Ұстаздық – ұлы мамандық

0
163 қаралды
Президент Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асып жатқаны және Қазақстанның әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғаны баяндалды. Ел егемендігін алғалы бері еліміз осылайша биіктерге құлаш сермеп келеді. Елдің болашағы жастар десек, оларды мектеп қабырғасынан сауатты, білімді етіп тәрбиелеу қашан да ұстаздар қауымына жүктелетін жауапты міндет. Елбасы да жыл сайын Жолдауында ұстаздарды ерекше атап, оларға қамқорлық жасап келеді.
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданына қарасты Ерназар ауылындағы Байгелді Кей­киев атындағы орта мектептің ұстаз­дары да биылғы Жолдауды ерекше күтті. Өйткені, ұстаздар тақырыбы жыл сайын Жол­дау маңыздылығынан түспейтіні бел­гілі. Осы ұстаздық қызметте жүргелі бері, үлкен жетістіктерге жетіп жатсам, ол Елба­сы­мыздың салиқалы саясатының арқа­сын­да.
Елбасының биылғы Жолдауында жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін қажетті бірнеше міндеттерді атап, оларға жекелей тоқталды. Жолдаудағы «Ада­ми капитал – жаңғыру негізі» атты же­тін­ші міндеттің жүгі біздің педагог қауы­мға бағытталған. Бұл жүктемеде: «Бар­лық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құру­ды жеделдету қажет. Білім беру бағ­дар­ламаларының негізгі басымдығы өзге­ріс­терге үнемі бейім болу және жаңа білім­ді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс», – деп атап көрсетті.
Елбасы сондай-ақ, білім беру саласын­да­ғы басқа да мәселерге арнайы тоқталды. Мә­селен, педагогтарды оқыту және олар­дың біліктілігін арттыру жолдары, матема­тика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту, балалар техно­парк­тері мен бизнес-инкубаторларының же­лісін құру, жөнсіз терминология, латын әліпбиіне көшу мәселесі, цифрлық білім беру ресурстары секілді өзекті мәселерді шешуде педагогтар қауымының аянып қал­май, жұмыла еңбек ететініне сенім біл­дірді. Сондай-ақ, Елбасы Жолдауда: «Мұ­ға­лім мәртебесін арттыру мақсатымен бі­лім берудің жаңартылған мазмұнына көш­кен ұстаздардың лауазымдық жалақы­сын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырамын», – деп пе­да­гогтар қауымын бір қуантып тастады.
Жолдауда көтерілген мәселелер білім беру жүйесінің барлық деңгейінің заман шындығы мен экономика сұраныстарына жауап беру мақсатында көтерілген. Бұл сондай-ақ мұғалім мамандығының беделін арттыруға күш салатын болады.

Жеңіскүл БЕРКІМБАЕВА,
Байгелді Кейкиев атындағы орта мектептің биология пәнінің жоғары санатты ұстазы.

Ерназар ауылы,
Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы.

Пікір қосу