Өз биігін тапқандай

0
31 қаралды

Белгілі әнші, сазгер Мұратбек Сарыбасовтың ән кеші таяуда Алматы облысы, Тұздыбастау ауылының мәдениет сарайында өтті.

Бұрынғыларға мұрагер, кейін­гіге бұйдагер, бабалар мұратына адал ұлан бірде дәстүрлі әннің қай­нарына сүңгіп, әсем әннің ләз­затына қандырса, бірде әйгілі ком­позиторлардың тамаша әнде­рін тарту етіп, жасампаздық айдынына жетеледі. Дарынды да таланытты сазгер, әнші Мұратбек­тің өз жаңа туындыларын тыңдармандар назарына ұсынған сегіз қырлы талантын тағы бір қырынан әйгілегендей болды.
Әсіресе сазгердің мектеп қабырғасында жүргенде шығарған алғашқы туындысы – анасына арнаған әнімен есейген шағында «жүрегімнің төріндегі» достарына арнаған туындысы, сондай-ақ көпшілік ықыласпен тыңдайтын «Қаражорға», «Шопыр әні», «Жасасын Қазақ Елі» атты әндері көренмен жүрегіне жол тапты.

Қажыбек Төтекин.

Пікір қосу