Түркі еліндегі тағылымды сапар
27.04.2018
1192
0
Қазақстан Жазушылар одағының басқарма Төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет Әзербайжанның Халық жазушысы Анар Рзаевтың 80 жасқа толуына орай өткен салтанатты кешке арнайы барды. Түрксой мен Еуразия Жазушылар бірлігінің ұйымдастыруымен Түрксой Бас хатшылығында өткен шарада Ұлықбек Оразбайұлы түркі әлемінің аса көрнекті жазушысы Анар Рзаевты қазақ қаламгерлерінің атынан құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Мерейтой салтанатынан кейін одақ басшысын Кастамону қаласының әкімі арнайы қабылдады.
Осы сапар барысында Түрік дүниесінің ЮНЕСКО-сы Түріксой ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қора­бай­ұлы Қасейінов мырза Ұлықбек Есдәулетті өз ұжымымен таныстырып, кішігірім кездесу өткізді. Кездесу бары­сын­да екі ұйым басшысы Түрік əәлемінің алыптары Мағ­жан Жұмабаев пен Шыңғыс Айтматовтың мерей­той­ларын бірлесе өткізу жөнінде екіжақты келісімге кел­ді.
Сол күндерде Түрік дүниесінің 2018 жылғы мәдени ас­танасы Кастамону шаһарында Түріксой мен түрік тіл­дес елдер Жазушылар одағы және əәдеби журналдар бас­шылары бас қосып, кеңес өткізді.
Бұл жиынға біздің елімізден Қазақстан Жазушылар ода­ғының басшысы Ұлықбек Есдәулет, «Адырна» және «Қасым» журналдарының Бас редакторлары Мейірхан Ақдәулет пен Серік Сағынтай қатысып, өз басылым­да­ры, қа­зақ әдеби баспасөзінің жай-күйі туралы сөз сөйледі.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір