Солженицынды сағынып жүргендер бар
15.06.2018
969
0

 

 

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ.

 


Иә, кімнің кімді, нені және неге, қалай сағынса да, ол туралы не айтам десе де – еркі. Бүгінгі кейбір үлкен-кіші гәзеттерімізді шолып отырсаң, «орыстың ұлы демократы», «орыс әдебиетінің классигі» Солженицынды да сағынып жүрген қазекемдер барын көресің. Бір мұғалім оның «қазақ жерінде он жыл болғанын мақтан етемін!» десе (он емес, екіжарым жыл болған), бір журналшы оның Жамбыл облысының Көктерек ауылында жүргенінде «көпшіліктің құрметтісі болғанын» тілі жеткенінше әспеттеді, бір жазушы-аудармашы қазақтың көкірек көзін ашу үшін оның кітаптарын «қазақ тілінде міндетті түрде шығару керектігін» жұлқына жазды, бір доцент…


«Бір… бір.. бір…» – білмейтінін «білем!» деуші бұлардың аты-жөндерін атауды обалсындым. Оқырманға менсіз де мәлім шы­ғар. Алайда, бұл жазғыштарға, осы­лар іспеттілерге өздерімен қа­ламдас болған көкелерінің кім екенін қысқаша ескерту қажет деп түйдім.
Біз оның ныспысын алғаш қашан естідік? «Ресейді қайтсек көгертеміз» деген мақала жазға­нын­да. «Орыстың ұлы тарих­шы­сы» Александр Исаевичтің (шын­дығында Исаакиевичтің) ондағы «ғажап жаңалығын» түпнұсқасы­нан келтірейін (көбіңіз білсеңіздер де):
«О Казахстане. Сегодняшняя огромная его территория нарезана была коммунистами без разума, как попадя: если где кочевые стада раз в год проходят – то и Казах­-
с­тан. Да ведь в те годы считалось: это совсем неважно, где границы проводить, – ещё немножко, вот-вот, и все нации сольются в одну. Проницательный Ильич-первый называл вопрос границ «даже десятистепенным»… Да, до 1936 го­да Казахстан ещё считался ав­тономной республикой в РСФСР, потом возвели его в союзную. А сос­тавлен-то он – из южной Си­бири, южного Приуралья да пус­тынных центральных просторов, с тех пор преображен­ных и восстроенных – русскими, зеками да ссыльными народами. И се­­-
го­д­ня во всем раздутом Казахстане казахов – заметно меньше половины. Их сплотка, их устой­чи­вая отечественная часть – это большая южная дуга областей, охватывающая с крайнего востока на запад почти до Каспия, дейс­твительно населенная преи­му­щес­т­венно казахами. И коли в этом охвате они захотят отдели­ться – то и с Богом».
Ғұлама бабамыз Махмұд Қаш­қаридың «Әлемнің домалақ картасы» атты еңбегі бар. Онда Көне Шығыстың шекарасы, қала, дала, жер-су аттары анық көрсетіл­ген. Сол дәуірде қазақ жерін ар­а­ла­ған шетелдік тарихшы-сая­хат­шылардың да карталарында жазу­лы. Ал тарихты тіміскілеген мынау ресейлік «бәрінбілгіш» оларды қырсыға қажет етпеген.
Ол: «…называл вопрос границ «даже десятистепенным» деп әж­уалай қағытқан В. Лениннің қазақ жерінің шекарасын қазақтар ұсын­ған қалпында бекітіп берге­ні­нен хабар-ошарсыз болыпты-ау?!
Көктерек ауданының С.Киров атындағы мектебінде, кейінде өзі жазғандай: «Алғашқы адамдарға ұқсастардың ұрпағына білім сәу­лесін шашып» жүргенінде қа­зақ­тың жомарттығымен алаңсыз жан сақтаған «Саша ағай» соны «тама­ғын ішіп, табағын теуіп кетумен ақтады».
…1942 жылы майданға ша­қы­рыл­ған радиобайланысшы Сол­же­ни­цын 1945 жылы 25-шілдеде тұт­қындалды. Не үшін? Меніңше: соғыс Кеңес Одағының жеңісімен аяқталуға жақын, ендеше сақтану керек, оқыста оққа ұшуың мүмкін деген «ойшыл» капитан мектепте кластасы болған Николай Вит­кевич­ке «Сталиннің соғыс мәселе­сін­дегі кейбір қателіктері» туралы хат жазған. Майданда­ғылардың хаттарын оқитын арнаулы құпия бөлім барын ол білмеді емес, білді, бірақ оқыс өлімнен сол хаты арқылы аман қалуды жобалады. Сөйтіп, өміріне ешқандай қауіп-қатер төнбейтін түрмеге қамалды, тергелді, сотталды. 8 жылға. Ал оның хатын алған «досы» Витке­вич, «сыбайласы болғандар» 10 жылдан арқалап кете барды. Ара­дағы айырма 2 жылды «көзі ашық майдангер» қай еңбегі үшін «үнем­дей алды»? Әу баста-ақ Ішкі істер халық комиссариатының (НКВД) «Ветров» ныспылы құпия қызмет­шісі (сексот) болғаны үшін. Сол қызметінің арқасында 8 жылды өтеуі де елден ерек. Күрек ұстап жер қазбаған, ара тартып ағаш кеспеген. Онымен Екібастұз лаге­рін­де бірге болған Семен Бадаш оған 2003 жылы жолдаған ашық хатында лагерьлесінің сол жылда­ры туралы кітаптарының өзегі – шірік, өтірік екенін; қара жұмысқа жоламағанын; қыста далаға шы­ғып көрмегенін, ал шықпасқа бол­­маған кезде лагерь аурухана­сына жата қалатынын; қатерлі ісік отасының қитұрқылық екенін; Іш­кі істер бөлімінің өкілімен әм­пей болып жүргенін; өзінен өзгені кембағал дейтінін; өзіне сол жыл­дары жақсылық жасағандарды кейін, «атақты жазушы» болған кезінде, танымай қойғанын, қысқасы: «досы Солженицын-Вет­ров­тың» ұятқа шоқырақ, сайқалдыққа сәйгүлік болғанын санап-санап айтыпты.
Бір жыл анда, екі жыл мұнда де­гендей, Көктерекке дейін 5 лаге­рьде мұғалім, есепші, бригадир, т.б. болған «Ветровтың» лагерьлер­дің бірі – Морфинода «көрген қорлық-зорлықты» өзінің күн­делі­­гінен оқылық:
«…Четыреста граммов белого хлеба (черный лежит на столах по потребности). Сорок граммов мас­ла для профессоров и двадцать для инженеров… Общежитие: полукруглая комната с высоким сводчатым потолком, в ней много воздуха, двухэтажные кровати. На прикроватной тумбочке – нас­то­льная лампа. До 12 часов читал. А в пять минут первого надевал
нау­ш­ники, гасил свет и слушал ноч­ной концерт… Письменный стол, рядом окно, открытое круглые сутки. Радиопроводка прямо у ра­бочего места. У стола розетки для включения удобной настольной лампы, собственной электричес­кой плитки, пользова­ться которой можно неограни­ченно. Перенос­ная лампа для освещения книж­ных полок… По радио в годы, проведённые в «ша­рашке», с удовольствием про­слушал 2-ю часть 2-го концерта Шопена, «Думку» Чайковского, «Вальпур­гиеву ночь», цикл Рахманиновских симфоний… Неплохая библиоте­ка. Кроме того, можно получить всё же­лае­мое по заказу из Ленинс­кой биб­лиотеки, можно получить любую книгу из обширных фондов советских научных и универси­те­тс­ких библиотек. Что касается худо­жественной литературы, то читал я «с жестким выбором», только очень больших мастеров: «Войну и мир», ещё Достоевский, А.К.Толстой, Тютчев, Фет, Май­ков, Полонский, Блок, Анатоль Франс… Третий том словаря Даля в его личном вла­дении… Со вре­менем обита­телям «шарашки» начи­нают по воскре­сеньям демон­ст­рировать кино­картины, первый фильм «Сказание о земле Сибир­с­кой» просмотрел 2 сеанса подряд».
Осылайша «қажып-қалжырап, сорлап жүрген» ол 1950 жылы Екі­бас­тұз маңындағы «Дала лаге­ріне» жіберіліп, бригадир болып жүріп, қатерлі ісікке (ракқа) «ұшырайды» да, лагерь ауруханасында ота жасалады. 1953 жылы Көктеректе сол пәлекетке тағы да «тап болып», Ташкентке барып, екінші рет ота жасатып, сауығып келеді. Қал-л-лай?! Ол жылдары адамды қатерлі ісіктен арашалап қалу дүние­жүзінің медицинасында болған жоқ. Әсіресе, екі отасының бірін­шісі дөй даладағы тұтқындар лагерінің ауруханасында жасалған!
Оның сотталу, 8 жылын өтеу жолдарында қулық-сұмдық – «қасиетінің» тағы да қандай түрле­рі болғанын кім білсін, ал сайқал­дық-сатқындығынан, мысалы, маған белгілісі:
1. Егер Солженицынға өмірін­де бір кісі жақсылық жасаған бол­са, ол – «Новый мир» журналының Бас редакторы, әйгілі ақын Алек­сандр Трифонович Твардовский. «Жазықсыз жапа шеккенін» айта келген бейтаныс біреудің қолжаз­басын оқып, содан соң оны Хрущев­­­тің шолып шығуын өті­ніп қана қоймай, авторын ертіп апарып таныстырып, үлкен әде­биетке жол ашып берді. Саяси қаңқасы бар әңгіме-хикаяларын журналына басты. Сол қамқор­лығы үшін, әлбетте, жаңа авторы оған: «Сізді жанындай жақсы көруші… Сізге шексіз риза Сол­жени­цы­ныңыз», – деп хат жолдап тұрды. Алайда, Лениндік сыйлық­тан қағылғаннан кейін, оның «Еменмен сүзіскен баспақ» хикая­сын талдап оқыған сыншы А.Фе­доров жазғандай, ол КСРО Жазу­шы­лар одағының, әдеби га­­зет-журнал мен баспалар бас­шы­­ла­рын іске алғысыз етіп екіле­не жамандаған. «Сол тобырдың ішінде дені дұрыстау біреу ғана болды, Твардовский деген, бірақ ол да өле ішетін маскүнем еді», – депті.
Хрущев баспасөзде Сталинге іш тартқан ештеңе жазылмауын та­лап еткен. Кейініректе А.Твар­довс­кийдің «Бір қиырдан – бір қиыр» дастанында Сталин туралы жылы лебіз болды да, сол үшін ав­тор қудаланып, орнынан алын­ды. Соны естігенде бұрын оған табынып жүрген жазғышы енді шабынып: «Қабілетсіз қызмет­шіл­дің орнынан түскені трагедия емес, бұрынғы рахатына сай өмір сүріп, зейнетақысын алып жүре береді», – деп шыға келді. Ал Твардовскийдің қайтыс болғанын естігенде, есесі кеткендей кіжініп: «Ол КГБ-ның мені тұншық­тыруы­на көмектескен!», – деп көйітіпті.
Сайқалдық-сатқындық па? Әрине!
2. Михаил Александрович Шо­ло­хов оның аталған әңгімесін оқып, елеп-ескеріп, Твардовский арқылы сәлем жолдаған екен. Сонда ол Вешенская станицасын­дағы сырттай тілекшісіне былай деп хат жазыпты:
«Аса құрметті Михаил Алек­сандрович! Маған мүлде тосын болған 17 желтоқсандағы сәттер және соның алдында ғана Никита Сергеевичке апарып таныстыр­ғандары мені қатты толқытып, Сізге – мәңгілік «Тынық Донның» авторына – өзімнің шынайы құр­меттеу сезімімді білдіруіме бөгет болды. Сіздің еңбегіңіздің жеміс­ті бола беруіне, ең бастысы: ден­саулы­ғыңыз мықты болуына мен жан-тәніммен тілектеспін! Сіздің А.Солженицыныңыз».
Арада бірнеше жыл өтті.
М.Шо­лохов бақилық болды. Париж­дің «Имка- Пресс» бас­па­сы­нан И.­Мед­веде­ва-То­ма­шевскаяның «Стремя «Тихого Дона» (Загадка романа)» деген кітабы шықты. Онда «Тынық Донды» Шолохов жазбағаны, басқадан ұрлап алғаны, романның шын авторы Федор Дмитриевич Крючков екені «дәлелденген». Ол кітаптың жарық көруіне жаныға кіріскен, аласұра алғысөз жазған… – Солженицын! Ол ол ма, өзінің «Қызыл доңғалақ» романында:
«…Поэма в прозе, и названьем, на­вер­ное, самым простым – «Тихий Дон», потому что черезо все рас­те­каются – Дон, да кор­мящие запахи любушки-земли. Да первая часть и готова, но Федя по робости не осме­ли­вается пред­ложить публике: ведь еще что из того вый­дет?..», – депті (А.Фле­гон. «Сол­женицын пророк?!).
Сайқалдық-сатқындық па? Әрине!
Өзіне ілтипат көрсеткен Ми­хаил Александровичтің әруағына жұдырық түйген Исаакиевич, сірә, «Шолоховты әдебиеттегі ұры етіп атын өшірсем, оның орнын мен бас­пағанда кім басады?!» деп есек­дәмелі болса керек. Ол арам­за­­ның және оның сыбайлас сұр­қылтайлар тобының сорына қарай, мұрағаттан романның шолоховтық толық қолжазбасы табылды!
Солженицынды сағынып жүр­ген­дердің көзірі – «Архипелаг ГУЛАГ». Роман. Ол жайында АҚШ-тың Кеңес Одағындағы елшісі болған Джейкоб Бим ес­телік­терінде былай депті (бұрынғы бір мақаламда ресейлік екі автордың дәлелдеріне жүгінген едім, енді Бимнің нұсқасын аударып ұсындым):
«Бірде сақалы сапсиған әлде­кім бізге жұқа қағазға мәшіңкемен басылған қобыраған жазбаларды алып келді. Онысының не екенін, кімге керегін түсіне алмай аңыр­дық. Сонсоң шолып отырсам, тұтқындар лагерьлерінде айтыла беретін алыпқашты өсек-аяңдар. Дерек болар бірде-бір цифр жоқ. Ойландым да, ол көди-сөдиді Ор­та­лық барлау басқармамызға тапсырдым. Ондағы мамандары­мыз оны іске жаратуға көп тер төкті. Сөйтіп, «Архипелаг ГУЛАГ» деп аталған шытырманды шы­ғар­ма пайда болды. Барлау бас­қар­ма­мыздың қаржысына шығарылды. Бас­қарма жұмсаған қаржысының өтеміне кітап алды да, қалған таралымы баспаны пайдаға
ке­не­лт­­ті. Барлау басқармамыз ол кітапты шетелдерге келіп-кетіп жүретін кеңестік туристерге, ар­тистерге, дипломаттарға тегін таратты».
Кеңес Одағына, социалистік елдерге қарсы идеологиялық бом­ба болған ол романды әдейілеп шексіз дәріптеу басталып, «авто­рына» Нобель сыйлығы алып бе­­ріл­­ді. Ал совет әдебиетінің аме­ри­кан­дық классигі «өзінің» қол­жазбасын оқы­маған болып шық­ты. Оған В.Бушиннің «Александр Сол­жени­цын. Бірінші түкірген кемең­гер» деген кітабы дәлел (автор «ұлы ойшылдың»: «Керек сәтінде бірінші боп тез түкіре біл. Түкірік­тен тазалана қою қиын» деген «нақылын» меңзеген). Ро­маннан алынған екі үзінді мынаны айтады: «3-4 мың кісіге арналған түрмеде 40 мың кісі, 20 кісілік камера­сында 323 кісі отырды!». «Автор» түгендеген түрмелердің санын, оларда қамаулы кісілердің санын орта есеппен шығарғанда, мы­салы, пойыздың төрткісілік купесінде 80 адам отырған болады екен! Егер Солженицын өзін қол­жау­лық ете мазақтаған қолжаз­баны оқыған болса, есуас та сенбес мынау цифрлардан шошуы мүмкін еді. Иә, егер түйсігі болса.
Сайқал-сұғанақ «ғұламаның» шығармаларын орыс және өзге ұлт әдебиеттерінің көрнекті өкілдері­нің бәрі дерлік оң бағалаған жоқ. Мәселен: Ю.Бондарев, С.Михал­ков, К.Симонов, Р.Ғамзатов,
М.­Ша­гинян, Ш.Айтматов, М.Ша­ломов және басқалар.
Ю.Бондаревтің пікірінен:
«…оның жазбаларында орыс халқын жалпылап даттау барын айтуым керек. Славяндыққа өшпенділігі неліктен? Онысына жауап ізде­генімде немістердің «Ост» жос­па­рындағы сұрқиялық сөйлемдер есіме түсті… Сондай-ақ, ол ХХ ға­сырдың аса көрнекті жазушысы Иван Бунинді шетелге кеткені және өмірден орыс қалпында өт­кені үшін, сыпайылап айтсам, – жауыға жазғырды».
Қарт қаламгер Р.Гуль: «Не скрою, что язык Солженицына зас­тавил меня скорбеть… неу­местный диалектизм, непрятный вульгаризм… мучительны и раз­дра­жительны читателю эти слово­выдумки и словозагадки с вы­кру­тасами» деген болса, әде­­­­­биет­ші-тарихшы Н.Ульянов: «Произведения Солженицына не написаны одним пером. Они носят на себе следы трудов мно­гих лиц разного писательского вкуса и склада, разных интеллек­туа­льных уровней и разных спе­циа­льностей», – деген. Лагерь жатақханасында саяси тұтқын емес, қадірлі мейманша жалғыз, еркін жатқан (өзі баяндағандай) айларында оның немен шұ­ғыл­данғанын Ульянов аңғарған ғой.
Исаакиевичтің «шы­ғар­ма­шы­лық талантын» көрнекті жазушы емес, көрнекті әскери адам – Мар­шал В.Чуйков та анық бай­қап, 1974 жылы оған былай деп жаз­ды:
«…бүкіл әлем халықтары аса зор шайқасқа көз тігіп: гитлер­шіл­дер жер жүзін шынында жаулап алып, билеп-төстер ме екен, әлде тос­қауылға тіреліп, тауы шағылар ма екен деп өрекпігенін, сіз және сізді жетектегендер, ұмытқаннан саусыздар ма?! Сіз, Солженицын, Дүниежүзі, прогресшіл адамзат қошеметтеген майдангерлеріміз туралы өсек-өтірікті қаулатып, зымияндана тіл тигіздіңіз».
Оның зымияндығының шексіз болғаны соншама, Франконың билігін қолдай Испанияға барға­нын­да: «Сталиндік социализм 110 миллион адамымызды құртты!» – деп, сол жылдары 168 миллион халқы бар Кеңес Одағының түті­нін өшіріп тастай жаздаған.
Ойына келгенді ойланбай ар­қы­рап айтып, жалаулатып жазып, көпке топырақ шашып, тойтаңдай бастаған тексіз Солженицынның 1976 жылы КСРО азаматтығынан аласталып, елден қуылғаны, Американың Вермонтында тұр­ға­ны, «классиктігі» сонда бастал­ғаны белгілі. Ал Кеңес өкіметі құла­тылып, СОКП ыдыра­тыл­ғаннан кейін Ресейдің Президенті Б.Ельцин АҚШ-та тұратын Сол­же­ни­цынды елге шақырып алып, ерекше құрмет көрсетті. Саяжай бе­ріп, орденмен марапаттады, бірақ ағасы орденді алмады. Се­бебі, «КСРО көсемдеріне» деп хат жазып: бүгінгі үкімет, шіркеу – бәрі де кешегі кеңестік жүйеге жол бергендері үшін халықтан кешірім сұрасын деп қисынсыз қиғылық салды, ельциндер ол далбасасына мән бермеген соң өзінше қыр көрсетіп, орденнен бас тартты. Билікке наразылар: «Міне, батыр! Міне, ұлы жазу­шы!» – деп шашбаулап, оның шы­ғар­маларын жер-көкке сиғыз­бай мақтап жөнелді. Жазушы­лардан әсіресе В.Распутин аян­бады. Оған «тарихи еңбегі» үшін сол кезеңде жарнамалана қалған «А.Сол­же­ни­цын сыйлығы» берілді (В.Распу­тин – қанқұйлы атаман Ермакты «Орыс халқының Қаһар­маны» деп роман жазған «клас­сик»). Мадақ­тау­шыларға мен де бір сәт сеніп, оның романдарын оқуды ойла­дым. «Онтөртіншінің тамызы» атты шығармасын қолға алып, бірақ оншақты бетінен кейін тастадым. Себебін көрнекті орыс жазушысы А.Зиновьевтің сөзімен айтайын: «Ресейде бірде-біреу бүгінде Солженицынның тілімен сөйле­мейді. Оның тілі – орыс тілінің дамуын тежеуге тыраштану, қай­дағыбір өлі сөздермен жабулап, феодалдық құрылыс кезіндегі тілге телу. Бүгінгілерге түсініктісі – боғауыз сөздері ғана. Оның дол­ба­рынша, «орыс тілі пушкиндік, тіп­ті Пушкинге дейінгі заманның тілі болуға тиіс». Өзінің тілі орыс тілінің бүгінгі сипаты мен қалы­бына сай емесін ол біледі, бірақ өзінше жазудың құнды сұлулығы сол сай еместігінде деп ойлайды».
«Ұлы жазушы, ақын, дра­ма­тург» Солженицынды әулиеге ба­лап, оған табынушы, оның дақ­пыртын малданушы жазушылар бар десем, меніңше, солардың ара­сынан оның романдарын то­лық оқығандардың саны екі қол­дың саусақ санынан аса қоймас. Тақырға табынған қазекемдердің де бірде-бірі оның романдарын оқыған жоқ, әлдебір есеппен әдейі мадақтаушыларға ілесіп жүр дей аламын.
«Орыстың данышпан жазу­шы­сының» сайқалдық-сатқындығы ту­ралы шындық нақты дерек тілімен айтылып, жазылып жатса да, оны әлі де шашбаулаушылар кейбір шетелде де, Ресейде де бар. Мысалы, Мәскеуде «Жайсаң жан­дар өмірі» («ЖЗЛ») топтамасымен шыққан «А.И.Солженицын» кітабының көлемі «Л.Толстой», «Ф.Достоевский», «А.Чехов»
үш­еуін қосқандағы көлемнен екі есе көп. Неліктен? Меніңше, оның өзі жазған, Н.Ульянов мең­зегендей, барымта кітап­тарын­дағы, өзі жазбаған «Архипелаг ГУЛАГ-тағы» пәлеқорлықты, жалақорлықты Ресейдің, тіпті кеше КСРО ше­гін­де болған бүгінгі тәуелсіз елдердің зиялы қауы­мын, оның ішінде саясатшыларын қырықпышақ етуге, санасы енді-енді қалыптаса бастаған жастарын дағдартуға пайдалану.
Бұл кітапты көзін жұмып алып мақтап, мектеп бағдарламасына ен­гізуді көксегендердің бірі – Э.Ра­дзинский деген «ғұлама» оны «Мәскеудің дарындылар мекте­бінде жатқа оқысам!», – деп өр­ше­ленген еді (оның сондай қабі­леті бары рас). Ақырында рад­зин­с­кий­лердің айтқандары Президент В.Путиннің құлағына жетіп, ол былтыр «орыс әдебиеті класси­гінің» шығармаларын мектептерде оқытуды құптады, сондай-ақ, «Солженицынның туғанына 100 жыл толуын 2018 жылы атап өтуге» шешім шығарды. Джейкоб Бимнің «Архипелаг ГУЛАГ-ын» ол да оқымаған екен. Оның құлағына ақын Валерия Вьюшкованың:
Нет, было подлецу отнюдь
не всё равно!
Ведь Гитлер для него –
герой буржуйской воли!
Антисоветский бред его
проходят в школе!
Грехов у
Солженицына-лжеца – полно!
Вермонтский прохиндей,
наглеющий всё боле.
Он к Рейгану взывал:
«Социализм доколе
Терпеть вы будете?!
Москву пора давно
Бомбить, как Хиросиму!
Бомбу жалко, что ли?!» –
деген, өз еліне қасірет тілеген опа­сыздықты ашынып айыптаған өлеңі де жетпеген сияқты. «Өз елі­не» деу себебім, әдебиет сын­шы­сы В.Хатюшин жазғандай, Сол­­женицын Вашингтонға сапа­рын­да: «Совет Одағына соққы бе­ре­тін уақыт келді!» деп әуейіле­ніпті.
…«Көрген көргенін істейді, кө­сеу түрткенін істейді», біздің әсіре­ жаңашыл Білім министрлі­гіміз ресейлік әріптестеріне елік­теп-солықтап, мектептердің 11-сы­ныптағы орыс әдебиеті пә­ні­нің бағдарламасын Ресейше «жетілдіріп» қойды, сірә, күні ке­ше: «Қазақта жер болған жоқ!» деп қақсаған «кемеңгерді» ұмытпай жүруге тиіспіз десе керек. Иә, ол көкелері Ресейден бұрын біздің Көктерек ауданымызды көгертіп кетті емес пе?!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір