Қабанбай рухы тағы да жаңғырды
15.06.2018
1065
0

 

Әйгiлi «Ақтабан шұбырынды» қасiретi жаңа туындымен тарих сахнасында тағы да бой көрсеттi.
ҚР Ұлттық кiтапханасында осы тақырыпқа отыз жыл тер төккен белгiлi ақын Зейнолла Тiлеужановтың «Тоғанай Т» баспасынан шыққан «Қаракерей Қабанбай» атты романының тұсаукесерi өттi.

 

 


Кiтаптың редакторы – Талғат Айтбайұлы. Шараны кiтапхана директорының ақпараттық ресурс­тар жөнiндегi орынбасары Мөлдiр Махаббатқызы ашып, ақын­ның 75 жасқа толуы аясында жаса­лып жатқан ұжымның iс-шарала­ры­мен таныстырып өттi. Оның ауқым­дысы – Н.Дәулетова атында­ғы зал­дағы ақын шығармашылығын насихаттауға арналған көрме едi.
Бас жағы «Қашқын» тарауымен басталып, автордың «Қаракерей Қа­бан­байдың соңғы соғысы» дас­та­нымен аяқталатын тарихи шы­ғар­маның тұсауын кесу Қазақстан Жазу­шылар одағы Басқармасы төрағасының орынбасары, «Дарын» Мемлекеттiк Жастар сыйлығының иегерi, ақын Бауыржан Жақып пен ҚР Мем­ле­кет­тiк сыйлығының иегерi, жазу­шы, драматург Сәбит Досановқа жүктелдi. Б.Жақып өз сөзiнде бұл көлемдi туындының Халықаралық «Алаш» әдеби сый­лығына лайық шығармалардың қатарына жатқы­зы­лып, комиссия талқысына ұсы­ныл­ғанын мә­лiм­десе, әрiптесiне шапан жапқан С.Досанов сол сыйлыққа демеу­шi­лiк жасауға да әзiр екендiгiн жасыр­мады. Сондай-ақ, олар шығарма­ның мазмұны мен көркемдiк қы­рына да тоқтала кеттi. Бұдан ке­йiн сөз алған шоқантанушы Назарбек Қана­пияұлы, филология ғылымының докторы, профес­сор Дандай Ысқа­қов шығарма­дағы та­рихи жер атауларына, оқиға дерек­терiне ар­найы мән бердi. Ал белгiлi публицист Жұмат Әнесұлы, этно­граф Данияр Әлбозым, ақын, Ха­лықаралық «Алаш» әдеби сый­лы­ғының иегерi Әдiлғазы Қайыр­беков, ақын Әбетхан Тоқтағанов, аудар­машы Нәбиболла Жүнiсбай, ай­тыскер ақын Серiк Қалиев, тағы басқалар автордың әдебиеттегi алар орны мен азаматтық қырын да әңгiмеге арқау еттi.
Ақын мерейтойына арналып, жуырда Қазақстан Жазушылар одағында өткен шығармашылық кеште өз марапаттарымен құрмет көрсеткен Халықаралық Жазушы­лар одағының төрағасы Қайрат Дүйсен және оның өкiлдерi Насиха Кен­жи­на (Ресей), Болат Бопай сынды бел­гiлi қаламгерлер құттықтау тiлек­терiн жеткiздi.
Ақтамбердi, Бұқар, Үмбетей, Сар­шуаш, Құрбанғали, Мәшһүр Жүсiп, Зейнолла Сәнiк, т.б. жырға қосып, жазушы Қабдеш Жұмадiлов романға арқау еткен Қабанбай бейнесi бұл кiтапта өлеңмен де, сөз­бен де сипатталды. Кештi Қазақстан Жас­тар одағы сыйлығының иегерi, ақ­ын Аманғазы Кәрiпжанәулетi жүр­гiздi.

Ақерке КӘРІПЖАН.
Алматы қаласы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір