Қазақ драматургиясы: табысымыз мол, үмітіміз үлкен
16.03.2018
4366
0
Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ,
Драматургия кеңесінің төрағасы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері

Құрметті әріптестер!
Біз бүгінгі әңгімемізде қазақ қа­лам­герлерінің соңғы құрылтай­дан бергі кезеңдегі драматургия са­ласында жеткен жетістіктері мен Драматургия кеңесінің жұ­мыс­тары туралы сөз қозғамақ­пыз.
Әдебиетіміздің ең басты, ең маңыз­ды жанрларының бірі – драматургия. Қазақ халқының ұлт ретінде өсіп-өркендеп, ана тілінің, салт-дәстүрі мен әдет-ғұр­пының аман сақталып, мә­де­ни-рухани саладан жан-жақты дамуына драматургиямыздың қосқан үлесі ұшан-теңіз. Өткен тарихымызға шолу жасасақ бұған анық көз жеткіземіз. Қазіргі ке­зең­де осы жағдай одан әрі жалға­сып отыр. Яғни, тәуелсіздік ал­ған­нан кейін елімізде қазақ теа­тр­лары жаңадан көптеп ашылды. Бұл театрлар Қазақстанның мәдени-рухани дамуына жан-жақты үлес қосуға тиіс. Ал мұның өзі ұлттық драматургиямызға тікелей байланысты. Қазақ драматургиясында көркемдік дәре­жесі жоғары, сапалы шығармалар неғұрлым көп болса, театрларымызда көрермен қауымның кө­ңі­лінен шығатын жақсы қойылымдар да мол болады. Осы тұрғыдан келгенде, өткен құрыл­тай­дан бергі уақытта қазақ дра­матург­тері айтарлықтай табыстар­ға жетті деуге толық негіз бар.
Бұл ретте қаламгерлеріміздің арасында ерекше көзге түскен — Дулат Исабеков. Атақты қалам­ге­ріміздің «Өкпек жолаушы» атты пьесасы Санкт-Петербургтың «Экс­перимент» театрында қойы­лып, кейін Лондон театрында сахналанды. Сондай-ақ, қалам­гер­дің басқа да шығармалары елі­міз бен шетел театрларында көрерменмен жүздесті.
Екі құрылтай арасында Алма­тыдағы М.Әуезов атындағы
театрда Төлен Әбдіковтің «Ұлы мен ұры», Жабал Ерғалиевтың «Қас қағым», Ғарифолла Есімнің «Таң­сұлу» шығармалары сәтті сахналанды.
Драматургиямыздағы соңғы жетістіктердің бірі – Әкім Тарази­дың «Үкілі жұлдыз» шығармасы. Бұл пьеса Астана қаласындағы
Қ.Қуанышбаев атындағы театрда сахналанып, республикалық фестивальде бас жүлде алды.
Драматургия саласындағы кө­ңіл қуантқан табыстарымыздың бірі – Сәбит Досановтың «Жанұ­ран» пьесасының қырғыз елінде сахналануы.
Сондай-ақ, Серік Асылбек­ұлы­ның «Күзгі романс» пьесасын Қырғызстанның Ош қаласындағы театр жарыққа шығарды. Ал жақында осы қаламгердің «Қазақ­ша ашылып сайрау» пьесасы «Рух» әдеби байқауының бас жүлдесін жеңіп алды.
Жүмагүл Солтиеваның «Әйел тағдыры» пьесасы республика­лық кәріс театарында қойылып, Оңтүстік Корея елінде көрсе­тілді.
Роза Мұқанованың «Сарра» пьесасы Астанадағы Қ.Қуаныш­баев театрында сахналанып, көре­мен құрметіне бөленді.
Ақын Серік Тұрғынбеков те соңғы жылдары драматургия саласында жемісті еңбек етіп жүр. Бұған қаламгердің «Кейкі батыр», «Нұрқан» атты драмалық шығар­ма­лары айқын дәлел.
Белгілі қаламгер Қуаныш Жиен­байдың Қ.Қуанышбаев атын­­дағы театрда «Таңғажайып пл­а­­нета» атты пьесасы сахналанды.
Баянғали Әлімжановтың «Ойран» «Қаптан шыққан қара қыз», «Супер Серкеш» пьесалары бірнеше театрларда сахналанды.
Қазіргі кезде драматургия саласында өндіре жазып жүрген қаламгерлеріміздің бірі – Жолтай Әлмашұлы. Драматургтің «Ай астындағы алтын шаһар» драмасы 2013 жылы Жетісай сазды-драма театрында сахналанып, Шымкентте өткен театр фестивалінде ерекше аталып өтті. «Мұңмен алыс­­қан адам» «Тірі жан» «Сәкен­нің соңғы сапары» атты шығарма­лары бірнеше театрларда сахналанып, көрермен ықыласына бө­­­лен­ді..
Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма
театры С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркек», Қ.Жүнісовтың «Сәкен сері» шығармаларын; Жастар театры Нұрлан Оразалинның «Аққұс туралы аңыз», Сая Қасымбектің «Наурыз ару», А.Әуесханұлының «Ақыл патшалығы» атты туындыларын жаңадан сахналап, көрер­мендерге ұсынды.
Шығыс Қазақстан облыстық теат­рында Ұлықбек Есдәулеттің «Қа­ра пима» атты туындысы жұрт­шылықпен жүздесті.
Думан Рамазанның «Абылай­дың арманы», «Керей-Жәнібек» шығармалары республикамыздың бірнеше театрында сахналанды.
Екі құрылтай арасында екі дра­матургымыздың шығармалары негізінде театр фестивалі өтті. Он­ың бірі Рахымжан Отарбаев, екіншісі – Иран-Ғайып. Және бұл қаламгерлердің жаңа пьесалары біраз театрларда сахналанды.
Осы кезеңде Медеу Сәрсеке, Исраил Сапарбай, Құлбек Ергө­бек, Ақылбек Шаяхмет, Дәулет Сейсенұлы, Ли­дия Егембердиева, Ғазиз Еш­танаев­тың да драмалық шығармалары жарық көрді.
ҚР Мәдениет және спорт ми­нис­трлігі соңғы жылдары «Тәуел­сіздік толғауы» атты конкурс өткі­зіп келеді. Бұл конкурста Тынымбай Нұрмағамбетов, Тұрлыбек Мәмесейіт бастаған біраз қалам­герлеріміз жеңімпаздар биігінен көрінді.
Қазақ хандығының 550 жыл­ды­ғына орай «Алаш тарихының ақи­қаты» атты жабық бәйге ұйым­дастырылды. Бұл бәйгеде Иран-Ғайыптың «Хан тұқымы», Рақым­жан Отарбаевтың «Нарком Жүр­­генов», Сұлтанәлі Балғабаев­тың «Мәңгілік махаббат әні», Ду­ман Рамазанның «Аңсар», Жолтай Әлмашұлының «Мырзабайдың жазасы», Нұрғали Ораздың «Дөп-дөңгелек дүние, Кенжебай Ах­меттің «Еңсегей бойлы ер Есім», Жәркен Бөдештің «Шерата мен Шынбала», Мағира Қожахме­то­ва­ның «Азат Алаш – Даңқты Ал­аш» пьесалары жүлдегер болды.
Соңғы уақытта драмтургияда жас толқын да жақсы көрінді. Мысалы, Мәдина Омарованың «Ақ­тастағы Ахико» пьесасы
М.Әуе­зов атындағы театрда сахналанып, Жапонияда көрсетілді. Сондай-ақ, осы театрда жас тол­қын өкілдері Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті», Айдана Аламанның «Жүрегімінің иесі» пьесалары көрер­менге ұсынылды. Әннәс Бағдаттың «Бақтан өткенде» пьесасы «Алтын тобылғы» бәйгесінде жеңімпаз болып, «Рух» пьесасы Алматыдағы неміс театрында сахналанды.
Драмалық шығармаларға ар­нал­ған түрлі байқауларда Мәлік Отарбаев, Әлібек Байбол, Әлішер Айтуар, Ардақ Нұрғазы, Мырзабек Нәсіпханұлы, Гүлжайнар Халдина, Еркінбек Серікбай, Ме­рей Қосын, Мәдина Төле, Ақмарал Әбдіхалық сынды жастар да бой көрсетті.
Екі құрылтай арасындағы қа­ламгерлеріміздің драматаургия саласындағы табыстары тек осы айтылған жетістіктермен ғана шектелмейді. Бұл туралы әдеби жыл қортындылары мен басқа да жиын-талқылауларда жан-жақты сөз болып келеді. Осыған орай, бұл жөнінде өз ойларын ортаға салып, шынайы жанашыр ұсы­ныс-тілектерін білдіріп жүрген теа­тр сыншылары Бақыт Нұрпейіс, Сәния Қабдиева, Аманкелді Мұқан, Меруерт Жақсы­лықо­ва­лар­ға ризашылығымызды білдіре­міз.
Бүгінгі заманда кез келген мә­се­ле, оның ішінде әдебиетімізге қатысты шаруалар да қол­да­ныс­тағы заңдар мен қаржылық мүм­кін­діктерге негізделген айқын жо­ба-бағдарлама жасап, нақты ұсыныс беру арқылы ғана ше­ші­леді. Ал сайрап айта беретін бос, қызыл сөзден ештеңе өнбейді. Екі құрылтай аралығында Драматургия кеңесі атынан бұл жөнінен біраз шаруа атқардық. Яғни ҚР Мәдениет және спорт министрлі­гі­нің Театр өнері жөніндегі көр­кем­дік кеңесі мен «Нұр Отан» пар­тия­сының «Мирас» қоғамдық кеңесінің мәжілістіріне мүше ре­тін­де тұрақты қатысып, дра­ма­тур­гияның қазіргі жағдайы мен бо­ла­шағы туралы пікір білдіріп, ұсы­ныс жасап келеміз. Бұл ұсы­ныстардың басым көпшілігі ескерілді деп айта аламыз. ҚР Мәдениет және спорт минис­тр­лі­гін­де репертуар жөніндегі бас­қар­ма­ның қайта құрылуы осының нақты бір дәлелі.
Сондай-ақ, республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсы­ның драматургия бойынша өт­кі­зілуіне де үнемі атсалысып жүрміз.
«Мәдениет туралы» Заңға өз­гер­­тулар мен толықтырулар енгізу қолға алынғанда, бұған әдеби шы­ғармаларды сатып алу мен тарату жөнінде арнайы бап қосу қа­жет­тігін дәлелдеп, 2016 жылдың ақпан айында Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, сол кездегі сенатор Нұрлан Оразалинге қағаз жүзінде ұсыныс берген едік. Бұл ұсыныс та жүзеге асып, жаңа шығарманың әр баспа табағына 150 мың теңге қаламақы төлеп сатып алу және мемлекеттік тапсырыспен шығатын кітап­тар­дың таралымын 5 мыңға көбейту мәселесі шешілді.
Соңғы уақытта әдебиетті,
он­ың ішінде драматургияны қол­жау­лық ету жиі байқалып жүр. Яғни кім көрінгеннің пьеса жазып, сахнаға қойдырып, оңай жол­мен пайда табуы «сәнге» ай­нал­ған. Осыған орай, өткен жылы біраз драматугтер бас қосып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне арнайы мәселе қойғанбыз. Соған байланысты Агенттікте ауқымды талқылау өтіп, театр мен драматургияға қа­тысты өзекті мәселелерді реттеп, бір жүйеге түсіру қолға алынды.
Өткен жылы осындай ұсы­ныс­ты «Қазақстан театрла­рының репертуарын жақсарту және ұлттық драматургияны қолдау» деген тақырыппен Үкіметке де жолда­ған­быз. Соған орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен бұл ұсыныстардың қолдау табатыны жөнінде жауап алған едік. Қазір бұл мәселе де шешілді деуге негіз бар. Яғни министрліктің Театр өнері жөніндегі көркемдік кеңе­сінің соңғы отырысында драма­лық шығармаларға сыйақы төлеу­дің жолдары талқыланып, бұл мәселе де бір жүйеге түсетін болып белгіленді.
Жақында ғана Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі «Әдебиет – қо­ғам­­дық сананы жаңғыртудың не­гізі» атты отырыс өткізді. Біз бұл отырысқа да қатысып, өз пікір­ле­рі­мізді ортаға салып, ұсыныс­та-ры­мызды бердік. Бұл ұсыныс­та-ры­мыз да болашақта жүзеге асады деп сенеміз.
Сөзімізді қорыта айтарымыз, ұлттық драматургиямыз бола­шақ­та жаңа деңгейге көтеріліп, театр сахналарында жақсы қойылымдар көбейе береді деген үмітіміз мол.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір