Байлық кілті

0
105 қаралды
Қазіргі уақытта, еліміз дүниежүзілік ғылыми технологиялық кеңістігіне шығуға ұмтылған кезде, әлеуметтік, экономикалық, құрылыс және экологиялық тиімділігі бар жаңа технологиялар жасайтын, оларды игеретін жас мамандар қажет екені белгілі. Болашақта заман талабына сай білімді, іскер, техникалық сауаттылығы жоғары мамандарды дайындауды қолдан шығарып алмауымыз керек. Сол себептен, студенттерді тек теориялық тұрғыдан дайындап қоймай, білім, біліктілік, ғылыми дағдыларын арттыру мақсатында ғылыми тәжірибелерді орындауға үйреткеніміз жөн. Әрине, жалпыға білім беретін жоғары оқу орындарының өзінің алға қойған мақсаттары, жоспарлары бар. Демек, қосымша ғылыми жұмыстар жасау оңайға түспейді, сондықтан ең алдымен, ғылыми зерттеулермен шұғылдануға мүмкіндігі бар және ынта білдіретін студенттерді іріктеп отырғанымыз да дұрыс, басқаша айтқанда, олар өздері ғылыми жұмыс орындауға және жарыстар мен олимпиадаларға қатысуға ықылас білдірмек.
Пән олимпиадаларының дарынды студенттермен жұмыс іс­теу­де және оларды тәрбиелеу мен да­мытудағы маңызды бір қатар мә­­­селелерді шешуге көмектесетін клас­сикалық пайым. Олимпиада да­рынды студенттерді анықтауға, олар­ды кейінгі кәсіптік жолын дұ­рыс таңдауға септігін тигізеді, ғы­лыми-техникалық білім жолын ұс­танады.

Суретте: Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Жалпы құрылыс факультетінің ұзтаздары (солдан оңға қарай Б.А.Ажгалиева, С.А.Нұрпейсова, А.Қ.Слямбаева) және олимпиадаға қатысқан студенттердің бір тобы.

Сондықтан оқу үрдісі барысында ғылымның, техника саласының, мә­дениеттің, пән олимпиадалар­дың, фестиваль­дардың, ғылыми-практикалық конференциялардың әр­түрлі бағыттары бойынша білім дең­гейін көтеруге әрекет ету, дарынды студенттерді анықтау болып есептелетін ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстар бай­қау­ларын жүргізу қажет. Студенттермен жұмыс барысында зияткерлік марафондар мен пәндік олимпиадалар, байқаулар, викториналар шығармашылық ізденіс атмосферасын тудырады, білім мен таным­дық іс деңгейін арттырады.
Студенттер өздерін білімнің ә­р­­түрлі салаларында көрсетуге ты­ры­­сады, тек бір ғана пәнмен шек­те­ліп қалмайды, дүниетанымы кең ауқымды қамтиды. Білім олимпиадалары мен байқаулар студенттер мен оқытушылардың бірігуіне сеп­тігін тигізеді, жеке басының бағ­дар­лы дамуы мен жобалық қызметі үшін кең мүмкіндіктер ұсына отырып, оларды ынтымақтастыққа ша­қырады. Байқаулар мен олимпиадалар – тек студенттердің білім деңгейлерін тексеру үшін ғана қа­жет емес, олардың артықшылығы, байқаулар мен олимпиада сұрақтары дұрыс жауаптарын жобалап табуға болатын жалықтыратын тест сұрақ­тарынан тұрмайды, оларды шешу үшін білім мен тапқырлықты қажет ететін, толықтай меншікті ғылыми ше­берлігін әрекет етуді талап ететін қы­зықты тапсырмалардан тұрады.
Әрбір оқу пәнінің олимпиадасы жур­гізу тәсілдері мен жүру барысы бойын­ша ерекешеленеді. Олим­пиа­даға қатысушы әдетте оған тың­ғы­лық­ты, терең дайындалады, мұндай дайын­дық студенттің оқу және қо­сымша материалдарды қабылдауына сеп­­тігін тигізеді. Олимпиадаға қа­тысу ары қарай білім алу үшін оқу ор­нын үздік тәмәмдап, ары қарай бі­лі­мін ғылыми жалғастыруға сеп­ті­гін тигізуі мүмкін, әсіресе, егер де қа­тысушы жүлделі орынға ие болса, оның белсенділігінің жүз есе, мың есе артуы хақ.
Халықаралық білім беру корпо­ра­циясының Қазақ бас сәулет-құ­рылыс кампусында жыл сайын дәс­түрге айналған Республикалық пән олимпиадасы өткізіліп тұрады. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жүз­деген студенттер қатысады. «Құ­рылыс» мамандығы бойынша екін­ші және үшінші курс студен­т­терінің арасынан Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарының студенттері «Құрылыс конструкциялары І», «Инженерлік механика І», «Инженерлік механика ІІ», «Гео­тех­ника І» пәндері бойынша сайыс­қа түседі. Бұл олимпиададан біздің жалпы құрылыс факультетінің студенттері де қалыс қалған жоқ. Нәти­жесінде студенттер жүлделі орын­ды жеңіп алып, жеңімпаз ата­нады. Осындай студенттерге алғы­сымызды айтып, келешекте бұдан да зор табыстарға жетулеріне тілек­тес­тік білдіреміз. Осындай жұмыс­тар жүргізу арқылы, студенттердің икемділігін, ептілігін дамытып, ой­­­лау және шығармашылық қабі­летін арттырып, келешекте білікті және білімді маман болып шығуына ықпал жасауға, талант көзін ашуға болады.
Қазақ бас сәулет-құрылыс ака­де­миясының Жалпы Құрылыс фа­культетінде пәндік олимпиадаға қа­тысышылар саны жылдан жылға ар­та түсуде.

С.А.Нұрпейісова,
педагогика ғылымының
кандидаты, доцент.
А.Қ.Слямбаева,
техника ғылымының
кандидаты, доцент.
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Жалпы құрылыс факультетінің ұстаздары.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.