«ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен өтетін «Тосыннан түсірілген» республикалық фотобайқауының ЕРЕЖЕСІ
18.05.2018
1326
0

Байқаудың тақырыбы
Қазақ ақын-жазушылары;
Мәдениет пен өнер саласының белгілі қайраткерлері;
Фотоэтюдтер.

Байқаудың шарты
1. Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар қатыса алады, жа­сына шектеу қойылмайды.
2. jpg (jpeg) форматындағы түпнұсқа фотосуреттер қа­был­да­нады. Көлемі 300*1200-ден кем болмауы керек.
3. Байқауға ақ-қара түсті суреттер де қабылданады.
4. Фотоколлаж, арнайы эффектілермен өңделген фото­сурет­тер қабылданбайды.
5. Байқауға сапасыз, талапқа сай келмейтін фотосуреттер қа­тыстырылмайды.
6. Байқауға қатысушы тақырып бойынша 3-10 дана фо­тосурет жолдауы тиіс.
7. Фотосуреттер қатысушы жайлы ақпаратпен бірге (аты-жө­ні, тұрғылықты жері, жұмыс орны, байланыс телефоны, фотосуреттің тақырыптық атауы, қайда, қашан түсірілгені туралы, т.б) электронды поштаға жіберілуі тиіс.
8. Байқауға фотосуреттер жіберу арқылы қатысушы байқау ере­жесінде көрсетілген барлық талаптармен келісетіндігін рас­тайды. Яғни, байқауға қатысушы өзі жайлы ақпараттардың жә­не оның фотосуреттерінің жариялануына қарсы еместігін ма­құлдайды. Қазақстан Республикасының Авторлық құқық жә­не сабақтас құқықтар туралы Заңының талаптарын толықтай сақ­тайтынына кепілдік береді. Авторлық құқық мәселесіне бай­қауға қатысушы тарап жауапты.
8. Суреттер арнайы мамандардан жасақталған қазылар ал­қа­сымен іріктеліп алынады.

Байқауға қатысатын фотосуреттерді іріктеу шарттары
– Байқау ережесінде көрсетілген тақырыптың қамтылуы;
– Көркемдік шешімнің сонылығы, байқау тақырыптарын ерек­ше жеткізу;
– Фотосуреттің сапасы: бейненің анықтығы, дәлдігі;
– Фотосуретті түсірудегі кәсіби көркемдік талғам.

Байқау жүлдесі
1-орын: 300 мың теңге
2-орын: 200 мың теңге.
3-орын: 100 мың теңге.
(Бұған қоса, 1-2-3 орын иегерінің фотоларын «Сайлау Пернебаев-80» атты фотокөрмеге қосу).

Байқаудың мерзімі
Байқау ІІІ кезеңнен тұрады:
І-кезең. Фотосуреттерді қабылдау – 2018 жылғы 1- мамыр­дан 30-тамызға дейін.
ІІ-кезең. Фотосуреттерді іріктеу, бағалау – 2018 жылғы 20-қыркүйекке дейін.
ІІІ-кезең. Фотобайқау жеңімпаздарын марапаттау – 2018 жыл­ғы 10-қазанда («Сайлау Пернебаев-80» атты фотокөрме­де) өтеді.

Ұйымдастыру комитеті және байқаудың қазылар алқасы
1. Байқаудың ұйымдастыру жұмыстарын Байқаудың қазы­лар алқасының қызметін атқаратын Ұйымдастыру комитеті жү­­­зе­ге асырады. Ұйымдастыру комитетінің құрамын «ФОТОӨНЕР» ҚБ төрағасы бекітеді.
2. Ұйымдастыру комитеті ұсынылған фотосуреттерге талдау жа­сап, бағалап, ең үздік фотосуреттерді анықтайды және Фото­бай­қаудың жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырады.
3. Қазылар алқасы ақын-жазушылар мен белгілі кәсіби фо­тографтардан жасақталады.
4. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын фото­бай­қаудың тақырыбы бойынша бағалайды.
5. Қазылар алқасының әрбір мүшесі қарастырылған жұ­мыс­тар бойынша хаттама толтырады.
6. Ұйымдастыру комитеті қосымша номинацияларды, ар­найы жүлделерді, ынталандыру дипломдарын жариялай алады.

Байқауға қатысушылар материалдарын мына
мекен-жайға жіберуі тиіс:
Алматы қаласы,
Абылай хан даңғылы, 105-үй, 3-қабат.
Қазақстан Жазушылар одағының ғимараты,
«Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясы. e-mail: qazaqadebiety@gmail.com
тел: (8727) 2-72-88-17 және 2-72-81-09.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір