Үшінші бастама жастарға күш береді
29.06.2018
1307
0

Елбасы ұсынған әлеуметтік бес бастаманың үшіншісінде «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» туралы айтылған. Білім гранттарын арттыру жоғары білім аламын деген жастарға зор мүмкіндік және болашаққа жұмасалатын тиімді инвестиция. Қазірдің өзінде қазақстандық жастардың үштен бірі мемлекеттік грант есебінен білім алуда.

Елімізде 530 мыңнан астам жас болса, олардың ішінде 30 процент­ке жуығы мемлекеттік грантпен бі­лім алады екен.
Жоғары білім алудың қол­же­тім­­ділігі мен сапасын арттыру үшін Елбасымыз бірнеше шара­лар­ды ұсынды.
Жыл сайын бөлінетін білім гран­ты тағы 30 пайызға артқалы отыр. Яғни, 2018-2019 оқу жы­лын­да, жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша тағы да 20 мың грант бөлу жоспарлап отыр. Бұл деге­німіз 74 мың жастың оқуға түсуі­не мемлекет қаржылай көмек көр­сетеді деген сөз. Кеше ғана ал­тын ұя мектептерімен қоштасып, ҰБТ тапсырған жас түлектер үшін бұл өте қуанышты жаңалық. Жас­тар сол мүмкіндікті тиімді пай­да­лануы керек. Оның 11 мыңы тех­никалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беру жүйесіне арнайы бағытталуы тиіс. Бұл төр­тінші өнеркәсіптік революция жағ­дайындағы жаңа экономикада инженерлер, ақпараттық техно­логия, робот техникасы, нанотех­но­логия саласының мамандары секілді мол сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, адам ресурс­тарына салынатын үлкен салым да назардан тыс қалмақ емес.
Әлемдік стандарттарға сай бі­лім алып жатқан суденттердің тұра­тын орны да бүгінгі сұранысқа сай болуы қадағаланған. Қалалық емес жастардың бір парасы қала ше­тінен баспана жалдап, өмір сү­руге мәжбүр екенін білесіздер. Он­дай жағдайда білім жайлы қа­лай айтуға болады. Сөйтіп, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен толық қам­тамасыз етуді дұрыс жолға қою жайы талап етілген. Бүгінгі таңда ЖОО-дар мен колледждердің сту­денттерін жатақханамен қамту мә­селесі өткір болып отыр. Ол үшін жоғары оқу орындары, кол­ледждер мен девелоперлік ком­паниялар мемлекет пен жеке­ше­ленген серіктестік пен біріккен қағи­дасымен жатақхана салу қолға алынады.
Елбасымыз, 2022 жылдың соңы­на дейін студенттерге арнап ке­мінде 75 мың орындық жаңа жа­тақхана салуды тапсырды.
Бұл алдағы жылдарда өсе түсе­тін сұранысты ескергеннің өзінде жатақхана тапшылығын біржола шешуі мүмкін екенін айғақтайды.
Елбасымыз «Болашақ жастар­дың қолында» — деп, осылайша ел басқарар жастардың білім алып дамуына бар жағдайды жасауды көздеп отыр.

Жанар ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
ХАТУ-дың 1 курс студенті.


2018 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 6735 түлек қатысты, оның 3999-ы қазақ тілінде, 2731-і орыс тілінде және 5-і ағылшын тілінде. Өткен жылмен салыстырғанда қатысушылар саны 802 адамға артты. Шығармашылық емтиханды 379 түлек таңдады.
Қала бойынша орташа балл 101,2 болды, бұл өткен жылғыдан 3,7 баллға жоғары. Бітірушілердің 55% -ы 100 және одан жоғары балл жинады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7% артық. 314 алматылық түлек 130-140 ұпай жинады.
Биылғы жылы Алматы мектептерінің оқушылары орта есеппен 101,2 ұпаймен бірінші орынды иеленді. «Алтын белгі» иегерлерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 100-ден астам бітірушілерге артты.
Ең жоғары 140 ұпайға № 123 мектеп-гимназиясының түлегі Шиара Құдайбергенова ие болды. Ал, 139 баллды № 162 мектеп-гимназиясының түлегі Дәулет Хамзин мен №104 орта мектеп түлегі Әйгерім Ибрагимова иемденді. 137 және 138 баллды 14 адам жинады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір