«100 нақты қадам» – ұлт ұстыны
29.06.2018
1675
0

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» құжатында ұлт үшін маңызды деп саналатын мақсаттарды айқындап, соның орындалу жолдарын көрсетіп берген еді. «100 нақты қадам» бұл – әлемдік және түрлі сын-сынақтарға, сонымен қатар даму тұрғысына озық болып саналатын отыздыққа ену турасындағы ұлттық жоспар. Осынау қадамдар мемлекетімізде орын алып отырған түрлі мәселелерді шешу жолдары қарастырылған.

Біз нақтылы тоқталғалы отырған – 81қадам. Яғни, жекеменшіктік медици­наны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу. Мұнда: «Бәсекелестік есебінен қызметтің қолже­ті­м­ділігі мен сапасын көтеру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайындағы бастапқы медициналық әлеуметтік көмекті қаржыландыру – бәсеке есебінен медициналық ұйым­дар­дың корпоративтік басқару қағидаттарына көшуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелен­діруді ынталандыру, мемлекеттік емес ұйымдар арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруді кеңейту» делінген. Кез келген дамыған мемлекеттерде медицина тарапынан «ме­ди­циналық сақтандыру» енгізілген. Ол дәрігерлердің көрсететін қызметінің сапа­сын арттырып қана қоймай, сонымен қатар оларды басқаруға арналған оңтайлы шешім деп есептелінеді. Себебі, бәсеке бар жерде – сапа бар. Медицина тегін көр­се­тілсе де немесе ақылы болса да ең бас­тысы – сапалы болуы керек.
82 қадам. Яғни, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жаны­нан медициналық қызмет сапасы бойын­ша бірлескен комиссияны құру. Басты мақсат медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу (емдеу хаттамалары, кадрлар әзірлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны және қолжетімділікті бақылау). Осы «100 нақты қадамда» медицина саласына ерекше мән бергені – қуанарлық жағдай. Соңғы жыл­дары медициналық қызмет пен дәрігер­дер­дің жоғары санатта қызмет көрсет­пеуі­нің кесірінен халық тарапынан көптеген шағым тіркелген. Алдағы уақытта бұрын­дары жіберілген олқылықтарды түзеу көзделген. Әсіресе, осы 81-82 қадамдар аясында халық медициналық тұрақтылық пен қолжетімді көмекке ие болады. Ауыл­дарда, қаладан шалғай жерлерде орналас­қан медициналық орындарды (емхана, перзертхана, т.б.) қатаң қадағалауда ұстаған абзал. Себебі, дәрігерлердің дер кезінде көмек көрсетпегендігінен дүние есігін ашпай жатып, шетінеген сәбилер мен баласынан айырылған фактілер көптеп тіркелуде. Сонымен қатар, нәрес­те­­лер мен балаларға салынатын екпе мә­се­лесі, тегін дәрілер берілуі де осы қадам ая­сында көрсетілген. Халқымыздың, ұлты­мыздың саулығы бірінші орындағы мәселе. «Ауру жайын-баққан біледі, аңның жайын атқан біледі» дегендей, ақ халатты абзал жандарымыз кәсіби, жоғары стандарттарға сай көмек көрсетсе, бұл – ұлттық жоспардың орындалғаны. «Денсау­лық – зор байлық» екендігін бәріміз біле­міз. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік. Жағымсыз факторлардың барлығын дерлік жанымызға жақын­датпайық. «Ұлт жоспары» – болашаққа жасалған үлкен қадам деп білген жөн!

Фариза БАЯНОВА.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір