«Қазақтың қасиеті мен киесі»
22.06.2018
1161
0

18 маусым күні Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде көрнекті ғалым, өнегелі ұстаз, ҚазҰАУ профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Қалдыбек Сәбденұлының «Қазақтың қасиеті мен киесі» атты кітабының тұсаукесері өтті. Шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын басшылыққа алған университеттегі арнайы іс-шаралар аясында ұйымдастырылды.

Тұсаукесер рәсімін ҚазҰАУ рек­торы, ҚР ҰҒА Вице-президенті, ака­де­мик Тілектес Исабайұлы құттықтау сөз­бен ашып «Бұл еңбекте автор өз өмірі мен қызметі, туған жерінің қа­сиеті мен киесі, еліне сіңірген ерен ең­бегі туралы жан-жақты баяндай­ды. Танымдық сипаты мол кітапта ұлағатты ұстаз білім мен ғылымды ұлық­тап, шежіре деректеріне тал­дау жасап, ұлылылардың өсиетін паш етіп, ұлттық тәлім-тәрбиенің маңы­зы жайлы толғанып, оқыр­ман­ға ой саларлық өнегесімен бөлі­се­ді…», – деп атап өтті.
ҚазҰАУ «Рухани жаңғыру» гу­ма­нитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі, ҰҒА академигі Хангелді Махмұтұлы кітапта көтерілген мә­се­лелер туралы баяндама жасады. Ша­раға Қазақстан халқы Ассам­б­лея­сының мүшесі, Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері, фило­ло­гия ғылымының докторы, профес­сор Асылы Осман, Қазақстан ғалым­дары одағының Президенті Сәбден Ора­залы, Алматы қаласы, Агроөнер­кә­сіптік кешені кәсіподағы қоғам­дық бірлестіктің төрағасы Тастан Тоқ­сеитов, ҚР Еңбек сіңірген қай­рат­кері Садықұлов Төлеужан Сады­құлұлы және ұстаз-ғалым Қалдыбек Сәбденұлының замандас-әріптес­тері, шәкірттері, белгілі мемлекет жә­не қоғам қайраткерлері, білікті ға­лымдар мен университет ұжымы қа­тысты.

А.ЖАҚЫПОВА.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір