Ақын тойы дүркіреп өтті
29.06.2018
1107
0

Биылғы жыл бүкіл түркі дүниесінде Мағжан жылы деп аталғаны белгілі. Маусымның 22-25 аралығында Мағжан Жұмабаевтың туған өңірі Қызылжар өлкесінде 125 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде аталды.

 

Шара аясында Мағжан Жұмабаевтың еңселі ескерткіші ашылды. Ескерткіштің авторы Қазақстанға белгілі мүсінші Едіге Рахмадиев. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық сазды драма театрында ақынның «Шолпан­ның күнәсі» атты хикаяты бо­йын­ша сахналық қойылым көрсетіліп, ертеңіне той ақын­ның туған ауылы Сары томарда жалғасты. Оған Түркиядан, Әзір­байжаннан, Қырғызстан мен Өзбекстаннан, Ресейден келген қонақтар, Мағжан ақын­ның өлеңдерін аударған ақындар қатысты. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов, Түріксойдың Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қа­зақстан Жазушылар одағы Бас­қармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет мазмұнды сөз сөйлеп, ғалымдар баяндама жасады. Қонақтар оның ертеңінде Қы­зыл­жар шаһарындағы мұражайда ақын шығармалары­мен таны­сып, Н.Погодин атын­дағы орыс драма театрында «Мағ­жанның соты» атты трагедияны көрді. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік универ­си­тетінде ақын туралы қоры­тынды конференция өтті. Жиын бары­сын­да Мағжан шы­ғарма­ларын зерттеп жүрген Се­рік Негимов, Зарқын Тайшыбай, Тұрсын Шаң­бай, Ербол Тілешов, Хангелді Әб­жа­нов, Қадыр Ома­ров сынды ға­лым­дар мен жазушы Жарасбай Сүлей­меновке, ақын Бақытжан То­баяқовқа Мағжан Жұмабаев мерейтойлық медалі берілді.

А.ЖАҚЫПОВА.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір