ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі
22.06.2018
1154
0

Астананың 20 жылдығына орай 16-29 маусым аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы ұйымдастырған ІІ Дүние­жүзілік «Астана» театр фестивалі өтті. Фестивальға шетелдік және отандық театрлар қатысты. Қойылымды қалың көпшілікпен қатар Қазақстан театрлары қауымдастығының президенті, «Қазақстанның Еңбек ері» Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешова, Еуропа мен Азияның белгілі театр сыншылары мен драматургтері Ионас Вайткус, Франциядан арнайы келген Давид Асатиани, театртанушы Аманкелді Мұқан тамашалады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір