Мұхаңның қыран тазылары

0
226 қаралды
Заңғар суреткер Мұхтар Әуезовтің де әрбір пенде баласы секілді алуан түрлі ермегі болғанын аңғарамыз. Дегенмен, қазақтың сайын дала, салқын тау, самал белдері қойнауында туып-өскен жанның бәрінен бұрын жастайынан құс салып, ит жүгіртуге құштарлығы елеңдетпей қоймайды.
Әйгілі Әлкей Марғұлан бір ес­те­лігін: «Көңілі сүйген ісі – қасқыр алатын алпауыт аққасқа тазыларға құмар болу еді», – деп бастап, 1926 жы­лы осы досына Баянауылдан сон­дай иттердің екеуін жеткізіп бергенін, сол қыста бұлармен қас­қыр қаққан жас жазушы әлгі кө­ріністі «Көксерек» хикаятында ұт­қыр пайдаланғанын жазғаны бар.
– Шіркін, мұндай итті бұрын еш­қашан көрген емеспін. Кедей-кеп­шіктің малын қынадай қырып жүр­ген көкжалды алқымынан қы­сып илегенде рахаттанып қарап тұрдым, – дер еді Мұхаң»… (Мар­ғұлан Ә. Жадымда қалған жақсы күн­дер //. Жұлдыз. 1977. №9. – 142-149 б.б.).
«Көксеректегі» түз тағысы мен құ­барлан тазы арасындағы айқас суреттері көзіқарақты оқыр­ман­ның есінде шығар: «…Ағындап ке­ліп, аржаққа шығып алып көл­де­неңнен шапшып-секіріп келіп, Көксеректі құлақ шекеден ала түсті. Көк шолақ бұл жолы да жы­ғыл­мады. Аққасқаны көтере жо­ғары шапшыды. Алғашқы алған жер­ден Аққасқаның аузы босап кетті. Екеуі бетпе-бет келіп шапшып тұрып, қаршылдасып ұстас­ты. Енді бірінен-бірінің босап кетуіне жол жоқ. Бұл күй неғылса да біреуінің астына түсуімен біту ке­рек. Және етіне тіс тиіп, ашынып алған Аққасқа қазір де до­лы­лық­тан өртенгендей еді. Қас­қыр­мен көп кездесіп, қыр­қылжың тар­та бастағаннан бері қарай Ақ­қас­қа бойына тіс тигенше, онша өлер­менденбеуші еді. Дәл қазіргі күй жалғыз тал қылына шейін қоз­дырып, күйдіріп-жан­дыр­ған­дай. Көксерек те бағанадан қа­лыс­паған итке енді шын ойынды бас­таған. Алдыңғы аяқтарымен ұста­сып тіресіп тұрып, сол сәтті ан­дығанда екеуі де тез іс бітпей­ті­нін ұққандай болды. Қозданған қан толқынып кеп, тағы бір дем бас­қа шыққанда, Аққасқа қарсы ал­дында арандай ашылып тұрған ауыз­ға сақ еткізіп тістерін салып жі­берді. Бұл қасқырдың төменгі тіс­тері мен тілін қоса шайнағанда, қас­қырдың жоғарғы азулары Ақ­қас­қаның тұмсығының екі жағы­нан жоғарғы ұрттарына келіп, кірш-кірш кірді. Ашулы тістер сы­тыр-сытыр, қарш-қарш шай­наса­ды, әлі шапшысып тұр».
Өзі көзбен көруі былай тұрсын, ала­сұрып, осынау қан майданның қақ ортасында жүретіндіктен, мұн­­шалықты ширақ қимыл, тірі су­рет Әуезов шығармашылығына ежел­ден тән. Мұхаң өстіп қазаққа ға­на лайық колорит, айшықты бояу-нақыш, айрықша роман­ти­калық детальдер арқылы жау­жү­рек, дана халықтың тыныс-тірші­лі­гінен телегей-теңіз сыр ақта­ра­ды.
Ал атақты жазушының атқұ­мар­лығы, аңшылығы, мергендігі ту­ралы Сапарғали Бегалин, Қа­ли­бек Қуанышбаев, Елубай Өмір­за­қов, Ғабит Мүсірепов әңгімелері ар­қылы біршама қанықпыз.
Мұхаңның домбыра тартқаны, бұл аспаптың шешенін іздеп табуы сияқ­ты әңгімені де індетсе, бірқа­тар қызықты жәйтке кезігер едік. Жазушының домбыра ұстап түс­кен түрлі фотосуреттері талай сыр­ды айғақтайды.
Ал қаламгердің әншілігі жайын­дағы бір қызықты деректі ком­позитор Латиф Хамидидің ес­те­лігінен кездестіреміз: «Москва­лық қонақтарымен (ұмытпасам, ға­лымдар болуы керек) бір кел­ге­нін­де Мұхаң: «Кәне, Латиф, пиа­ни­ноңды тартып, менің даусыма қо­сыла ғой», – деп, қоңыр даусымен бір ән шырқады. Бұл – Абай­дың немересі Ақылбай айтқан ән екен. Мұхаңмен көп жыл таныс, та­бақтас, творчестволық серіктес бола жүріп, ән салғанын тұңғыш рет естіп, бірінші рет көзіммен көр­генім еді. Қонақтар Мұхаңның ән салғанына риза болып, қол ша­палақтап қошеметтеп, Ақыл­бай­дың әнін екінші рет орындатты. Бір­неше жылдан кейін мен ол әнді но­таға түсіріп, Ермек Серкебаевқа бер­дім. Ол оны біраз уақыт концерттерде орындап жүріп, кейін грампластинкаға жаздырыпты. Бір күні Мұхаң біздің үйімізде қо­нақ болғанында, сол пластинканы өзімнің және Ермектің атынан сый­лап ұсынған болатынмын. Мұ­хаң пластинканы қолына алып, балаша қуанды. Риза­шы­лы­ғын білдірді. Мұхаңның мені­мен әр­дайым қалжың қағысатын мі­незі бар-тұғын. Бұл жолы да: «Латиф! Бұл қалай! Пластинкада се­нің және Ермектің аттары жазулы. Ме­нің есімім неге жазылмаған? Бұл әнді бірінші рет саған айтып жаз­дырған мен емес пе едім», – де­генінде, бұл сөздің қалжың екенін бі­ле тұрсам да, қатты қысылып қал­дым. Шынында да, Ақылбай­дың әні Мұхаң айтқанға дейін ел-жұртқа беймәлімдеу еді. Ұлы Мұ­хаңның тұңғыш ән салған сол бір қоңыр әуені – ең соңғы қай­та­лан­бас үндей құлағымда мәңгі қа­лып қойыпты». (М.Әуезов туралы естеліктер. – Алматы: «Жалын». 1997. 191 б.)
Болашақ жазушының 1913 жы­лы бозбала шағында Семейде тұң­ғыш құрылған «Ярыш» («Жарыс») футбол командасында жар­ты­лай қорғаушысы болып ойна­ға­ны көптен айтылып жүр.
Жазушы осы спорттың бел­сен­ді жанкүйері де екен. Бұл жө­нін­де бізге ақын Тұманбай Мол­да­ғалиев: «1951 жылы Алматының «Ди­намосы» мен Ленинградтың «Динамосы» ойнағаны есімде. Оның ұмытылмайтын бір себебі – ойынға қызын ертіп жазушы-ұс­таз Мұхтар Әуезов келген еді» – деп әңгімелеп беріп еді. («Қазақ Әде­биеті». 24.08.2001 жыл).
Мұхтар аға допқұмарлық әде­тін өле-өлгенше тастамағанын аң­даймыз. Мәселен, мемлекет қай­раткері Ілияс Омаровтың есте­лі­гіне зер салайық: «Мұхаң дүние са­лардан бір жеті бұрын көңілін сұрауға Москва түбіндегі емханаға бар­дым. Мұхаң бір топ кісілермен бір­ге телевизордан біздің футбол­шы­ларымыздың түрік футболшыларымен ойынын көріп отыр екен. Ойын біткен соң екеуміз далаға шық­тық. Мұхаң ренжіген рең­мен:
– Ойын нашар өтті, қызғы­лық­ты болмады, – деді.
– Дегенмен, біз жеңдік қой, – де­дім.
– Бәлі, сондай жеңіс бола ма екен! «Бір де ноль» деген немене? Ойын­да қызғылықты сурет болған жоқ, тапқырлық кездеспеді, бор­са­лаңдап жүгіре бергенді мен жа­рат­паймын, – деді.
Мұхаңның бұрын футбол ой­на­ғанын білмейтінмін, сондық­тан ол жолы керемет жанкүйерлі­гі­н­е таңқалдым. Ауыр сырқатын ес­тіп келгендіктен, ұлы ағамыздың дидарына зейіндірек қарағым келді. Оның қоңырқай жүзінен, қа­­зақтың даласындай кең маң­дайы­нан, сөйлеп кетуге әзір тұр­ған­дай ұмсына біткен иегінен, сер­гек қабағынан, байсалды, ор­нық­ты жүріс-тұрысынан, сом де­не­сінен туған халқына тән асыл қа­сиеттерді түгел көргендей болдым».
Егер Мұхаң әуескерлігіне қа­тыс­ты мұндай сөзді қаузай берсек, гәп бірталайға созылуы мүмкін.***
Түрлі жазбалар бойынша, Мұх­тар Әуезов үйінде «Дос» деген ит ұстағанынан хабардармыз. Әйт­кенмен, сол иттің нақты аты «Шын­­дос», сондай-ақ: «Басы арыс­танның ба­сындай, қара ауыз, шолақ құй­рық, тайыншадай сары ит» дегендей жалпылама сипаттау болмаса, оның немістің боксер тұқымынан еке­ні дәл жазыла бермейтін секіл­ді.
Өкініштісі, Мұхаң қайтыс бол­­ғаннан кейін Шындостың да тағ­дыры шырғалаңға түсіп кеткен­дей…
Әңгіменің «әппісімілләсін» «Кө­ксерек» хикаятына арқау бол­ған алғыр тазыларға арнап едік. Базбір ағайын «сол шығарманы автор Джек Лондон туындыларына еліктеп жазған» дегенді айтып қа­лып жүр. Ал шындығында, Қа­зақ қоғамының тірлігі әуелден ит пен құстың тартысындай, сыртқы дұшпанмен ғана жағаласып қой­май, осы күнге дейін өзара да қар­пысқан-шарпысқан, барымта-қа­рымта, ұдайы арпалыспен жал­­ғасып келеді емес пе. Әмбе ға­сыр­­лар бойы қанға сіңген саят­шы­л­ық, аңшылық, қақпаншылық өмір салты кейінде тіптен жандана түскендей. Бұл жерде бөлек құ­рлықтағы шетелдіктерге елік­теп-солықтайтындай не бар? Қай­та, Мұхаң осы бір шағын дүниеде сонау дария-ғұмыр қазақ философиясынан там-тұмдап қана ой үзіп, әлі де қаншама зерттеуге жүк бо­ларлықтай шешуі күрделі, ау­қым­ды тақырыпты қозғап беріп­ті.
Күйеуінің атақты Сарықасқа мен Аққасқа тазыларының әңгі­ме­сін зайыбы Валентина Николаевна да жақсы білгені байқалады. О кісі де өз естелігінде: «Бұл тазылар Мұхтар Омарханұлының аяқ жағында жатады екен, кейде көр­пе­сінің ішіне кіріп кететін кө­рі­неді», – деп жазыпты.
Осындай қарапайымды­лық­тан-ақ қаламгердің мінез-құлқы аңғарылады. Туған халқымен, ел­дің салт-дәстүрімен мейлінше бі­те-қайнасып, үнемі сол «бұ­лақ­тан» сусындайтыны, қанатта­на­тыны, шабыттанатыны андағай­лай­ды.
Одан соң белгілі бір әуестіктің жа­сампаз жазушы шығармашылы­ғын­да орасан орын алатындығына көз жеткізе түсеміз. Оның түрлі қақтығысты ситуациялар арқылы тыл­сым тұңғиыққа бойлап, ізденіс ау­қымын соншалықты кеңейтіп, ал­ған тақырыбын құныға зерттеп, те­реңнен маржан тергендей, ақы­ры табысқа жетпей қоймайтынын байқаймыз.
Мұндай «лаборатория» хас ше­берлерге ғана бұйыратын бақыт шы­ғар.

Құлтөлеу МҰҚАШ.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.