Америкалық драманы әлемдік аренаға алып шықты
01.06.2018
944
0

Юджин О’Нил шығармашы­лығы – жиырмасыншы жүзжыл­дық­тағы Америка әдебиеті тари­хы­ның ең жарқын беттерінің бірі. Әс­і­ресе, америкалық драманы да­мыту­дағы О’Нилдің ролі өте жоға­ры. Егер, проза мен поэзияның негізі Америка жағалауларындағы алғашқы қоныс­танушылар тұсында қаланып, XIX ғасыр ортасында ерекше гүлденген болса, америка­лық драма ұлттық өнердің түрі ретінде XX ғасырға шейін мүлде болған жоқ еді. Сон­дық­тан, осы елдің драмасы Ю.О’Нилге қарыз­дар.
Қаламгердің қалыптасуына әр­түр­лі бағыттағы суретшілер, ой­шыл­дар мен қоғам қайраткерлері ық­пал етті. Олардың қатарында: Ш.Бодлер, Дж.Конрад, Ф.Ницше мен О.Уайльд бар. Драматургтың ай­туынша, Ф.Достоевский және А.Стриндберг туындыларымен та­нысуы арқылы шығарма­шы­лықпен айналысуға құштарлығы ояныпты.
Кейін О’Нил осы жазушылар­дың көркемдік тәжірибесіне бір­не­ше рет оралған, атап айтқанда, Нобель сыйлығын иеленгендегі сөзінде швед классикасына үлкен ризашы­лы­ғын білдірген еді. Соны­мен қатар, 1910 жылдардың орта­сына таман О’Нилдің солақай радикалдармен, оның ішінде, театрға қызығу­шы­лығын оятқан Джон Ридпен таны­суы анархизмге бейім драматургтың ан­тибур­жуа­зиялық көңіл-күйін нығайтуына сеп болған. Алуан-алуан қақтығыс­тардың әлеуметтік астары мен сипатын көрсеткен О’Нил Америка драматургиясын тұлғаның санаттан шығарылуы қа­зіргі уақыттың іргелі мәселесі ек­енін аңғартар филосо­фиялық тұжы­рым­ға шейін көтерді.
1936 жылы О’Нил Нобель сый­лы­ғын иеленді. Ел-жұрт алдында шешенсуден қашқақтайтын ұяңдау драматург сол кезде ауырып, жүлде оған ауруханада тапсырылған еді. Осыған қатысты жазылған шағын сөзі кезінде өзін шабыттан­дыр­ған даңқты драматург Август Стринд­бергті де таң қалдырыпты. Биікке көтерілген О’Нил кенеттен ұзақ жыл бойына үнсіз қалады. Өміріндегі «Ұлы үнсіздікті» тек екі рет қана бұзыпты. Артында бай мұ­ра қалдырған Юджин О’Нил шы­ғар­машылығы – Америка театры, драмасы мен Әлемдік драматургия үшін де қайталанбас көркем қа­зына. Драматургиялық дәстүр да­мымағанымен де, ол – ұлттық дра­маға әртүрлі стильдік және
жа­нр­лық түр беріп, оны сол жыл­дар­дағы ғажап өсуді басынан өт­керген роман мен поэзияға теңес­тіріп, Америка драмасын Әлемдік аренаға алып шықты.

Майя КОРЕНЕВА,
ф.ғ.д., РҒА Бас ғылыми қызметкері (РАН).
(Қысқартылып алынды).
Аударған
Елдос ТОҚТАРБАЙ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір