САХНА САҢЛАҚТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
30.03.2018
1537
0
27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай Республикамыздағы театр ұжымдарынан іріктелген ең үздік кәсіби мамандарға шығармашылық жетістіктері мен еңбектері үшін «Сахнагер-2018» Ұлттық театр жүлдесі табыс етілді. Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған «Сахнагер-2018» Ұлттық театр жүлдесінің марапаттау рәсімі М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театрында өтті.
Салтанатты шараны «Елор­дадан Алатауға сәлем» атты гострольдік сапармен келген «Астана Musical» театры шағын қойылыммен ашты.
Қазақстан Театрлары Ас­со­циа­циясының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның Ха­лық әртісі Асанәлі Әшімов, Ассоциацияның вице-прези­денті, М.Әуезов атындағы Қа­зақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров «Сахнагер» Ұлттық жүлдесіне үміткерлерді тағы бір мәрте құттықтап, шараның берер пайдасы мен театрдың маңыз­дылы­ғын атап өтті.
М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы Зарина Карменова, Ғ.Мүсіре­пов атын­дағы Қазақ Мемле­кет­тік акаде­мия­лық балалар мен жасөс­пірімдер театрының актрисасы Динара Нұрболат сын­ды жас актерлер «Үміт» но­ми­нациясы бойынша мара­патталды.
«Сахналық ғұмыр» но­ми­на­циясы бойынша М.Әуезов атын­дағы Қазақ Мемлекеттік ака­демиялық драма театрынан белгілі актер Сәбит Оразбаев, «Театр өнерінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» Есмұхан Обаев, ҚР Еңбек сіңірген қай­рат­кері Еркін Қасенов және т.б., сахна саңлақтары марапат­қа ие болды.
Сонымен қатар, жүлде алғандар: «Үздік актер» – Роман Че­хо­надс­кий (М.Горький атын­дағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры), Дәурен Сер­ғазин (Астана Жастар теа­т­ры); «Үздік актриса» – Айнұр Бермұхамедова (Астана мюзикл теат­ры), Пяк Антонина (Мем­ле­кет­тік академиялық кәріс музыкалық комедия театры); «Үздік сыншы» – Әлия Бөпе­жанова (М.Әуезов атындағы Қа­зақ Мемлекеттік акаде­мия­лық драма театры); «Үздік екін­ші план актері» – Төлеубек Аралбай (М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академия­лық драма театры), Кенжебек Башаров (Н.Жантөрин атын­дағы музыкалық драма театры); «Үздік екінші план актрисасы» – Толқын Нұрбекова (Ғ.Мү­сі­репов атындағы Қазақ Мем­лекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры), Гүлбахар Насырова (Қ.Қожа­мьяров атындағы Мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры); «Үздік менед­жер» – Берік Жаменов (М.Өте­місұлы атындағы Атырау об­лыс­тық академиялық драма театры); «Үздік опера солисі» – Сүндет Байғожин (Астана опера және балет театры); «Үз­дік костюм суретшісі» – Гүлшат Омарова (Н.Сац атындағы Орыс Мем­лекеттік академия­лық ба­лалар мен жасөспірімдер теат­ры); «Үздік режиссер» – На­талья Дубс (Республикалық академиялық неміс драма театры), «Үздік сахна суретшісі» – Бақыт Сраилов (Оңтүстік Қазақстан облыстық Қ.Жан­дарбеков атындағы сазды драма театры); «Үздік қуыршақ әртісі» – Болат Момынжанов (Алматы Мемлекеттік Қуыршақ театры), «Үздік драматург» – Иран-Ғайып; «Үздік театртанушы» – Еркін Жуасбек (Ғ.Мүсірепов атын­дағы Қазақ Мемлекеттік ака­демиялық балалар мен жасөспірімдер театры).
Шараны М.Әуезов атында­ғы Қазақ Мемлекеттік ака­де­миялық драма театры актерлері «Біз актерміз» атты әнмен аяқтады.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір