Жаңа мақсат жолында жұмылайық
16.03.2018
1020
0
Любовь ШАШКОВА,
ҚЖО Орыс әдебиеті кеңесінің жетекшісі


Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда жазушылар ролінің маңызы зор екенін осыған дейін жүзеге асқан және алдағы жылдарда атқарылуы тиіс мемлекеттік маңызды жобалардан анық көре аламыз. Қазақстан Жазушылар одағы Нұрсұлтан Әбішұлының ел тәуелсіздігі мен әлеуметтік бірлікті нығайтуға бағытталған әр бастамасын ұдайы қолдап келеді. Осы бағытта Орыс әдебиеті кеңесі белсене араласқан жобаларды атап өтсем деймін.

2013 жылы Қазақстан Жазушылар одағы Еу­ра­зия­лық топпен бірлесіп «Страна мастеров» атты ұзақ мерзімді бағдарлы-әлеуметтік жобаға бас­тама­шы болды. Ондағы мақсат: қазақстандық пат­рио­тизмді нығайту, қоғамға қажет мамандықтардың бе­делін арттыру, сонымен қатар, мәдениет пен әде­биетті аймақтарға насихаттау. Осы мақсатпен төрт жыл бойы Ақұштап Бақтыгереева, Татьяна Фро­ловс­кая, Валерий Михайлов, Надежда Чернова, Ба­қытжан Қанапьянов, Ғалым Жайлыбай, Үміт Тә­жікенова, Орынбай Жанайдаров, Аслан Жақ­сылықов, Жарылқап Бейсенбайұлы, Юрий По­ми­нов, Александр Тараков, Қайрат Бақбергенов, Аман­тай Өтегенов, Ольга Григорьева, Құлтөлеу Мұ­қаш, Римма Артемьева, Алмат Исаділ, Жанарбек Әшім­жан сынды белгілі қаламгерлер Еуразиялық топ кәсіпорындары – Хромтау, Ақтөбе, Рудный, Ақ­су, Павлодар қалаларына барды.
Олар кеншілер мен металлургтерді, энер­ге­тик­терді өздерінің шығармаларымен таныстырып, за­манауи өндіріс пен олардың үздік өкілдерімен кез­десті. Аймақтағы әдеби байқаулардың қатысу­шы­ларына әдебиеттің проза, поэзия, публицистика жанрлары бойынша бағыт-бағдар берді. «Страна мас­теров» жобасының аясында «Ан-Арыс» бас­па­сынан төрт кітап жарық көрді, оның ішінде Ұлы Жеңіс­тің 70 жылдығына орай жарық көрген «Батырлар жолымен» – «Дорогой подвига и славы» кітабы да бар. Оған бай­қауға қатысушылар­дың аудармалары мен қа­лам­герлердің очерктері енді. Еуразиялық топтың 20 жылдығына орай жолдаған сәлемінде Елбасы Н.Назарбаев «Страна мастеров» жобасының маңызын ерекше атап өтті.
2015 жылы Қазақстан Жазушылар одағы Еу­ра­зия­лық топтың көмегімен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай әдеби байқау ұйымдастырды. Ол қо­ғамда едәуір дүмпу туғызды. Оған Қазақстанның әр облысынан ондаған жазушы, ақын, драматург қа­тысып қорытындысында осы жанрлар бойынша үш кітап жарық көрді.
2015 жылы Мәскеу қаласында Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Марат Тәжиннің бастамасымен Қазақстан мен Ресей қаламгерлерінің екі күндік кеңесі өтті. Оған екі елдің қабырғалы қаламгерлері қатысып, Қа­зақстан және Ресей әдеби байланысының ны­ғаюына ғана емес, Елшілік бастамашы болған «Қа­зақстан-Ресей» әдеби альманағының жарық көруіне себеп болды. Альманах қазір жылына бір рет шығады. Оның алғашқы шығарылымын екі ел бас­шылары – Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Пу­тин қолдап, Еуразия халықтарының ұлттық ко­ды: тілін, дәстүрін, рухани құндылықтарын сақ­тау жолында бұл басылымның маңызы ерекше екенін атап өтті. Альманах қазақ және орыс тілінде, Қа­зақ­стан Жазушылар одағы, Ресейлік «Литературная га­зета» және «Жібек жолы» баспасының қатысуы­мен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарық көреді. Бірінші альманах екі ел әдебиетінің клас­сикалық және заманауи үлгілерін таныстырса, екін­ші шығарылым әдебиеттің кейінгі буыны – қы­рық жастағы қаламгерлерге арналды. Үшінші но­мер Қазақстан мен Ресей халықтарының әдебиетіне ар­налды. Басылымның тақырыбы әрқилы, автор­лар құрамы да мол, әр шығарылымда 60 автор. Бұл әдеби процестің бір орында тұрмай, қарқынды дамып жатқанын айқын көрсетеді.
Бұған қоса Мәскеудегі «Художественная ли­те­ратура» баспасынан қазіргі заман әдебиетінің «Тәуел­сіз Қазақстан» антологиясы алты том болып жа­рық көрді. Оған проза, поэзия, драматургия, эссе, балалар әдебиеті саласында қалам тартып жүр­ген белгілі қазақ қаламгерлерінің шығармалары енді. Ол шығармаларды орыс тіліне аударуда Қай­рат Бақбергенов басшылық ететін аудармашылар ода­ғының еңбегі орасан зор.
Қазақстан Жазушылар одағы 2016 жылы ел тәуел­сіздігінің 25 жылдығына «Ан Арыс» баспа­сы­нан «Алтын Қыран» Халықаралық қайырымдылық қорының Президенті Исламбек Салжановтың қол­дауымен «Мәңгілік елім менің» – «Вечная страна моя» атты антология шығарды. Бұл кітап Қазақ­стан­дағы түрлі ұлт өкілдерінің шығармаларын топ­тасыруымен құнды. Онда қазақ авторларымен қа­тар, байтақ Қазақстанды мекен еткен орыс, ұй­ғыр, күрд, неміс, өзбек, татар, кәріс, беларусь, шешен, түрік, дүнген авторларының шығармалары бар. 50 ақынның өлеңі өз тілінде және орыс тілін­дегі аудармасымен берілген.
Халықаралық әдеби байланыс тек орыс-қазақ хал­қының арасында ғана емес, түрік, қырғыз, өз­бек, тәжік қаламгерлері арасында да қарқын ала тү­с­ті. Қазақстан Жазушылар одағы мен Беларусия Жазу­шылар одағы арасындағы әдеби байланыс жө­нінде келісімге қол қойылды. Бұл қарым-қа­тынастың нығаюына Беларусь Республикасындағы Қазақстан елшілігі көп көмек көрсетуде. Мұндағы ең маңызды іс – Абай Құнанбаевтың лирикалық өлең­дері топтастырылған «Степавый простор» кі­та­бының жарық көруі. Абай өлеңдерін аударған Бе­ларусь Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Микола Метлицкий. 2016 жылы осы еңбегі үшін М. Метлицкий Халықаралық «Алаш» сыйлығымен ма­рапатталды. Осы аудармадан түйген ойын Ми­кола ақын «Ақынды сүю – сол ақынның елін сүю. Абай бүгінгі қазақ халқы нық сеніммен сүйеніп тұр­ған, ертең де сүйене беретін руханият діңгегінің не­гізін қалап берді», – деп жеткізді.
Сонымен қатар Беларусияда қазақстандық жә­не беларустық жазушылардың шығармалары ен­ген «Не ведая границ» атты кітап басылып шық­ты. Қазір Беларусь Республикасы Ақпарат ми­нист­рі­нің орынбасары Алеся Карлюкевичтің бастама­сы­мен қазақ поэзиясының антологиясы жи­нақ­та­лып жатыр. Екі елдің «Простор» мен «Не­ман» атты әдеби журналдарының бір саны алмасып жарық көрді. Ал «Полымя» журналы классик қазақ қаламгерлері мен қазіргі заманғы қаламгерлердің шығармаларын беларусь тіліне аударып жариялап жүр.
Бұған қоса «Простор» мәскеулік «Юность» жур­налымен, санкт-петербургтік «Нева», воро­неждік «Подъем», мәскеу-севастопольдік «Арт-Бух­та», волгоградтық «Отчий край» журналдарымен ал­масқан номерлер шығарды. Қазір Липецк қа­ласынан шығатын «Московский парнас» басы­лы­мына материалдар дайындалып жатыр. Осы атқа­рыл­ған істер белгілі қазақ жазушыларын шетелге та­ныстыруда зор маңызға ие. Біздегі әдеби басы­лым­дар өзге ел қаламгерлерінің шығармаларын қа­зақ тіліне аударып жариялауды қолға алса ха­лық­аралық байланыс одан әрі нығая түсері хақ. Ол тек өзге елдің әдебиетін насихаттап қана қоймай, өз елі­міздің қаламгерлерінің өрісін кеңейтуге жол ашар еді.
Кейінгі жылдары қазақстандық баспалардан мем­лекеттік тапсырыспен орыс тіліндегі кітаптар көп шыға бастады. Олардың ішінде Мұрат Әуезов, Ба­қытжан Қанапьянов, Валерий Михайлов, Адо­льф Арцишевский, Владислав Владимиров, Татьяна Фроловскоя, Константин Кешин, Геннадий Доро­нин, Надежда Чернова, Юрий Поминов, Қайрат Бақ­бергенов, Үміт Тәжікенова, Николай Верево­ч­кин, Александр Тараков, Станислава Ли бар.
Өкінішке орай, Жазушылар одағына орыс тілді қа­ламгерлерді мүшелікке қабылдау сиреді, алайда қаламгерлер саны жыл сайын, әсіресе жастардың қатары артып келеді. Өз қатарынан оқ бойы озып келе жатқан осындай жастардың атын атап өтсем: Астана қаласынан Раушан Иманжүсіп, Көкештаудан Рена Жұманова, Тараздан Дмитрий Иванов, Пе­т­ропавлдан Александр Курленя, Талғардан Николай Зайцев, Павлодардан Илья Приходченко, Алма­ты­дан Елена Тикунова.
Екі Құрылтай арасында Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде де, Ұлттық кітап­ханада да көптеген шы­ғармашылық кеш өтті. Осы жақында ғана Ивана Ще­голихин, Морис Симашко, Герольд Бельгер сын­ды қаламгерлерді еске алу кеші өтті. Адольф Ар­ци­шевский, Вячеслав Карпенко, Бақыт Қайыр­беков сынды қаламгер­лердің шығар­машылық кештері өтіп, мерейлі жасқа келген қаламгерлердің шығар­ма­лары мен олар туралы мақалалар «Простор» жур­налына жа­рияланды.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында жаһандық жағдайда ұлттық кодты сақтауға жіті көңіл бөлінуі тиіс екені айтылды. Бұл маңызды мін­детті ықылым замандардан, тәуелсіздік алған жыл­дардан бері әдебиет атқарып келеді. Ол міндетті ат­қаруда әдебиет – халықтың рухын сақтау мен ұлт­тық бірегейлікті нығайту мен атадан балаға мұра бо­лып келе жатқан салт-дәстүрді негізге алады. Ел­басының шығармашылық өкілдерін ұдайы қол­дауы Жазушылар одағын оның ғимаратын сақтап қалуға, «Қазақ әдебиеті, «Жұлдыз» және «Простор» журналдарын қарашаңырақ Жазушылар одағының құрыл­тайшылығына қайтаруға мүмкіндік берге­ні­нен, енді міне қаламгерлерге қаламақы берілуін қам­тамасыз еткенінен анық көре аламыз. Маңызды ше­шімдер қабылданған 1990 жылдардың ортасында Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Жазушылар ода­ғын басқаруды ақын, публицист Нұрлан Мыр­қасымұлына сеніп таспсырған еді. Нұрлан Оразалин бұл маңызды міндетті ойдағыдай атқырып, өзге посткеңестік елдердегідей таратып алмай, шығар­ма­шылық одақты сақтап қалды. Сол себепті Қа­зақстан Жазушылар одағының жұмысын жақсы деп бағалауымыз керек.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір