Оң қадам
25.05.2018
982
0

Бүгін мен Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылдың 20 мамырындағы Ұлт жоспары – бес инсти­туционал­дық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының «Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қа­былданғаннан кейін ІС БАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗ­МЕТ­КЕР­ЛЕРДІ КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУДАН өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу» турасындағы 15-шісіне тоқталуды жөн санадым.

Аттестациялау рәсімін өткізу мемлекеттік қыз­мет­керлерінің шын әлуетін анықтау мақсатында қажет. Мем­лекеттік қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек дема­лысын беру, іс-сапарға жіберу, тағылымдама, сон­дай-ақ біліктілікті арттыру мен қайта даярлау курстарына жі­беру, аттес­тациядан өткізу кестесін ескере оты­рып жү­зеге асырылады. «Б» корпусы мемлекеттік қызметкерле­рінің ішкі конкурстарға қатысулары, сонымен қатар, олардың аудару тәртіппен мем­лекеттік әкімшілік лауазымдарға та­ғайындаулары, тиісті аттестаттау ко­миссиясын шешімі қабылданған бол­са ғана рұқсат етіледі. Аталмыш та­лап уақытша бос лауазымдарға та­ғайын­далған тұлғаларға қолданыл­май­ды.
Аттестация тұсында оқу дема­лысында, жалақы сақталмайтын демалысында, ұзақ сапарда, я бол­маса науқастануына байланысты, ха­лықаралық және өзге де ұйым­дарға іс-сапарға жіберілген мемлекеттік қыз­мет­кер­лері, жұмысқа шыққаннан соң алты ай мерзімінде 2017 жылдың соңы­на шейін аттестациядан өтеді екен. Сұқ­баттасу тәртібінің адал да әділ­дігін қамтамасыз етіп, қабылдан­ған шешімдерге сенімін арттыру мақ­са­­тын­да аттестациялық комис­сия құрамына Агенттік өкілдерін, жо­ғарғы тұрған меморгандар, қо­ғам­дық бірлестіктер мен кеңестер, ака­демиялық орта өкілдерін, сондай-ақ мәслихат депутаттарын қосу ұсы­ныл­ды.
Комиссия мүшелері сұқбаттасу­ды, құзыреттілігін анық­тау дағды­ла­рына үйретуді Мемлекеттік басқару ака­демиясында және Облыс әкім аппараттарының жанындағы өңірлік оқыту орталықтарында өтпек. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сай мем­лекеттік аппаратты кәсіби­лен­діру кезеңдерінің бірі іс басындағы мем­лекеттік қызметшілерді кешенді ат­тестаттаудан өткізуді қарас­тырған. Ат­тестаттау мемлекеттік қызметкер­лер­дің құзы­рет­тілігі мен білім дең­гейін анықтауға мүмкіндік беретін кадрлар­мен жұмыстың ықпалды шарасы боп саналады. Бұған шейін айтылғандай, 2016 жылғы 30 жел­тоқ­сан айындағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың №404 Жар­лығымен ««Б» корпусының мем­лекет­тік әкімшілік қызметшілерін аттес­таттауды өткізу туралы» қағида­лары бекітілді. Биыл «Б» корпу­сын­дағы мемлекеттік қызметкерлер бір реттік және кешенді аттестациядан өткізіледі екен.
Мемлекеттік қызметкерлерді ат­тестациялаудың мақ­сатына келер болсақ, «Б» корпусы қызметшілерінің кә­сіби дайындық деңгейін және ат­қа­ратын лауазым­дарына сәйкестігін айқындау және аталмыш аттестация­ның қорытындысы бойынша ко­мис­сия мүшелері қыз­меткердің лауа­зы­мын жоғарылату туралы шешім қа­был­дауға құқылы. Мәселен, мем­лекеттік қызметкер аттестация ко­миссиясының оң қорытындысын ала­тын болса, аталмыш мемлекеттік қызметкер атқаратын мемлекеттік лауа­зымына сай келетінін және лауа­зымын жоғарылатуға ұсынылады. Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметте жұмыс атқаратын азаматтарымыздың атқарған жұмысын тиянақты орын­дауға ынталандырады. Міне, кәсіби мемлекеттік аппараттандыру деге­ні­міз – осы. Елбасы Н.Ә.Назар­баевтың озық отыз елдің қатарына кіру бойын­ша атқарылып жатқан саяса­тын, біз, мем­лекеттік қызметкерлер бірауыздан қолдаймыз.

Гүлназ КЕНЖЕБЕКОВА,
«Тұран» университетінің оқытушысы,
гуманитарлық ғылым магистрі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір