Сапалы білімнің болашағы

0
129 қаралды
«Қазақстанның ашық университеті» білім беру жобасы бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Жобаны «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ (бұрын WikiBilim) мен «Кселл» АҚ өткен жылы қолға алған болатын.
Бірлескен арнайы жобаға еліміздің Қ.И.Сәтбаев атын­дағы ҚазҰТЗУ, ҚБТУ, AlmaU, СДУ, Математика және ма­те­матикалық модельдеу инс­ти­туты сияқты жетекші жоғары оқу орындары серіктес болды. Жобаны ұйымдастырушылар оның мақсаты Қазақстанда мем­лекеттік тілдегі ашық он­лайн білім беруді дамыту еке­нін айтады.
Аталмыш шарада «Ұлттық ау­дарма бюросы» ҚҚ атқару­шы директоры Рауан Кен­же­хан­ұлы, «Ұлттық аударма бю­росы» ҚҚ жобалар жетек­ші­сі Айнұр Сәтекова, «Кселл» АҚ коммуникациялар бөлімі­нің жетекшісі Наталья Есь­кова сынды спикерлер жо­ба­ның мақсатын түсіндіріп, ал­дағы жос­парларымен бөліс­ті.
«Біздің «кез келген адамға ашық сапалы білім» деген мис­сиямызды OpenU дәл ай­қындап береді. Ашық универ­си­тет платформасын жасау қа­ра бастың қамы емес, ол – бі­лім­нің сапасы мен қолжетім­ділігін қамтамасыз ететін құ­рал, күн сайын жақсара тү­се­тін, ашық бола түсетін құ­рал. Біз бұл жобаны түсініп, қол­дау көрсеткен «Кселл» ком­­паниясына алғыс айтамыз. Уни­верситетіміздің келешегі зор болатынына сенімдіміз», – деді Рауан Кенжеханұлы.
«Қазақстанның ашық уни­верситеті» білім беру онлайн-платформасында математика, физика, информатика сияқты ірі ғылым салаларымен қатар, биз­несті жоспарлау мен бас­қару, web-бағдарламалау, авто­маттандырылған құрылғылар жасау, т.б., саланың кәсіби ма­ман­дарына арналған дәріс­тер бар. 2018 жылдың 10 қаң­та­­рын­­дағы мәлімет бойынша OpenU білім беру онлайн-плат­формасына тіркелген тың­даушылардың саны 1013 адам­ға жеткен. Тіркелген тың­­дарманы ең көп дәрістер­дің қатарында «Java тіліндегі ком­пьютер ғылымдарына кі­ріс­пе», «Web-бағдарламалау не­гіздері», «Робот техникасы» курс­тарын атауға болады. Со­нымен қатар, тағы да бір айта кетерлігі, бірегей онлайн-кон­тенттің 80 пайызға жуығы қа­зақ тілінде.
Нұрлыайым БАТЫР.

Пікір қосу