Жыл табалдырығындағы кеш
29.12.2017
1089
0

Көрнекті қаламгер, қазақ баспасөзінің ардагері Жанат Елшібек жетпіс деген жетінші биігіне аман-есен көтеріліп, оқырманымен кездесіп, шығармашылық кеш ұйымдастырды.
Ұлт ұғымын ұштаған интеллектуал, зерек қаламгердің кешін рухани інісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Әлібек Асқаров нақышына келтіре отырып жүргізді. Кеш барысында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының библиографтары әзірлеген «Ж.Елшібек библиографиялық көрсеткіші» және журналист-жазушының шығармашылық әлемі туралы «Бесаспап» жинағының тұсаукесер рәсімі болды. Жазушының жетпіс жылдық мерейтойының қуанышын бөлісуге Ж.Бейсембайұлы, Ы.Кенебаев, М.Қожахметова, Ж.Дәуренбеков, Ж.Аупбаев сынды замандас дос­тары арнайы келіп, заманында оқырманның сүйікті газеті болған «Жас Алаштың» беделі мен журналистикалық мектебін әдемі естеліктерімен сөз етті. Н.Айтұлы Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының құттықтау хатын тапсырып, жазушының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Д.Мыңбай, Д.Қыдырәлі сынды азаматтар да Ж.Елшібектің журналистік, жазушылық қызметі мен ұлт руханиятына қосқан үлесін айрықша бағалады. Жазушының шығармашылық жолы, жазу-ғұмырының ерекше сәттері арқау болған кинорежиссер, жазушы-сценарист Доқтырхан Тұрлыбектің «Теңізбен тамырлас қаламгер» деректі фильмі көпшіліктің көңілінен шықты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір