек үстел өкізді. Ұлттық кітапханада өткен басқосуға Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз, Анкарадағы Еуразия Экономикалық қатынастар қауымдастығының төрағасы Хикмет Ерен, Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің дипломаты Мәлік Отарбаев, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Жанат Сейдуманов, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлы, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбек, жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ахметжан Ашири және қаладағы зиялы қауым өкілдері қатысты.

Басқосуда Т.Жомартбайұлының «Қыз көрелік», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», С.Көбейұлының «Қалың мал» және М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романдарының және жазушы Н.Дәутайұлының түрік тіліндегі «Жол» атты әңгімелер және повестер жинағының тұсауы кесілді. Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің дипломаты Мәлік Отарбаев: Астананың 20 жылдығына орай түрік бауырлар да барқатар шаралар өткізуде. Бұған дейін қазақ ақын-жазушыларының еңбектері түрік тіліне аударылды, түрік ағайындар қазақ зиялыларын таниды. Бұл қарым-қатынас әлі де нығая түседі» деген ойын айтты.
Анкарадағы Еуразия Экономикалық қатынастар қауымдастығының төрағасы Хикмет Ерен: «Тамаша күнде сіздермен бас қосып отырғаныма қуаныштымын. Түркия республикасының тұңғыш президенті Ататүрік Кемал респуб­ликаның 10 жылдығында «Азғантай уақытта көп іс тындырдық» деген еді. Сол сияқты Қазақстан да 27 жылда көп іс тындырды. Астана 20 жылда көркейді, өсті», – деді.
Жиын барысында Рафаэль Ниязбек, Тұңғышбай Жаманқұлов, Ахметжан Ашири сынды зиялы қауым өкілдеріне Түркия Республикасының Президенті Бас кеңесшісі Ялчын Топчудың құттықтау хаты тапсырылып, кәсіби мерекеге орай екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты насихаттап жүрген журналистер марапатталды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір