Қаламгерге құрмет
11.06.2018
1004
0

Қазақстан Республикасының мә­дениет қайраткері, Қызылорда облысы Арал, Қазалы аудандарының құрметті азаматы, журналист-жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың 70 жасқа толуына орай Ас­қар Тоқмағанбетов атындағы қала­лық мәдениет үйінде мерейлі кеш өтті. Кешке облыстық, қалалық ардагерлер кеңе­сінің төрағалары мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шау­ха­манов, Сайлаубай Әбішев, жазушылар одағының мүшелері, қызылордалық қа­ламгерлер Махмұтбай Әміреев, Ай­жарық Сәдібеков, Толыбай Абылаев өз­дерінің жылы лебіздерін білдіріп, фи­лология ғылымының докторы про­фес­сор Темірхан Тебегенов Қазақстан Жазу­шылар одағының Басқарма төра­ғасы Ұлықбек Есдәулеттің құтықтауын жет­кізді. Бегімбай Ұзақбаев «Марал баба», «Сартай батыр», «Қара бура», «Сопы әзиз пір», «Байқазақ», «Жалаң­төс баһадүр» атты роман-хикаяттардың авторы. Мерейлі жасқа келген қа­лам­герді Қызылорда облысының әкімі Қы­рымбек Елеуұлы қабылдап, құрмет гра­мотасын тапсырды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір