Дамуға бастар жол

0
42 қаралды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» бағдарлама­сында қандай нәрседен бастау алып, қандай мәселелер бойынша жұмыс атқару керектігі анық айтылған. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында өтіп жатқан түрлі шаралар, соның ішінде мектепке дейінгі және мектептен кейінгі білім беру ошақтарында елге, ұлтқа, Отанға деген махаббат, патриоттық сезімді қалыптастыру бағдары бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда.

Осы бағдар бойынша үш тілде білім беру көзделген (қазақ, орыс, ағылшын). Мемлекет бас­шы­сының бұл аса маңызды са­нала­тын саяси шешімдері жүзеге аса бастағанын ерекше айтуға тиіспіз. Әлеуметтік желіні қол­дану­шылар да Ұлт жоспарын ба­рынша қолдауда. Қазіргі қазақ жастарының арасында жиі тал­қы­ланатын тақырып: «100 нақты қадам» аясындағы «100 кітапты» оқып шығу, «100 мақсат» қойып, соны орындауға деген ынта-ықылас. Озық ойлы жастар тара­пынан қолдау тапқан осынау бастама – өзге елге үлгі. Бұл жос­пар болашақта жастардың рухани бай болуына, мәдениет пен әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсетіні шүбәсіз. Ұлттық сана елге деген махаббат, отан­сүй­гіштік тек қана рухани бай адамда ғана қалыптасады. «Па­т­рио­тизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен баста­ла­ды. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алу­ды ұсынамын», – деген болатын Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұл жос­пар аясында үлкен жобалар жүзеге асуда. Тек мәдени жағынан ғана емес, сонымен қатар экономика, саясат, заң саласындағы жұмыстарды жолға қою, заманауи мемлекет орнату, мемлекеттік қызмет­кер­лердің қызметке тұру мә­селе­лері де қарастырылған. Елбасы міндеттеген лауазымды тұлғалар дәл осынау айқын бағдар аясында тапжылмай, халықпен бірлесе отыра жұ­мыла жұмыс жасаса – еліміздің өркендейтіні белгілі.
Білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер орнаса, сапа жақ­са­рып, түлектер білімді, келешек мамандар сапалы шығатын еді. Жақында ғана мектеп түлектері ҰБТ-ны тапсырғаны баршаға мә­лім. Нәтижелері жылдан жылға жақсарып келе жатқанын байқауға болады. Грант сандары қанша бөлінгені нақты әлі белгілі болмаса да, талапкерлер білімге құштар. Ал егер мектепке дейінгі білім беру мекемлеріне толығырақ тоқтала­тын болсақ нәтиже көрсеткіштері жақсы деуге негіз бар. Себебі, «тәр­бие тал бесіктен» демекші, бала үйрену арқылы өседі. Жұмысбасты ата-ана бере алмаған патриотизм мен ұлтжандылықты балабақша бойына сіңіретіні рас. Көптеген методикалық әдіс пен рәміз, әнұ­ранымызды жаттату қалай болғанда да балаға әсер етпей қоймайды. «100 нақты қадам» бағдарлама­сының көздегені – осы! Мақсат – айқын, бағдар – анық! Тек тынбай еңбек ету арқасында үлкен нә­тижеге қол жеткізуге болады. «100 нақты қадамды» ұлт болып бірге жүзеге асырсақ, дамитынымыз рас. Әр адам қоғамды өзгерту үшін алдыменен өзін өзгертуі ке­рек. Ең әуелі алдыңызға 100 нақ­ты жоспар қойып, соны орын­даңыз. 1 жылда 100 кітап оқып шығыңыз. Әркім өзіне ұнайтын іспен айналысқанда ғана әр жан­ның рухани гармо­ния­сы орнай­ды. Б.Грасиан айтпақшы: «Ұлы істерді ойласпайды, бастайды!». Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің Жол­дауын­да көрсетілген қадамдар әлеуметтің барлық пробле­ма­ларына оң шешімін табуды көздеген. Егер медецина, эконо­мика, білім, заң саласындағы реформалар жүзеге асса, еліміз көркейіп, дамыған мемлекеттер қатарына қосылатыны анық. Мақ­сат – көп, талап – біреу. Ал­дыға қадам басу үшін кейінгі ұрпақ пен қоршаған ортаны сақтауымыз қажет. Сонда ғана бұл іс – ұлтқа қосқан үлесіміз болады.

Ф.БАЯНОВА.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.