Робототехникадан республикалық байқау
22.06.2018
1147
0

21 маусым күні Астана қаласында робототехникадан «KazRoboProject-2018» ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобалар байқауының финалы өтті. Өз аймақтарында үздік шыққан 26 жоба ақтық кезеңде жарысқа түсті. Қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша екі топқа бөлінген: 10-15 жас аралығындағы мектеп оқушылары өз арасында сайысқа түссе, жоғарғы топ жеңімпаздары 15-21 жас арасынан таңдалды.

Жарыстың басты талабы – қа­зақ­стандықтардың өмірін жеңіл­дету­ге арналған әлеуметтік жоба жа­сау. Байқау білім берудегі ро­бо­тотехниканың елімізде кеңі­нен та­ралуына, дамуына және өсіп ке­ле жатқан балалардың шығар­ма­шылық және техни­калық қа­білеттерін арттыруға бағыттал­ған.
Жарыс нәтижесі бойынша Пав­лодар қаласынан келген оқу­шы­лардың жылдам және автомат­тан­дырылған құймақ пісіруге ар­налған роботы кішілер лигасында үз­дік атанды. 5-сынып оқушылары Айпара Сыздықова мен Артем Ма­лых жүргізген зерттеу бойынша сы­ныптастарының 90%-ы таңғы ас ішіп үлгермейді екен. Дәл осы се­бептен, уақытты үнемдеп, ыс­тық құймақ дайындап беретін құ­рылғы жасау идеясы келген. Оқу­шылар жарыста ұсынылған ро­­­­­­бот­тың осыған дейін төрт нұс­қа­­­сын құрастырып шыққан.
Ал 15-21 жас арасындағы қа­тысу­шылар арасында Алматы қа­ла­сынан келген Любовь Дудченко мен Чалышкан Селимжанның көзі көрмейтін жандарға арналған «Oqyp ko’r» жобасы жеңімпаз атан­­ды. Құрылғы кез келген мә­тін­ді мобилді қосымша арқылы Брайль шрифтінде оқуға немесе аудио нұсқасын тыңдауға ар­нал­ған. Бұл – жас өнерпаздардың ал­­­­ғашқы жеңісі емес. Осыған дейін «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымдастырған «Nurintech» ин­но­вациялық жобалар байқауына қа­тысып, 1 млн. көлемінде қар­жы­лай ұтыс алған еді. Қа­тысу­шылар ол қаражатты құрылғыны тех­никалық жағынан жақсартуға және мобильді қосымша жасауға қол­данғандарын айтты.
Бұдан өзге 10-15 жастағы қа­тысушылар арасында жүлделі орынға мүмкіндігі шектеулі жан­дарды қала ішінде тасымалдауға арналған робот-арба, нейро-ин­терфейс арқылы басқарылатын қол протезі лайық деп табылды. Ақтаудан келген Алексей Куричев, Марк Сергеев, Валерий Панфилов қол протезін Роботрек конструкто­рының негізінде жасап шыққан. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қа­ла ішінде белгіленген орынға та­сымалдауға арналған жобаның ав­торлары алматылық Құнанбаев Бек­болат пен Тоқберген Нұрали: «Жо­ба көп жандардың күнделікті қиын­дықтарын шешуге сеп болар еді», – дейді.
Үлкендер арасында 2-орынды Ас­тана қаласынан Дикин Алек­сандр мен Куклин Илья ұсынған электр қуатын есептеп, қол­даныл­ған артық қуат көзі жайлы ескерту жа­сайтын құрылғы алды. Солтүс­тік Қазақстан облысынан келген Сабитов Олжас пен Хафизова Али­на аэропоник технология­сы­мен өсімдіктерді ауада немесе сулы ортада топырақсыз өсіруге ар­­­налған жобасымен 3-орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға робо­то­техикамен айналысуға арналған әр түрлі көлемдегі конструкторлар жиын­тығы табысталды.
Осы жылдың 29 мамыр – 9 мау­сым аралығында еліміздің 16 аймағында байқаудың іріктеу кезеңдері өтіп, 200-дей жұмыс ұсы­нылған. Жобаны бірнеше жыл қатарынан Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника «Казроботикс» федерациясы ұйымдастырып келеді. Байқауды өткізуге «Қазақстан Республи­ка­сы­ның Тұңғыш Президенті – Ел­басы қоры», «Жас Отан» Жастар қа­наты, «Казпочта» АҚ, «Зерде» ұлт­тық инфокоммуникация хол­дингі және «Астана EXPO-2017» ұлт­тық компаниясы қолдау біл­дірді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір