Қазақстанның киелі жерлер географиясы
22.06.2018
12622
19

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарнамалық құжатында жалпыұлттық қасиетті мекендер ұғымының маңыздылығын атап өткен болатын. Президент өз сөзінде: «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейліктің басты элементтерінің бірі», – дей келе, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» құжаты аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобаның қолға алынатындығы туралы айтқан еді.

Біздіңше, балалардан бастап жалынды жастарға дейін ұлттық дүниетанымға негізделген тәлім-тәрбие мен отансүйгіштікке баулыған жөн. Ал отансүйгіштік әуелі туған жерге деген құрметтен басталады. Қазақстан – «Менделеев кестесінің» бүкіл элементі бар ел. Ал қасиетті мекендер қаншама… Отанымыздың әр жері – киелі, тау-тасына дейін тарих. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарнамалық мақаласы аясында өлкеміздегі киелі орындарға мән беру, экологияны жақсарту, олардың картасын жасау көзделген. Осы орайда, Президент: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын», – деген болатын. Қазақстанда көптеген киелі мекен бар. Расымен де, сол мекендер картасын жасап шығару – ауқымды да кейінгі ұрпақ үшін аса керекті дүние. Себебі, бұл бастама Қазақстандағы киелі мекендердің нақты санын анықтап қана қоймай, сонымен қатар туризм саласын дамытуға да өз септігін тигізері анық. Әр ауданда кем дегенде төрт-бес қасиетті мекен бар. Олардың түпнегізі сонау есте жоқ, ерте заманнан бастау алып, бүгінгі күнге дейін жалғасқан. Кейбір деректерге сүйенсек, бір Алматы облысының өзінде 2343-ге тарта түрлі сипаттағы орындар бар екен. Оның ішінде ең танымалы – Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» ескерткіші. Ал Түркістан туралы сөз бөлек. Мәселен, қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелері, т.б. Сонымен қоса, мұндар өлкеде ішсең шипа болар емдік қасиеті көп сулар да бар. Түркістан – дін мен ғылым-білімнің ошағы. Ел арасында әр кесененің тек өзіне ғана тән қызықты уақиғасы мен аңыз-әпсанасы бар. Ана болуды армандаған талай жанның ниет-тілегі қабыл боп, сәулет өнерінің сан түрлі үлгісін тамашалауға мүмкіндік беретін Түркістан – көбінің ауруынан айығып, өмірге деген көзқарасын өзгертуге сеп болған шаһар. Ол қаладағы – әр тас, әр тау қасиетті.
Алматыда орналасқан Райымбек ата кесенесі де – киелі мекеннің бірі. Қаланың қақ ортасында, «тоғыз жолдың торабындағы» даңқты батыр бабамыздың кесенесі талай жылдар бойы тарихшылар мен ғалымдардың зерттеу нысанына айналған-ды. Бұрындары бір адамдар осы жерде бұзып, орнына басқа ғимарат салмақшы болған екен. Алайда, құрылыс жұмысы басталған сәтте техника істен шыға берген деседі, жұрт. Мұның өзі – бір тылсымның бар екендігін сездіретін нышан. Қазақсатан тарихында бұл кесене жайында ақпар өте көп. Шетелден келген саяхатшылар мен журналистер Қазақстандағы киелі мекендерге деген қызығушылығы бөлек. Елбасының бастамасымен жүзеге асып жүрген бағдарламасы аясындағы жобалар еліміздің әдебиет, мәдениет, тарих пен ғылымын шетелге паш етіп, экономикамызға айтарлықтай үлес қосары сөзсіз. Туризм саласы – осы бағдарламадағы ерекше пунктердің бірі. Алматы облысында «Жетісу өңірінің электронды картасы» жарық көріпті. Енді, осынау дүние бүкіл Қазақстанның өңір-өңір, облыс-облысын қамтыса деген тілек бар. Әрбір азамат рухани бай болу үшін өз халқының әдебиеті мен мәдениетін білуге міндетті. Сонда ғана дені – сау, рухы – биік ұрпақты тәрбиелейміз.

Фариза БАЯНОВА.

ПІКІРЛЕР19
Аноним 15.09.2019 | 12:17

Тарлмтлұү

Аноним 15.09.2019 | 12:17

Жақсығ

Аноним 15.09.2019 | 12:20

Лклалкдезенлкдкұ

Аноним 15.09.2019 | 12:21

Нелпрш

Аноним 17.09.2019 | 22:09

Я

Аноним 21.09.2019 | 21:04

Не жазғансың🙀🙀

Аноним 23.09.2019 | 10:09

Солғо😖😖

Аноним 23.09.2019 | 22:10

Түсініксіз😥😥😥

Аноним 24.09.2019 | 12:13

Тусиниксиз🙄🙄

Аноним 25.09.2019 | 18:09

Түсініксіз

Аноним 13.10.2019 | 21:48

Тусиниксиз😒

Аноним 14.10.2019 | 12:54

Түсініксіз!

Аноним 17.10.2019 | 20:10

Нашар

Аноним 20.01.2020 | 21:03

РАХМЕТ КЕРЕМЕТ ЖАҚСЫ

Аноним 23.01.2020 | 11:10

Рахмет керемет

Аноним 06.04.2021 | 20:24

түсініксіз😒

Аноним 17.05.2021 | 11:03

😌⚡

Аноним 22.09.2021 | 22:09

Түсінбедім нк деп жазылғанын. 😔

Аноним 24.09.2021 | 23:18

Ой олай еме с ко 😉 белеп алып жаз 😏🤮

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір