Қазақ сахнасында Кен Кизи
11.06.2018
965
0

Астана қаласының 20 жылдығына орай Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 7,8 күндері «7+1» драмасының премьерасын ұсынады.

Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. Қоюшы суретшісі – Ерлан Тұяқов. Хореограф – Салтанат Жолымбаева.
Қойылым американдық жазушы Кен Кизидің бестселлерге айналған «Көкек ұясының үстінен ұшып өт­кенде» («Над гнездом кукушки») атты романының же­лісі бойынша сахналанған. Жарық көрісімен бест­сел­лерге айналған туынды негізінде 1975 жылы әйгілі ки­норежиссер Милош Форман түсірген фильмнен кейін ерек­ше даңққа бөленіп, күллі әлемге таралған болатын.
Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академия­лық қа­зақ музыкалық драма театрының белгілі ре­жиссері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Ораз­беков Кен Ки­зидің осынау романы бойынша адам және қоғам тура­лы ойлы қойылым жасады. Әйгілі туынды елімізде қа­зақ театры сахнасында алғаш рет қазақ тілінде сах­наланып отыр. Аударған – Әлімбек Оразбеков.
Бас кейіпкер Макмерфидің күрескерлік дүние­т­а­ны­мы: «Рухың күшті адам болғың келсе, бар нәр­сенің күл­кілі жағын көруді үйрен». Ол емханада шерменде өмір кешкен жандарға «Мың күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейтін қағиданың шындығын ашып берді. Бұл жол­да Макмерфи құрбан болып кеткенімен, оның азаттыққа деген сүйіспеншілігі басқалардың сана-сезіміне ай­тар­лықтай өзгеріс әкелген еді. Кен Ки­зидің авторлық идея­сы бойынша, оқиға орын ала­тын жындыхана әлемнің бір шағын моделі, үлгісі сияқ­ты.
Елордалық өнерсүйер қауым спектакльден теат­ры­мыздың белді артистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұркен Өтеуілов, Мейрам Қайсанов, Боранбай Молдабаев, танымал театр және кино
акт­рисасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Нөгер­бек, театр және кино актері Ержан Нұрымбет, Самат Байыров, Аманжол Молдахмет және Жанат Оспанов, Шах-Мұрат Ордабаев сынды көрерменнің ыстық ықы­ласына бөленіп жүрген жас буын артистердің өнерін тамашалай алады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір