«Рухани жаңғыру» журналы
29.12.2017
2210
1

Салмақты сараптамалар мен бай мазмұнды қамтитын
«Рухани жаңғыру» атты республикалық журнал жарық көрді.

Басылымның тұсаукесері Тал­ды­қорған қаласында өтті. Жаңа ба­сылымның ұстанған бағыты – рухани құндылықтарды дә­ріп­теу, мәдениетімізді, әдебиетіміз­ді зерттеп, зерделеп жария етуге мол мүмкіндік жасау. Журналда ақ­параттық материалдар мен күн­де­лікті хабарламалар басылмайды, тиісінше, руханият пен тарихқа қа­тысты құнды, ұрпаққа ой салар тың сараптамалар қамтылмақ.
Алматы облыстың өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас редактор Бақтияр Қабасов әріптестеріне сүйінші данасын таныстырды.
– Тарихымызды таразылап, төл мәдениетімізді қайта жаңғыртуға тың серпін берген Елбасымыздың «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақаласы негізінде жаңа ба­сы­лым – жаңа идеямен жарыққа шықты. Мемлекетіміздің жаңғыру жолындағы жетістіктері мен жеңіс­терін, еңбекке үлгі болған жандар­дың ұстанымдары, көне көрікті қа­лаларымыз бен тарихи ескерткіш­теріміз, мәдени мұраларымыз жай­лы жан-жақты мағлұмат ала ала­сыздар, – деді Б.Қабасов.
Әзірге 1000 данамен басылып шық­қан түрлі-түсті журнал еліміз­дің жаңғыру жолындағы жетіс­тік­тері мен жеңістерін паш етпек. Ақыл­дастар алқасы да зиялы қауым­дардан, елге танымал азаматтардан құралған. Шеф редактор Алмат Исәділдің айтуынша, басылым алдағы уақытта 3 тілде жарияланатын болады. Ал жаңа әліпби нұс­қасы толығымен бекітілсе, латын қарпіне көшу жоспарда тұр. Сонымен қатар, «100 жаңа есім», «Қасиетті Қазақстан», «Туған жер», «100 жаңа оқулық» жо­ба­ларының кейіпкерлері осы басылым арқылы жасап жатқан іс-тәжірибелерін халықпен бөлісе алады. Журналға қазірдің өзінде жазылу жүріп жатыр.

ПІКІРЛЕР1
Ушыга 14.04.2018 | 20:47

Журналға қалай жазылуға болады

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір