Қазақ-қырғыз айтыс өнері: өнеге тамыры
26.01.2018
7327
0

Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗЫ,
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ
әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымының кандидаты


Қазақ үшін салт-дәстүрі мен ұлттық мәдениеті, өмір сүру жоралғысы, тіпті тағдыр талайына дейін ұқсас қырғыздан жақын ел жоқ. Қазіргі технология дамыған заманда жоғалмай сақталған ауыз әдебиетінің баға жетпес үлгісіне айналған айтыс өнері – екі халықтың ортақ мұрасы.
Алайда жекелеген ақындардың шы­ғармашылығын немесе айтыс­т­арын зерттеген еңбектер болмаса, қазақ-қырғыз айтысының та­ри­хын тұтастай кешенді түрде зерт­теу жоқтың қасы. Тек қазақ-қыр­ғыз ақындарын ауыр кезең әде­биеті тұрғысынан қарастырған Бауыр­жан Омарұлының «Зар заман әдебиеті» (2005) зерттеуі мен қыр­ғыз ғалымы Батма Кебе­кова­ның «Қырғыз, қазақ ақындар шы­­ғармашылығының байланысы» (1985) еңбегінде ғана біраз дү­ние қамтылған.
Қазақ пен қырғыз ақындар ай­­тысының тамыры тереңде жатыр. Әсіресе, «төсекте басы, төс­кей­­де малы қосылған» Жетісу өңірінің ақындары қырғыздармен жиі араласып, Алатаудың күнгей бе­тіндегі ас-тойларға жиірек ат шал­дырып тұратын болған. Біздің ай­тыс тарихынан білетініміз, Же­тісу ақындары Сүйінбай, Сарбас, Майкөт, Бақтыбай, Құлмамбет, Қаңтарбай, Майлықожа, Жамбыл, Үмбетәлі, Кенен, т.б. ақындар қыр­ғыз жеріндегі астарға барып, жиі айтысқа түсіп отырған. Қыр­ғыз ақындарының қазақ жеріне ке­ліп айтысқаны туралы да деректер аз емес. Мәселен, Сүйінбай мен Қатағанның, Сүйінбай мен Арыс­танбектің, Қаңтарбай мен Арыс­танбектің, Сарбас пен Қал­мырзаның, Жамбыл мен Балық­тың, Жамбыл мен Молда Бағыш­тың, т.б. сөз қағысулары сөзімізге дә­лел. Бұл айтыстардың көбінде көр­шілес екі елдің ынтымағы мен та­тулығы, бірлік-берекесі жыр­лана­ды. Қазақ пен қырғызды «екі өркеші түйенің, екі емшегі биенің» деген тіркестер сол айтыстардың үс­тінде айтылған еді. Негізінен, қа­зақ пен қырғыз арасындағы ай­тыстардың мәтіндері көлемді емес, дені қысқа қайырылады. Екі жақ­тың ел ағаларының шешімі нә­тижесінде ерте аяқталып отыр­ған. Ондай айтыстарға Сүйінбай мен Арыстанбектің, Қаңтарбай мен Арыстанбектің айтыстарын жатқызуға болады. Айтыс ауызша жаралып, ауызша таралатын өнер болғандықтан кейбірінің мәтіні өзгеріске түсіп, бізге толық жетпеуі де бек мүмкін.
Айтыс сөз барымтасы болған соң көршілес елдер арасындағы дау-дамай да, алыс-беріс нара­зы­лық­тары да айтылмай тұрмайды. Әсі­ресе, ХІХ ғасырдағы ақындар­дың арасындағы айтыстарда Кенесары хан мен Наурызбай сұлтан­ның қырғыз жеріне жасаған жо­­ры­ғы кезіндегі тарихи жағдай­лар­ды көбірек тілге тиек етеді. Бұл даулы әңгіме екі ел ақындары ай­ты­сында әлі күнге дейін айтылып ке­леді. 2011 жылы Қазақстан тәуел­сіздігінің 20 жылдығына орай Астанада өткен айтыста Ринат Зайытов пен қырғыз ақыны Аалы Тұтқышевтің арасындағы ай­тыста да осы мәселе сөз болды.
Қазақ пен қырғыз айтысы ту­ра­лы сөз қозғалғанда әуелі ауызға ілі­гетіні Сүйінбай мен Қатағанның ай­тысы. Әдебиеттанушы Бекен Ыбы­райым бұл айтысты алғаш 1935 жылы жеке кітап етіп құрас­ты­рып, көпшілікке жариялаған Ілияс Жансүгіров пен Фатима Ға­битова деген дерек келтіреді. Осы кітаптағы айтысқа байланысты І.Жансүгіровтің пікірінде: «Сүйін­бай­ды Жетісудың қазақ, қырғызы біледі. Әсіресе, оның Қатағанмен ай­тысы жалпақ елге тым көп тара­ған өлең. Мұны әр ақын әртүрлі қылып айтады. Қазақ ақыны айтса, Сүйінбайды жеңдіреді, қырғыз ыр­шысы айтса Арыстанбайға (Қа­тағанға) жеңдіреді», – дейді. І.Жан­сүгіровтің осы кітабы жарық көргеннен кейін айтыстың бір­неше нұсқасы жырлаушылардың аузынан жазылып алынды. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педаго­ги­калық университетіндегі «Жамбылтану» орталығы 2014 жылы «Ақын­­дар аманаты» сериясымен кітап қылып шығарған нұсқасын 1937 жылы Ө.Қарғабайұлы деген азамат жыр алыбы Жамбылдың ау­зынан жазып алыпты. Олардың арасында айырмашылық көп. Ол ар­найы жеке зерттеуді талап ете­ді.
Бұл айтыстың қазір халық ара­сына кең тарап жүргені жыршы Ақан Әбдуәлиевтің айтуындағы нұс­қасы. Айтыстың бұл нұсқасын­да әуелгіде Қатағанның тілі өткір, сөзі шымыр, айтқаны мірдің оғын­дай болып көрінеді. Тілінен не­бір метафоралар, теңеулер, кес­телі тіркестер кесек-кесегімен тө­гі­леді. Бірақ кезегін алып сіл­кі­не сөйлеген Сүйінбайдың десі ба­сым болады. Қатағанның әр сө­зіне тапқыр уәж тауып, бұлтартпас жауабымен тұқыртып тастайды. Қырғыз нұсқалары қолымызда жоқ болғанымен, бізге мәлім қа­зақ нұсқаларында Сүйінбай қа­зақ­тың тоқсанға жуық ру атауларын, олардың бірлігі мен берекесін ту етіп көтереді. Қырғыздың көп­ті­гін айтып мақтанған Қатағанға қа­зақтың әр руының ерекшелігін ай­та отырып ойсырата соққы бе­ре­ді. Айтыс бір кезекпен ғана тоқ­та­тылған. Қатаған Сүйінбайға жауап бергісі келсе де қырғыз ма­нап­тарының өзі ақындарының жеңіл­гендігін мойындап, «ат тө­бе­ліндей қырғыз аттың түгіндей қа­зақтан» ешқашан көп бол­ма­ға­нын айтып уәжге тоқтайды. Сүйін­бай­дың ат-шапан айыбын тө­леп, құр­меттеп шығарып салады.
Қатаған ақынның тұлғасы жайын­да екі ел ғалымдарының ара­сында әлі күнге пікір қай­шы­лық­тары бар. Сүйінбай шы­ғар­ма­шы­лығын зерттеген қазақ ға­лымы Мү­бәрәк Үмбетаев Қатаған деген ақын­ның болмағанын, ол атақты «Зар заман» ақыны Арыстанбек Бұй­лашұлының руының атауы еке­нін, кейде жұрт оны руының аты­м­ен атай беретінін алға тартады. Жоғарыда жазғанымыздай, Ілияс Жансүгіров те Сүйінбаймен ай­тысқан Арыстанбай деуі де тегін бол­маса керек. Біздің қолдағы мә­тінге қарап отырсақ, олай деуінің де негізі бар сияқты. Қатаған ыр­шы айтыс үстінде:
Менің атым – Қатаған,
Қоңырбөрік асында,
Бес жүз жылқы матағам!
Сүйінбай тәуір ақын деп,
Мұның несін атаған?!
Құс мойынды, қоян жон,
Тұлпардан туғам жатаған.
Айтысам деп менімен,
Бай-мырзаңды құса ғып,
Өлтіріп алма қападан! –
дейді. Қоңырбөрік қазақтың қыр­ғыз­бен іргелес жатқан Албан тар­ма­ғына кіретін ру атауы. Ал мата­ған деген сөз байлаған деген сөздің си­нонимі екені түсінікті. Сондық­тан бұл жерде ақын менің руым Қа­таған деуі де мүмкін ғой. Бір ақын­ның бүкіл Қоңырбөрік елінің асы­на бес жүз жылқы байлағаны да сәл күмән тудырады. Ауызша жет­кен айтыстың мәтінінде кейін «ме­нің атым» болып өзгеріп кетуі де ғажап емес. Оның үстіне Сүйін­бай да айтыс үстінде Қатағанның ке­дейлігін бетіне басады:
Әрнәрсені бір сөйлеп,
Әркімді бір даттайсың,
Алжып аңға шыққанша,
Үйде неге жатпайсың?!
Байлығың сенің белгілі,
Бұтыңды отқа қақтайсың,
Жаздай егін айдайсың,
Жалғыз бұзау байлайсың!
Сүйінбай сынды ақынды,
Жеңемін деп ойлайсың,
Қарсы шапқан қырғиға,
Ажалы жеткен торғайсың!
Өзі жалғыз бұзау байлап отыр­ған сіңірі шыққан кедей ақын қа­­лайша Қоңырбөріктің асына бес жүз матайды? Айтыстың кей нұс­­қаларында Қоңырбайдың асын­­да деп айтылатынын да ес­керуі­міз керек. Бірақ өзі малсыз адам­­ның қандай асқа да бес жүз жыл­­қы байлай алмасы анық. Ас­та­надағы бір айтыста қырғыздың Аман­тай Құтманалиев, Эльмирбек Иманалиев сияқты белгілі ақын­дарынан сұрағанымда, «Қа­та­ған деген ақын өмірде болмаған». «Ол Арыстанбек болуы керек» де­ген жауап алдым. Бірақ олар Қата­ған­ның жеңілгеніне намыстанып айт­пай қоюы мүмкін ғой. Әрине, бұл біздің жеке азаматтық пікірі­міз.
Ал қырғыз зерттеушісі Батма Ке­бекова Арыстанбек пен Қата­ған­ның екі бөлек адам болғанын жа­зады. «Қырғыз, қазақ ақындар шы­ғармашылығының байланысы» еңбегінде Қатаған ыршы жө­нін­де мәліметтің аздығын, ай­тыс­тағы фактілер бойынша дә­лел­­деудің өте қиын екенін айтады (37 бет). Ал 1824-78 жылдары өмір сүрген қыр­ғыз әдебиетінің көрнекті өкілі Арыс­танбек Бұйлашұлы туралы де­рек Қатағанға қарағанда молы­рақ кездеседі. Ол туралы зерттелген ғылыми еңбектер де жеткілік­ті.
Бұл айтыста Қатағанның Сүйін­байдың шамына тиетін ауыр сөздерінің бірі Кенесары мен Наурызбайға қатысты тұсы.
Әскер тартып барғанмын,
Сөзімнің тапшы жалғанын,
Әскер тартып барғанда,
Өзімдікі болмап па ед,
Қойныңдағы жарларың,
Атқа да мінген нарларың!
Кенесары төреңнің,
Басын кесіп алғанмын,
Наурызбайдай бегіңді,
Итіме сүйреп салғанмын!
Заты жаман Сүйінбай,
Кәне кегіңді алғаның!
Алам деп кегің жүргенде,
Ішіңде кетер арманың!
Мұндай ел намасына тиетін сөз­ге қай ақын болса да шамыр­қа­на­ды. Қатағанның үні қаттырақ шық­қан өктем сөзіне берген Сүйін­байдың қарымта уәжі де көңіл­ге қонымды. Тап бермеде тауып айтқан сөзінің өзі таудан ақ­қан тасқындай төгіліп түседі.
Жаңадан сөзім жаңада,
Мақтанып жүрсің Қатаған,
Бес алты біткен танаға!
Кенесары, Наурызбай,
Қырғызды барып бес шауып,
Келтірген аузын тобаға!
Төрелерін кергілеп,
Апарып тыққан молаға,
Ол Құдайдың қазасы,
Қазаға қарсы бола ма?!
Заты жаман Қатаған,
Маңайыма жолама!
Сүйінбайдың бұдан ары өрше­ле­ніп, төкпелетіп толғаған жырлары Қатаған түгіл қырғыз манап­та­рының да меселін қайтаратын, сүйектен өтетін қылыштай өткір уәж­дер еді. Сондықтан сөзге тоқ­та­ған қырғыз ел ағалары сол жерде айтысты тоқтатқан. Сүйінбай сөз­сіз жеңеді. Ақынды асқа ертіп бар­ған Тезек төре мен Бөлтірік ше­­шеннің, Сұраншы батырдың ме­рейі үстем болады.
Қазақ ақыны Сарбас пен қыр­ғыз ыршысы Қалмырзаның ара­сын­дағы айтыстың сипаты жұмбақ ай­тысқа келеді. Сарбас Майкөтұлы 1846-1914 жылдар аралығында Же­тісу өңірінде өмір сүрген дүлдүл ақын болса, Қалмырза Сарпекұлы да ХІХ ғасырда күллі қырғыз хал­қын аузына қаратқан ақындардың бірі болған. Бішкектен 1994 жылы шыққан «Қырғыз ел ыршылары» ат­ты еңбекте екі жақтың үлкендері ақын­дарға қазақ пен қырғыздың ар­тықшылығы мен кемшілігін тер­меуді, жауға шапқан жеңістерін да­быра қылып айтпауды талап етіп қойғаны айтылады. Сонда Қал­мырза ақын: «Ақындар оны айт­паса бір-бірін қалай жеңеді? Тым болмаса Сарбасқа бір сауал тас­тайын», – депті. Екі жақ бұл уәж­ге тоқтап, айтысты бастауға рұқ­сат береді. Содан кейін сөзді Қал­мырза бастаған екен. Бұл ке­зең қазақ пен қырғыздың жерінде отаршылықтың әбден орныққан кезі болатын. Қырғыз ақыны соны мегзеп былай депті:
Алматының бауырында,
Сары нар шөкті білдің бе?
Ұзынағаш басына,
Ақ сұңқар қонды білдің бе?
Жүрер жолын болжалдап,
Тұзақ құрды білдің бе?
Иесіз жатқан көп жылқы,
Бірін ұстап міндің бе?
Алатаудың күнгейі мен теріс­кейін жайлаған екі халықтың ақын­­дары да отаршылардан келе­тін зауалды алдын ала сезіп жырларына арқау еткен еді. Сол «Зар за­ман» ақындарының қарсылық ле­бі осы айтыстан да сезіледі. Қал­мырзаның астармен қойған сауа­лы­на Сарбас та саспай жауап бе­ре­ді:
Алматының баурына
Сары нар шөкті дегенің,
Балдұр-бұлдыр сөйлеген,
Адам тілін білмеген,
Шапанында жаға жоқ,
Етігінде таға жоқ,
Өңі сары, көзі көк,
Адам білер сөзі жоқ,
Қала салып көшпеген,
Мына бір орыс болмасын.
Бұл жерде Сүйінбай мен Қата­ған­ның айтысындағыдай ақын­дар­дың арасында бір-біріне өк­темсу жоқ. Екі елдің ортақ мұңын бір­ге толғап, сыпайы жауаптасу ға­на бар. Қалмырзаның мәдениетті қойған сауалдарына Сарбас та асып-таспай бірқалыпты жауап береді. Бұл айтыста да екі елдің ес­кі жарасы Кенесары мен Нау­рызбайдың оқиғасы айтылады. Бірақ тек қырғызды шапқан қазақ ханы ғана емес, қазаққа шапқан қырғыз манаптары да сөз болады. Қал­мырза:
Оқ жыландай ысқырған,
Беліне қылыш қыстырған,
Төренің ұлын жанға алып,
Төбені шапқан білдің бе?
Ханның ұлын қасқа алып,
Қабақты шапқан білдің бе? –
деп жұмбақтаған сауалына Сарбас салқынқанды ғана:
Оқ жыландай ысқырған,
Беліне қылыш қыстырған,
Төренің ұлын қоса ертіп,
Төбені шапқан дегенің –
Қазақтан шыққан Наурызбай,
Кенесары болмасын!
Ханның ұлын жанға алып,
Қабақты шапқан дегенің –
Қырғыздан шыққан Орман хан,
Қарабек, Жантай болмасын! –
деп уәж қайтарады. Бұл жерде қыр­ғыз ақыны Хан Кенені бүлік­шіл етіп көрсеткісі келсе, қазақ ақы­ны ондай бүлікші өз еліңде де бар ғой дегенді тұспалдайды. Се­бебі, қырғыздың ХІХ ғасырда өмір сүрген атақты ақыны Қалығұл Байұлының шығармаларында қырғыз манабы Орман ханның да жазықсыз елге жылатқан жөнсіз жорықтарын сынаған жолдар кездеседі. Қалмырза тағы бір сауалында «Екі аждаһа бір інге кірді білдің бе?» деген сауалына Сарбас «Екі аждаһа дегенің тату болып бір інге кірген қырғыз-қазақ болмасын!» деп жауап береді. Айтыста ары қарай қазақ пен қырғыздың би-шешендері, батырлары жұмбақ болып жасырылып оны Сарбас тап басып шешіп отырады. Айтыс осылайша достық ниетте аяқта­ла­ды.
Сүйінбай мен Арыстанбектің айтысында да ел дауы, жер дауы сөз болады. Бұл айтыс қырғыз зерт­теушісі Б.Кебекованың жазуынша, Сүйінбай мен Қатағанның айтысынан кейін болған. Сол айтыс өткен аста Арыстанбек те болған екен. Өзінен жасы да, жолы да үлкен Қатағанды алдыға салып, өзі айтысқа шықпапты. Бірақ Қатағанның жеңілгеніне намыс­танып Сүйінбайдан есе қай­тару­ды ойлап жүрген екен. Екеуі екі-үш жылдан соң «Жеті өгіз» жерде жо­лығыпты. Бұл айтыста да Кенесары мен Наурызбай сөз болады. Арыстанбек:
Қырғызға қырғын салам деп,
Абылай хан бізге жармасқан,
немесе,
Кенесары, Наурызбайдың,
Қырғыздан жеткен қазасы,
дегеніне Сүйінбай былайша жауап береді:
Абылай ханның шабуылы,
Талайдың қалған есінде.
Кенесары, Наурызбай,
Қырғыздардан өлді деп,
Көки берме, есірме,
Басың кетер кесімге!
Жалпы, Сүйінбай екі елдің ын­­ты­мағын, берекесін ойлап, Арыс­танбекті бірлікке шақыра оты­рып айтысады. Бірақ Арыс­тан­бектің ескі жараны тырнап айт­қанына осылай жауап бермес­ке амалы жоқ еді. Ол қырғыз ақы­нына ол Алланың қазасы еке­нін, түбінде адамның бәрі өле­ті­нін, өмірдің қысқа екенін еске са­лады. Айтыстың соңында екі ел­­дің ақсақалдары ақындардың жы­рына бола татулыққа сызат тү­се­тінін айтып, екі ақынды достық­қа шақырады. Бәйгені екеуіне тең­дей бөліп береді. Арыстанбек осы­дан кейін Сүйінбаймен айтыс­пай, ол жайында керемет тол­ғау­лар шығарған ақын болыпты.
Бұл айтыстың көркемдік сипаты жоғары деуге болады. Ақын­дар­дың бір-біріне қайтарған уәж­дері небір айшықты тіркестерге, ме­тафораларға, теңеулерге тұнып тұр.
Ал Қаңтарбай мен Арыстан­бек­тің айтысында екі ақын отарлаушылардан көрген теперіштерін, замананың зарын айтып, тереңнен ой толғайды. Бұл айтыста екі елдің намысына тиетіндей сөздер жоқ. Арыстанбек сияқты қырғыздың даңқты ақынымен қазақ ақыны Қаңтарбай да аяғын тартып ай­тыс­қан секілді. Жинақтай айтқан­да, ХІХ ғасырдағы қазақ-қырғыз ай­тысының қысқаша сипаты осын­дай. Әрине, қазақ-қырғыз ай­тысын толықтай талдау үшін бір мақа­ланың көлемі жетпейтіні анық.
Бұдан кейін Жамбыл мен Тоқ­та­ғұлдың, Кенен мен Османқұлдың сыйластығын тарихтан білеміз. Кененнің екі ұлы қаза тапқанда жоқтау жырын шығарған Осман­құлдың мақамы бүгінгі қазақ ақын­дарының айтысында әлі қол­данылып жүр. Ал кеңес одағы ке­зеңінде қырғыз төкпелері Естебес Тұрсыналиев, Әшірәлі Айталиев, Замирбек Үсенбаев, Туған­бай Әбдиевтердің қазақ жеріне ке­ліп айтысқандарының талай куә­сі болдық. Қазақтың Есенқұл Жақыпбеков, Әзімбек Жанқұлиев, Ермек Жұматаев сынды ақындары­ның айтыстары аңыз болып айтылатынын қырғыз жеріне барғанда есті­дік. Отыз жасында өмірден өт­кен Оразалы Досбосыновтың қыр­ғыз ақындарымен айтысы да та­рихқа алтын әріптермен жазы­ла­тын өнер сайысы болды. Қыр­ғыздың «Айтыш» қоғамдық қоры­ның президенті Садық Шернияз Оразалыны «қырғыз ақын­дары­ның киллері» деп атағанын ай­тыс­тың продюссері Жүрсін Ерман жыр қылып айтады.
Қырғыздың Аалы Тұтқышев пен Азамат Болғанбаев деген ақын­дары өз елдерінде өткен бір айтыста қазақ халқының намысына тиетін ауыр сөздер айтыпты. Бұ­ған ел ішінде біраз наразылық бол­ды. Керісінше, тағы қырғыздың бел­гілі ақыны Жеңісбек Жұмақа­дырдың екі елді ынтымаққа ша­қырған бейнежолдауы халықтың жанына жылылық ұялатты. Қа­зақ-қырғыз қашаннан іргелес жат­қан туысқан ел болғандықтан оның ақындары ел бірлігінің дә­некері болған.
Қазақ-қырғыз айтысы бүгінгі күні де жалғасын тауып жатыр. Оның дәлелі ретінде, өткен жылы қыр­ғыз жерінде өткен Туғанбай Әбдиевтің 80 жылдығына арнал­ған халықаралық айтыста қазақ ақын­дарының, Қарағандыда өт­кен Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған айтыста қырғыз ақындарының қатысқа­нын айтуға болады. Ол бұдан былай да жалғасын таба бермек. Се­бебі, айтыс – екі елдің атынан «бек­зат өнер» номинациясы бойынша ЮНЕСКО-ның тізіміне ен­ген баға жетпес ортақ құнды­лық.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір