Әдебиетті жүйесіз оқыту кімге қажет?

0
655 қаралды

Бижомарт Қапалбек,
филология ғылымының кандидаты


Мынау қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша орта мектепке қазақ әдебиеті пәнінен берілетін базалық білімнің мазмұны екен. Кәсіби әдебиетшілер толықтыра жатар, меніңше мұнда бірнеше кемшілік (олқылық) бар.
1. Бұл пән іштей әде­биет­­тің тарихы, сы­ны және тео­риясы деген сала­лар­ға бө­лінеді. Бұрынғы бағдар­ла­мада жо­ғары сыныптар ха­­лық ауыз әде­бие­тінен бас­тап бүгінге, қазіргі қа­зақ әде­биетіне қарай бірте-бір­те жыл­жи­тын еді, мұнда әр сыныпта әдебиет та­ри­­хының ана кезеңінен, мына ке­зеңі­нен бір-екі шығармадан үзіп-жұ­лып беріледі. Осы дұрыс па?
2. Әдебиеттің әр кезеңін бастап тұ­ра­тын ор­таңқол жазушылар болады. Солар түгел қам­тылған ба? Әнұран авторы Ж.Нәжімеденов, 30 том мұра қалдырған Мәш­һүр Жү­сіп, қысқа сөз шебері Б.Майлиннің әң­­гі­мелері және т.б. бұл бағдарламаға кір­мей қалғ­ан.
3. Ауыз әдебиеті Керқұла атты Кен­дебай мен Қобыланды, Қыз Жі­бек, Асан Қайғы­мен бі­те ме? Қазақ оқу­шысына халқының ға­сыр­лар бойы жи­наған мол мұрасы (100 том ба­балар сөзі) енді керек емес пе? Ауыз әде­бие­ті­нен осылар ғана оқуға жатады деп кім шеш­кен? Мақал-мәтел, жұмбақ, айтыс жә­не т.б қайда?
4. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен қазақ тіл білімінің негізін салушы, жалпы қазақ фи­лологиясы ғылымының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінің іші­нен бүкіл орта мектеп бойы бала тек «Егін бастары» мен «Адамдық диқан­шы­сы» деген екі өлеңін оқыса, жеткілікті ме? Ақаң ұлт­тың ар-ожданы емес пе? Екі өлеңінен ба­ла Ақаңды толық танып бола ма? Абайдан кейінгі поэзияның ірі өкілі Мағжанның Батыр Баяннан басқа бір де өлеңі кірмеген. Неге?
5. Бір тоқсан бойы (24 сабақ) әдебиеттен бір-екі шығарманы ғана оқыту баланы шек­теу емес пе? Мәселен, бұл бағдарлама бо­йын­ша оқушы 9 сыныпта 4 тоқсанда (24 са­бақ) тек Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасымен Кнут Гамсунның «Аштық» романын ғана оқиды екен. Бұл қазақ мектебінде қа­зақ баласын рухани аштыққа ұшырату емес пе? Көркемсөздің шеберлері сол кезеңнің бей­несін дәл танытатын Ж.Аймауытов пен М.Әуезовтің әңгімелері неге толық кірме­ген.
6. Қазақ әдебиеті пәніне 5-пен 11-ші сы­нып­­тарда алты жүзден аса сағат беріледі екен. Оқушыға әр шығарманы талдауға үш са­ғаттан берілгенде неге ең болмағанда 200-ден аса шығармамен танысуға мүмкіндік бе­рілмеген. Неге бұл бағдарлама бір оқу жы­лына берілетін 108 сабаққа бар-жоғы 12-14 туындымен ғана шектелген. Мысалы, 5-сы­ныпта жыл бойына 14 шығарма, 8-сы­нып­та жыл бойына 16 шығарма, 11-сыныпта жыл бойына 8 шығарма. Бұл қолдан жасал­ған шектеу емес пе?
7. Әдебиеттің теория мен сыны қайда? Он­дай білім неге оқушының жас ерекше­лі­гіне қарай мөлшерлеп берілмеген. Бұл әде­биет­тану деген ғылыми пәннің мектептегі ба­залық біліміне кірмей ме? Жалпы әде­биет­танудың салалары, осы уақытқа шейін­гі жүйеленген категориялары, типтері деген ұғым­дардан оқушы мақұрым болуы керек пе? Неге нені оқытуды кәсіби әдебиетші ға­лымдар шешіп, ал Кембридждің «Жаңа» маз­мұндағы оқыту технологиясымен қайта қа­руланған әдіскер-тренерлер соны қалай оқы­тудың жайына ғана араласпайды? Әде­бие­ттану ғылымының метадологиясын бей­берекет бұзуға оларға кім құқық берген? Не­гізін Ақаң салған әдебиет тану ғылымы ен­ді әдірем қала ма?
8. Әдебиет пәнінің негізгі мақсаты: ұлт­тың рухани әлеуетін қалыптастыру емес пе? Орта мектептегі осындай жүйесіз білімнен кейін тамыры тарихи құндылықтарға те­рең­­демеген батыстың лебіне де шығыстың же­ліне де көзсіз домалай беретін ұлтының ая­лық біліміне қанықпаған, қаңбақ сияқты жас­тар қайдан шығады деп таңқалуға бола ма?
9. Жалпы сұрақ көп, «Негізгі орта білім беру деңгейіне арналған «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үл­гілік оқу бағдарламасы» алдарыңызда. 1,2 жә­не 5-7 сыныптар осымен оқып та жатыр. Не дейсіздер, әдебиетші мырзалар? Ең құр­маса үн қосыңыздар!

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.