ҚЫТАЙША-ҚАЗАҚША ҮЛКЕН СӨЗДІК
09.02.2018
3202
1

Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін жариялап, әлемдік қауымдастықтың ұлы мұхитына өз кемесін шығарған күннен бастап, шығысындағы алып көршісі – Қытай Халық Республикасымен болған достық, тату көршілік қарым-қатынасқа ерекше екпін беріп, бейбіт-қатар өмір сүрудің, өзара тиімді де сенімді әріптестік пен тату көршіліктің аймақтағы үлгісін көрсетіп, қол ұстасып қатар дамып келеді. Қазақстан мен ҚХР елдері арасындағы осындай сан-салалы қарым-қатынастың қарқын алуы, өз кезегінде еліміздің еңбек нарығында қытай тілінбілетін мамандарға деген сұранысты күшейте түскені де белгілі. Өкінішке қарай, ширек ғасырдан астам уақыттан бері екі ел арасындағы түрлі деңгейдегі сөйлесу, пікір алысулардың бәрі де негізінен орыс-қытай тілдері, ішінара жағдайда ғана, қажеттілікке қарай қазақ-қытай тілдері арқылы жүзеге асып жатқаны жасырын емес.

Алайда күні бүгінге дейін елі­міз­де қытайша-қазақша көлемді, әм­б­ебап аударма сөздіктің болмауы қытай тілін үйренушілер үшін ғана емес, қазақ-қытай, не­ме­се қытай-қазақ тілдерінен ау­дар­­ма жасаушыларға да елеулі қол­­байлау болып келді. Өйткені ау­дарма сөздіктер бір тілдегі сөз­дерге екінші бір тілдің балама сөз­дерін беріп, халықтар арасында өзара тіл үйренуге, пікір алмасу үрдісіне, өзара қарым-қатынас жасауға қолғабыс етеді.
Бізге белгілі болғанындай, Ас­­панасты елінде қытайша-орыс­ша, орысша-қытайша, қытайша-қа­зақша, қазақша-қытайша әм­бе­бап аударма сөздіктерді былай қойғанда, салалық сөздіктердің өзін санап тауысу мүмкін емес. Ал біз­дің елдегі қытай тілін үйрену­ші­лер, қазақ тілді қытайтану­шы­лар мен қытай тілінен қазақ тіліне аударма жасаушылар күні бүгінге дейін қытайша-орысша немесе қытайша-ағылшынша аударма сөздіктердің көмегіне жүгініп ке­ле жатқаны ащы да болса ақиқат. Бұл жағдай, өз кезегінде қазақ ті­л­і­нің мемлекеттік тіл ретінде, Қа­зақ-Қытай елдері қарым-қаты­на­сында өз деңгейінде өрістеуіне де көлеңкесін түсіріп келді. Сөз бо­лып отырған мәселенің зіл­мауыр салмағы, әсіресе, ширек ға­сырдан бері еліміздің жетекші жо­ғары оқу орындарында қытай ті­лінен, қытай-қазақ тілдері бо­йын­ша аударма теориясы мен тә­жрибесінен, қытай әдебиеті тарихынан, қытай мәдениетінен сабақ өтіп, дәріс оқып, қытайтану­шы және қытай тілі мамандарын дайындап келе жатқан маман-ұстаз­дардың мойнына көбірек түскені белгілі. Осынау қиындық­ты сәл де болса жеңілдету мақса­тын­­да, атап айтқанда әрісі елі­міз­дің ғылым-білім саласындағы, берісі қазақ-қытай тілдері бойынша аударма саласындағы ақтаң­дақ­ты толтыру мақсатында, ерлі-зайыпты ғалым­дар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қытай филологиясы кафедрасының меңгерушісі, фи­лология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсім­хан­ұлы мен аталған кафедраның доценті Айнұр Әбиденқызы он жыл­дан астам уақыттарын сарп етіп, Қазақстан тарихында тұң­ғыш рет «Қытайша-қазақша үлкен сөздік» деп аталатын көлемді сөз­дік құрастырып шықты.
Аталған «сөздік» жақында ға­на Алматы қаласындағы «Экск­лю­зив-КА» баспасынан жарық көр­ді. Таралымы әдеттегідей 2000 да­на, көлемі 120 баспа табақ (1050 бет). Қазіргі қытай тілінің қолда­ны­сындағы 70 мыңға таяу сөз бен сөз тіркесі қамтылған.
Атап айта кететін жағдай, «сөз­дік» көрнекті мемлекет қай­рат­кері, әлемдік деңгейдегі дипло­мат, әйгілі қытайтанушы-ғалым Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен жарық көрді.
Осыған байланысты Қасым-Жо­март Кемелұлы авторларды ар­найы қабылдап, шынайы құт­тықтады. «Сөздікті» қолына ұстап тұрып: «Бұндай қостілді көлемді сөз­дік құрастыру жұмысымен әдет­те, тұтас бір институт ондаған жыл­дар айналысады. Сіздердікі на­ғыз ерлік болды!», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
«Сөздік» ЖОО мен мектептерде қытай тілі бойынша білім беру­ші­лер мен білім алушыларға, қазақ-қы­тай тілдері бойынша тәр­жіма жұ­мысымен айналысатын аудар­ма­шыларға, Қазақстан-Қытай қа­рым-қатынасы саласында қыз­мет атқаратын диплома­тиялық кор­пустар мен олардың қызмет­кер­леріне, қытай тілі, қытайтану ғы­лымы, жалпы тіл білімі сала­сын­да ізденіп жүрген ғылыми қыз­меткерлерге, сондай-ақ қытай ті­лін өз бетімен үйренгісі келетін жал­п­ы көпшілікке арнал­ған.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 18.09.2019 | 18:02

Абылай

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір