Зәки Ахметов – 90
29.06.2018
1795
0

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына қарасты «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының мәжіліс залында әдебиет теоретигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Зәки Ахметовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Академик З.Ахметов және абайтану мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан модератор болған аталмыш шарада М.Мырзахметұлы, Ж.Дәдебаев, А.Ісмақова, С.Ананьева секілді әдебиеттанушы-ғалымдар түрлі тақырыптар бойынша мазмұнды баяндама жасаса, Халықаралық Тұран академиясының академигі Қ.Сейданов, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасының орынбасары, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Б.Жақып, ақын Шөмішбай Сариевтер сөз сөйлеген соң әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспасы «Өнегелі өмір» сериясы бойынша жарық көрген «Зәки Ахметов» кітабының тұсауы кесілді. Ал қорытынды сөзді ғұлама ғалымның жары – Зия Насырқызы сөйлеп, конференцияны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын айтты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір