«Алтын Тобылғы» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды
15.12.2017
1044
0

Астанада жас әдебиетшілерге арналған дәстүрлі «Алтын Тобылғы» шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Жалпы жүлде қоры 5,5 миллион тең­­­гені құрайтын бұл байқауды Қа­зақстан Республикасының Тұң­ғыш Пре­зиденті – Елбасы қоры биыл үшінші рет ұйымдастырып отыр.
«Алтын Тобылғы» байқауы Қа­зақ­с­танның жас таланттарына қол­дау біл­діруге бағытталған және осындай шаралар арқылы жас ақындар мен про­­заик­­тердің, жас драматургтердің есімі елге танылып, қазіргі заманғы әдебиеттен лайықты орын алуда.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ат­қару­шы директоры Қанат Жүнісов: «Бұған дейін 2015-2016 жылғы үздік шығармаларды іріктеп, жинақ етіп шығарған болатынбыз. Бүгін 2017 жыл­дың үздік әдебиетшілеріне жол ашып отырмыз», – деді. Ережеге сәй­кес, байқауға бұрын-соңды еш жер­де жария­ланбаған туындылар келіп түс­ті. Қазақс­тан Жазушылар одағының басқарма тө­рағасы Нұрлан Ора­за­лин бастаған елі­міз­дің танымал мә­дениет қайраткер­лері, ақын-жазушылар мен журналистер қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімімен «Үздік проза» номинациясы бойынша – «Алтын Тобылғы» сыйлығы мен
1 миллион теңге сыйақы жазушы, журналист Бейбіт Сарыбайға берілді.
«Үздік поэзия» номинациясы бойынша – Мерей Қарт пен Ұлар­бек Нұрғалым үз­дік деп танылды және әрқайсысына 750 мың тең­ге­ден ақшалай жүлде табысталды.
«Балаларға арналған үздік шы­ғар­ма» санатында Айсұлу Әлмаш пен Зәуре Төреханова «Алтын То­был­ғы» сыйлы­ғы­мен, сондай-ақ 750 мың теңге ақша­лай сыйақымен марапатталды.
Өкінішке қарай, «Үздік драматургия» номинациясы бойынша би­ыл бай­қау талаптарына сай келе­тін жұмыс түспеген.
Сонымен қатар, биыл ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бо­лашаққа бағдар: Рухани жаң­ғыру» мақаласында айтыл­ған мақсаттарды жүзеге асыруға арнал­ған «Туған жер» арнайы тақырыптық номинациясы жарияланған еді.
Аталған номинация мен 1,5 мил­лион теңге көлеміндегі қомақ­ты жүлдені жас ақын Мақпал Мыса иеленді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір