Жолдауға – қолдау
12.01.2018
2715
0
Нұрлан Оразалин,
Қазақстан Жазушылар одағының
Басқарма төрағасы,
ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты 

Қоғам дамуына жаңа тыныс

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнер­кәсіп­тік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкін­дік­тері» деп аталатын жаңа жолдауы аса күрделі әлем­дік, саяси-әлеуметтік жағдайлар тұсында жа­рия­ланды. Мұнда көтерілген мәселелер – төрткүл дүниенің назарындағы жайттар. Алты құрлық әдет­тегіден де көрі жаңа заманауи проб­ле­малармен бетпе-бет келіп отырған кезде ел эко­но­микасын өріс­тетіп, тұрақтандырып қана қоймай, оның жаңа бағыттарын анықтайтын нақты ұсы­ныстарды он негізгі міндеттің аясына сыйғызған. Бұл бір жыл­дың ішінде атқарылатын міндеттер деге­ні­міз­бен де, осы міндеттердің жүзеге асуы Ел Пре­зи­дентінің бастамасымен бірталай уақыттан бері қол­ға алынып келеді. «Цифрлы Қазақстан» ұғымы, қа­зіргі қазақ қоғамын өрістету – жаңа ұр­пақ, жаңа дәуір адамдарының күрескерлік қалыбын қа­лыптастырады деп бағалауымыз керек.
Қазақстан – индустриясы дамыған, жаңа тех­нологиясы мейілінше икемделген, алдыңғы лектен кө­рінетін ел болу керегі жөнінде баса айтылды. Осыған дейінгі «Рухани жаңғыру» бағдарламалық ма­қа­ласында, «100 нақты қадам» бағдарлама­лары­ның қай-қайсысында да айтылып келген ал­ғы­шарттар кешегі Жолдауда көрсетілген негізгі ойлар – Қазақстан қоғамы дамуының жаңаша жалғасы. Бұлардың барлығы адам баласы үшін жұмбақ, сы­ры көп, ғаламдық кеңістікте Қазақстан ең әуелі өзі­нің рухани тұтастығын, экономикалық бет-бей­несін, саяси әлеуметтік болмысын тәуелсіз ел ре­тінде сақтап қалуына мүмкіндік беретін кри­терий­лер. Президенттің осы Жолдаудағы нақты тап­­сыр­­ма­­лары мен нақты міндеттері Қазақстанның әлемдік кеңістіктегі ұлттық мемлекет ретінде тұ­рақтануына жол ашады деп ойлаймын. Бұл Жолдау эконо­ми­калық критерийлердің дамуына басымдық беріп қа­на қойған жоқ, рухани критерийлерді де қанат­тандыруға мүмкіндік беріп отыр. Республика­дағы ұлттық білімнің еш елге ұқсамайтын бет-бейнесін қа­лыптастыру, ұлттық әліпбидің дүние­жүзіндегі алфавиттердің арасынан өз орнын алуды же­делдету жөніндегі талаптары мемлекеттің руха­ни болмысын анықтайтын, ұлттық мәдениетін бе­кітетін талқылау деп бағалауымыз керек. Қалам­гер­лер қауымы Қазақстан жұртшылығына жеткен Жолдауды осы тұрғыдан қабылдады деп ойлай­мын.


Сәбит ДОСАНОВ,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
жазушы

Көрегендіктің тағы бір көркем көрінісі

Қазақстан Республикасының Пре­зи­­денті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел өмі­рін­дегі елеулі оқиға. «Бұл ән бұрынғы ән­нен өзгерек» деп Шәкәрім қажы айт­қан­дай, биылғы Жолдаудың – жөні бө­лек, жолы басқа. Олай дейтініміз, зама­науи технологиялар өзгеріске ұшырап, жаһандық ілгерілеушіліктер өзімен бірге сын-қатерлерді де ала келуде. Әлемді алқымынан алар дағ­дарыстардың болу қаупі де аса зор. Қарқынды жүріп жатқан жаһан­дану да ұлт алдына аса күрделі міндеттер қойып отыр. Осындай сын кезеңде келешекте болуы әбден ықтимал қиындықтардың алдын алып, оны еңсерудің, адастырмас ақ жолын көрсеткен, терең ойлы, тек­ті сөз!.. Бұл – Жолдау көрегендіктің тағы бір көркем де кермиық, ке­ремет көрінісі!..
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» Елбасы Жолдауында тайға басқан таңбадай ап-айқын көрі­ніп тұр. Бұл Жолдаудың әр бөлімі, әр абзацы ғана емес, әр жолы – «Мәңгілік Елге» алып баратын «Нұрлы жол».
Бұл жолғы Жолдауда бұрын айтылмаған өзекті, өткір мәселелер ал­шы түсер сақаға құйылған қорғасындай көкейге қона кетеді. Бір ғана мысал, Ұлт көшбасшысы алға қойған жетінші міндет: «Адами ка­питал – жаңғыру негізі». Қазақстанның ең басты байлығы – ал­тыны, мұнайы, газы ғана емес, жаңарған өмірге сай жаңа сападағы білімді, еңбекқор халқы.
Ел бастаған көсемі – кемел ойлы кемеңгер, халқы – ел сүйсінген ең­беккер болса, еңсерілмес қиындық, алынбас асу жоқ. Бүгіні – нұр­лы, келешегі – кемел Қазақстан соның айқын айғағы!
Президентіміз Н.Назарбаев ерекше мән беріп отырған «адами капи­тал» жайлы айтсақ, кез келген мемлекеттің үш алып тірегі бар. Олар: жерасты байлығы, өндіріс орындары мен адам капиталы. Осы үш алыптың ең негізгісі – Елбасы Жолдауында айтылған «адами капи­тал». Осы тұста, Билл Гейтстың: «Біз баюды мақсат етіп бар күшті бай­лыққа жұмсадық. Нәтижесінде, адами құндылықтардан айырылып қал­дық», – деген сөзі қалам ұшына оралып тұр. Президент Жолдауының әр жолы ерен еңбекке жұмылдырып, жігеріңді жанып, рухыңды ас­қақтатады.
Бір сөзбен айтсақ, биылғы Жолдау – өткен Жолдауларды мүлде қай­таламайтын жаңа ойларға толы, өзгеше Жолдау!..
Бұл – алтыннан да қымбат асыл сөз!..


Смағұл ЕЛУБАЕВ, жазушы,
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері

ҮМІТІМІЗГЕ ҮМІТ ҚОСҚАН ЖОЛДАУ

Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің биылғы Жолдауында ха­лықтың көңілінде жүрген көптеген мәселелер қоз­ғалды. Біріншіден, қоғамымыз, халқымыз за­ман көшінен қалып қалмауы үшін заманауи ин­новациялық технологияларды меңгеру жайында Жол­дауда жан-жақты айтылған. Әрине, бұл – өте маңыз­ды мәселе. Іргеміздегі ұлы халық – Қытай осы ба­ғыттағы инновациялық технологияларды өндіру жә­не оны іске қосу, пайдалану, сату жөнінде қазір әлем­нің алдына шықты. Осыдан отыз жыл бұрын ғана Қытай халқы осы реформаға кіріскені белгілі. Соның нәтижесінде технология саласында әлемнің алдына шықты. Әсіресе, бұл елдің жастары осы заманауи талапқа сай оқып дамыған. Бұл елдің экономикалық дамуы әлемдік нарықпен бәсекелес­тікке төтеп береді және ол жерде жеңіске жетеді деген сөз. Мінеки, осындай мысалдар көз алдымыз­да тұрған кезде Жолдаудағы инновациялық техно­ло­гияларды дамыту және оны мектептерден бастау жө­ніндегі ой көңілге қонымды. Өмірдің барлық сала­сында айтылған технологияларды енгізген кез­де ол өндіріс дамитыны сөзсіз. Оны әлемдік тәжіри­бе көрсетіп отыр.
Мәдениет адамы болғаннан кейін бізді қатты елең еткізгені – мәдениет пен идеологиядағы рухани жаңғыру ұраны. Мұны әлі де дамыту керек. Мектеп бағдарламаларындағы тіл мәселесі бізді қатты алаңдатуда. Осыған жауап берілген тәрізді. Сонымен қатар, Қазақстан халқы үш тілді мең­геру керек деген ой көкейге қонды. Әрине, бұл жерде бірін­ші қазақ тілі айтылып отыр. Жалпы, Қазақстан мектептерін бітірген балалардың қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін жақсы меңгеріп шығатыны айтылып отыр. Сонда олардың мобильдік нарықта зардап шекпейтіні айтылды. Бұл шынында да солай. Бұл жерде Жолдауда айтпаса да, бір нәрсені ары қарай өмірге енгізу керек деп ойлаймын. Ол қазақ тілін меңгеріп шығу үшін мектептердің бәрі мемлекеттік болуы керек. Орыс-қазақ мектептері болып бөлінбеуі тиіс. Бір бағдарламамен оқуы қажет. Негізінен мемлекеттік тілде білім алуы керек. Содан кейін ол бірінші сыныптан бастап орыс, ағылшын тілдерін оқып жатыр ғой. Ол тілдер де далада қалмайды. Оларды да балалар өз дәре­жесінде жақсы меңгеріп шығатыны белгілі. Бірақ бүкіл оқу ісі, мектепті басқару, бәрі мемле­кеттік тілде жүруі керек. Өйткені, бұл мектептер – мемле­кеттік тілі қазақ тілі болып жарияланған елдің мектептері. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, барлық елде солай. Мектептер негізінен мемлекеттік тілде білім береді. Мінеки, сондай жағдайда қазақ тілі екі ұлы тілдің арасында өкпесі қысылмай, қағажу көрмей еркін дамитын болады. Сондай-ақ, қазақ тіліне барлық мектептерде басым күш беріледі. Оған балалар дайын болуы үшін бүгіннен бастап балабақшалар түгелімен мемлекеттік тілде тәрбие беруді бастауы керек. Сонда мектепте сабақты әрі қарай оңай меңгеріп кете алады. Бұл әрине Жол­дауға пікір білдірген бір жазушының арманы ғой. Мінеки, осыған біртін-біртін беттеп келе жатқан тәріздіміз. Сондықтан бұл Жолдау – біздің бола­шағымызға деген үмітімізге үміт қосқан Жолдау болды.


Роза МҰҚАНОВА,
жазушы-драматург, Халықаралық
«Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

Қазақ мәдениеті цифрлы технологияны айналымға енгізуі тиіс

Бұл Жолдау – ескі жүйеден арылудың жаңа жолы, рухани жаңғырудың жаңа бағыттағы өсу белгісі. Еліміз Тәуелсіздік алғанда жазушылар қауымы ком­­пьютерді қалай пайдалануды да білмеді. Жасыратыны жоқ, сонау Кеңес заманындағы салмағы 40 кг. машинкаларды ХХІ ғасырға дейін қолтықтап келгеніміз рас. Әлі есімде, Америкадан келген Александра Джордж деген аудармашы өзінің ноутбугі мен камерасын маған сыйға тартып: «Сіз жазушы адамсыз, жазушыға осы екеуінсіз өмір сүруге болмайды», – деген еді. Қоғам дамыған сайын, кемелденген сайын сұранысы күшейеді. Бүгінгі Қазақстанның мәдениетінен бастап, өнеркәсібіне дейін жаңа цифрлық технологияны меңгеруге, айналымға енгізуге тиіс. Бұл біздің өмірімізді жеңілдетеді, ғұмырымызды ұзартады, са­намызды қалыптасып қалған ескі сүрлеуден құтқарады. Денсаулы­ғымыздан бастап, азаматтық құқық­тары­мызды дұрыс пайдалануға жол ашады. Қоғамдағы етек алған келеңсіз кемшіліктер цифрлық технология арқылы шынымен де жаңа дәуірге, жаңа сапаға, жаңа санаға ауысады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір