Ғасырдың көзі

0
62 қаралды

Журналистер күніне орай Қазақстан Журналис­тер одағы басқармасының Төрағасы С.Матаев «Ғасырдың көзі» фотоальбомының авторлық ұжымын бұқаралық ақпарат құралдарының республикалық конкурсында «Фотожұмыс» аталымы бойынша марапаттады.

Бұл кітап-альбом қазақ фотожурналистика­сы­ның негізін салушылардың бірі, Қазақстанның жарты ғасырлық фотоше­жіресін жасаған Рысқали Дүйсенғалиевтің, фотоөнердің майталман шебері Нұрғожа Жұбановтың, қазақ спорт фотожурналистикасының негізін қалаған Дендербай Егізовтің өнер жолы мен шығармашылығына арналған. Р.Дүйсен­ға­лиевтің, Н.Жұбанов­тың, Д.Егізов­тің тарихи шежіреге айналған фотосуреттері өзіндік ерекшелігімен көз тартады.
Кітап-альбомның фотожурналистика мен фотоөнер саласындағы мамандар мен жастарға, жалпы өнерсүйер қауымға берері де, үйретері де аз емес. Идея авторы Мереке Құлкенов, құрастырушы Асылхан Әбдірайымов, редакторы Әмірхан Меңдеке.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.