Ескендір Сүлейменов
29.06.2018
1806
0

РУХЫҢ ПЕЙІШТЕ ШАЛҚЫСЫН…

«Дүние жалған» деген – осы. Біз ғұ­мыр­ды қанша ұзақ десек те, талбесік пен жербесік арасы таяқ тастамдай ғана екен ғой, шіркін. Ойламаған жерден оқыс жайға тап болдық. Өйткені, Ес­кен­дір Сүлейменов кенеттен көз жұмды. Ол – иісі қазаққа мәлім ақын, Алаш жұр­тына аты мәшһүр ғұлама ғалым Олжас Омарұлы Сүлей­ме­нов­тің немересі. Шет­елде оқып келіп, Елордамыз – Астанада жұмыс жасаған алғыр да ақылды, іскер де адал, ақкөңіл де ашық, ізденімпаз да ізгі жан, үлкен істі үндемей бітіретін ең­бекқор Ескендірдің 27-ге қараған ша­ғында бақилық болғаны барша қа­ламгер қауымының қабырғасына қатты батқаны айтпаса да түсінікті. Тойым­сыз Ажал жанындай жақсы көретін жазу­шының жақынын арамыздан алып кеткені өкі­нішті, әрине! Алайда, ол күшке қарсы тұрар қауқар адам баласында бар ма екен?! Әй, жоқ-ау, сірә! Мұндайда атам­қазақ: «Болған іске болаттай берік бол», я болмаса «басқа түссе баспақшыл» деген жұбату сөзін айтып жатады. Ол да – демеу! Себебі: «Қайғыны бөліссең азаяды, қуанышты бөліссең көбейеді!». Ел үшін, жер үшін, Отан үшін атанжүкті көтеріп, аянбай еңбек еткен, қара ормандай қалың оқырманы бар Олжекеңнің қайғысына ортақпыз. Құдай-Тағалам Сүлейменовтер әулетіне күш-қуат, береке-бірлік, денсаулық, амандық берсін! Бәріміздің де барар жеріміз – біреу. Тек бірі ерте, бірі кеш дегендей. Бұл – қаза кезіндегі жай әншейін айтыла салған сөз емес, бұл – жүректен шыққан шынайы сөз. Ескен­дір­дей азаматтың орны үңірейіп бос тұра­тыны анық. Істеген жақсылығыңның бар­лығы дерлік о дүниеде алдыңнан шық­сын бауырым. «Орнында бар оңалар!». Мінезі жайсаң, әрі әркез көпшіл, кісіге жанашыр, елгезек қалпынан бір таймаған кішіге қамқор аға, үлкенге үлгілі інімізді өзі­міз жер басып жүргенде ешқашан ұмыт­паймыз. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болып, рухың пейіш төрінде шалқысын! Әумин!

Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір