Адами капитал – сапалы білім кепілі

0
238 қаралды

Аягүл Миразова,
ұстаз, Қазақстанның Еңбек Ері


Әрбір игі іс сәтімен. Міне, ұзақ уақыттан бері көп болып күткен педагог кадрлардың жалақысын көбейту туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы жаңа Жолдауынан біліп, шын қуанып отырмыз. Өз ризашылығымды айтуды азаматтық парызым деп білемін.

Бұл кездейсоқ қадам емес, Тәуел­сіз­дігіміздің алғашқы жылдарынан бас­тап-ақ білім беру қызметкерлерінің ең­бекақысын біртіндеп жыл сайын арт­тырып келе жатқан мемлекетіміздің білім саясатының заңды жалғасы. Тіпті әлемдік қаржылық дағдарыстар ке­зең­дерінде де еліміз өзінің тұрақты ілгерілеу үрдісінде мұғалімдерге әлеуметтік қол­дау көрсетуді әрқашан жүзеге асырып келе жатқанына куәміз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты ха­лыққа Жолдауында адами капитал са­пасын жақсартудағы білім берудің мән-маңызын айқындауға ерекше көңіл аударды.
Жолдауда алда жүзеге асыратын 10 не­гізгі міндетті атап көрсетті. Соның же­тіншісі «Адами капитал – жаңғыру не­гізі» деп аталады. Мұнда адами ка­питал сапасын құраушы салаларды одан әрі жандандыру жолдары жан-жақ­ты қамтылған.
Жаңа Жолдаудың артықша бір ерекшелігі – ұстаздардың жалақысының қандай негізде, не мақсатпен көбейтіліп отырғаны және одан қандай жеміс пен нәтиже күтілетіні айқын көрсетілген.
Біз қай елден қандай озық білім беру тәжірибесін, бағдарламаларын, мо­­дельдерін алмайық, ешқашан да өзі­міздің төл ұлттық тамырымызды үз­бей­міз, ұлттық ілгерілеуді әлемдік өр­ке­ниет­тік прогреспен үйлестіре дамуды көз­дейміз. Елбасымыздың: «Өзінің та­рихын, тілін мәдениетін білетін, сон­дай-ақ заманына лайық шет тілдерін мең­герген, озық әрі жаһандық көзқара­сы бар қазақстандық – біздің қоғамы­мыз­дың идеалына айналуы тиіс» – де­ген нұсқауы еліміздегі білім беру жүйе­сінің даму бағыты мен мақсатын тағы да нықтай, айқындай түседі.
Осынау ұлы мақсаттардың жүзеге асуын­да мектептік буынның, мұғалімнің рөлі ерекше. Сондықтан Жаңа Жол­дау­да мұғалімдердің жалақысын көтеру туралы нұсқаудың түп-тамыры осында.
Бұл – сый да емес, әлеуметтік жәр­дем де емес, өркениетті қоғамның даму салты яғни адами капит­алдың сапасын арттыруды көздейтін заңдылық. Бас­қаша айтқанда, қоғамымыздың ке­ле­шегі үшін мұғалімге тапсырып отырған та­лап пен жауапкершілік. Қазіргі мек­тептегі ұстаздар еңбегін бағалау, мұғалім беделін көтеру басты мәселенің бірі екендігіне қауымның толық көзі жетіп отырғаны анық.
Мектептің 12 жылдыққа көшірілуі­нің 2021 жылға қарай жүзеге асуы, мек­тепте қазақ, орыс, ағылшын тілдерін мең­геріп шығу міндеттілігі, әлемдік бі­лім кеңістігіне жаңа білім маз­мұны­мен, жаңа оқыту технологиясымен ену арқылы сыни ойлауға қабілетті, фун­к­ционалдық сауаттылығы жоғары тұлға дайындау, мектепті бес күндікке бір­тін­деп өтуге бағытталу жолымен оқу­шы­лардың жүктемелерін шақтап, есесіне мек­тептен тыс тұлға дамыту саласын жандандыру, латын қарпіне көшуге дайындық тағы басқа игі құндылықтарды жүзеге асыру міндеттері мұғалім жала­қысының 30-50 пайызға дейін осы жыл­дың өзінде-ақ көшуінің негіздері бо­лып табылады. Ендігі жерде мұғалім беделі осы биіктіктен анықталатын бо­лады. Ол үшін жаңа мектепке жаңа кадрлар керек. Жолдауда мұғалім білік­тілігін заман талабындағы сатыға кө­терудің жолдары мен міндеттері де бел­гіленген. Осы мәселелерді меңгеру, игеру, шешу – мұғалім еңбекақысының бұдан әрі де өсе беруінің кепілі екенін Елбасы ашық айтып берді.
Жолдауда белгіленген межелердің қай­сысы болса да маңызды. Тәуел­сіз­дігінің бүкіл дамуында мемлекетіміз мек­тептерімізді осы биікке көтеруге бар­лық жағынан да дайындап келіп отыр. Мысалы, «100 мектеп және 100 ба­лабақша», «Мектепке жол», мектеп­тер­ді жаппай компьютерлендіру, жаңа бі­лім стандарттарын, жаңа оқу бағ­дар­ламаларын, жаңа оқулықтарды дайын­дап оқыту, көшбасшылық Назарбаев зияткерлік мектептері, Дарынды бала­лар мектептері, гимназия мен лицейлер сияқты білім ошақтары, жаңа оқыту тех­нологиясын енгізу. 12 жылдық оқу үшін мектептердің материалдық-техни­ка­лық және оқу-әдістемелік базасын жасау, мұғалімдер біліктілігін арттыруды «Өрлеу» ұйымы арқылы жаңа сапаға көтеру, мектеп бітірушілер үшін мемле­кеттік гранттарды Ұлттық Бірыңғай Тест арқылы әділ жүзеге асыру секілді көптеген күрделі міндеттердің табысты орындалуы қажет болып отырғаны баршаға аян. Міне, мұғалім жалақысын жаңа сатыға көтеруге, жаңа мектепке жаңа мұғаліммен көшуге Елбасымыздың сарабдал басшылығымен мемлекетіміз осылайша келгеніне ешкім де дау айта алмайды. Сондықтан да Елбасы: «Мұ­ға­лім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жа­лақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап 30 пайызға көбейтуді тапсыра­мын», – деп, ұстаздардың әлеуметтік жағ­дайын мемлекет әрқашан қамқор­лық­та ұстайтынын қадап айтты. Мұға­лім­дердің жалақысы олардың білікті­лігі­нің растауына байланысты тұтастай алғанда, 30-дан 50 пайызға дейін өсетін болады.
Бұл жолда, білім саласындағы ре­фор­ма­ларымызда кемшіліктер мен қай­шы­лықтар болмады емес, болды, бо­лып та жатыр. Алайда бұл қиыншы­лық­тар өз шешімін табады деген ой­да­мын.
Жолдауда Елбасының: «Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын жә­не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда ор­та есепен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керек», – деген тапсырмасы үшін мың алғыс, көптен бері осы мәселені көтеріп жүрсек те, жүзеге асыру қиын болып жүрген еді.
Жаңа жолдау жасампаздыққа бас­тайды. Елбасы айқындаған білім беруді дамытудың бұл жолдары білім беру ісінің дамуына сенімін арттырады, оқи­тындардың нақты нәтижелікке жетуіне сеп­тік етеді, қоғамдық ұйымдар мен қауымдардың мектеппен ынтымақ­тас­тыққа ұмтылуын арттырады. Сөйтіп бүкіл қоғам болып Мәңгілік Елдің ада­ми капиталының сапасын арттыруға жұ­мыла үлес қосатын болады.
Бұл үрдіс мұғалімдерге өз орнын бел­гілей алуына, өзіндік жауапкершілігін кү­шейтуге, өз білімін өзі көтеруге ын­талылығына қарқын беруге жол ашады. Сондықтан да мұғалімдер қауымы Ел­басының Жаңа Жодауына қолдау біл­діріп, үлестерін қосуда аянбай еңбек ете­тініне сенімім мол.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.