«Әбіш жолы. Әбіш тағылымы»
29.12.2017
1272
0

Еліміздің рухани тыныс-тір­ші­лігі мен әлеуметтік-саяси тарихында өшпес із қалдырған зама­ны­мыздың заңғар жазушысы, әрі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Ең­бек Ері, қазақ көр­кемсөзінің қайта­лан­бас тұл­ғасы, көрнекті жазушы Әбіш Ке­кіл­­баевтың өмірбаяндық, шы­ғар­машылық тұлғасына арналған үш томдық энциклопедиялық еңбек құрастырылу үстінде екенінен оқыр­ман қауым хабардар болар. Сол үлкен ғылыми кітапқа апарар жол­да «Әбіш жолы. Әбіш тағы­лы­мы» атты жинақ жарық көрді.
Әбіш Кекілбайұлының артына қалдырған мол мұрасы, сан са­лалы шы­ғармашылығы хақында өт­кен жылы «Сөз-дария. Сөз-ғұ­мыр. Сөз-құ­дірет» ат­ты жинақ жа­рық­қа шық­қан болатын.
Қолдарыңыздағы кітапта тарлан тұлға, дарабоз дарын, қай­та­лан­бас қа­сиетке ие қаламгердің жа­сампаз­ды­ғы­ның тағы бір қыры – ғибратты өмір жо­лы, тағылымды тағдыры сөз болады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір