«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…»
15.12.2017
1238
1

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында «ЗАМАН» парасатты және салауатты өмір» Қоғамдық қоры мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті жас ақындар мен жазушылар және журналистер арасында «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» атты мүшәйра өткізді. Мүшәйраға бір ай көлемінде барлығы 40-тан астам өлең келіп түсті. Оның ішінен үздік делінген 12 өлең ақын-жазушы, теолог және журналист мамандарынан құралған сарапшылардың іріктеуі арқылы таңдап алынды. Өлеңдердің уағыз түрінде, бір бағытты әсіре діни сипатта болмауына көңіл бөлінді.

Өлеңдер оқылмастан бұрын сөз алған Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Рахымжанұлы Есенбеков, бұл шараның маңыздылығы: дін мен дәстүрге байланысты; қоғамда конфессияаралық келісімді және толеранттықты насихаттауға; радикалды діни ағымдардың, экстре­мис­тік ұйымдардың деструктивті идеологиясының қауіптілігін ашып көрсетуге; жастарды адам­гер­шілікке, қазақы тәрбиеге баулу­ға; қазақы ұйқас арқылы дін мен дәстүрдің ажырамас егіз ұғым екенін көрсетуге; толеранттылық­тың бастауы дін ғана емес дәстүрде, тәрбиеде екенін өлеңмен жет­кізу­ге бағытталуында екендігін айтып өтті. Авторлар қазылар ал­қа­сының алдында өз өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Сонымен қа­тар, дәстүрлі әндер мен туған жер, Отан туралы патриоттық ән­дер де шырқалды.
Жазушылар одағы басқарма бастығының орынбасары, ақын Жанарбек Әшімжан және Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқар­ма басшысы Айдар Есенбеков баста­ған қазылар алқасы барлық өлеңдерді тыңдап болған соң, өз шешімдерін шығарды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Қожа Ахмет Иассауи атын­дағы халықаралық қазақ-тү­рік­ уни­верситеті, журналистика факультетінің 4-курс студенті Нұрбек Кеңесбайұлының шы­ғар­масы үздік деп танылып, 1-орынды иеленіп, 300 мың теңгені қанжыға­сына байлады. 2-ші орынды алған Қазақ Мемлекеттік Қыздар педаго­гикалық университеті әлем тілдер және филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиет мамандығының 1-курс студенті Төлеухан Жүзік 200 мың теңге, 3-ші орынға лайық деп танылған ақын Нұрқасым Ел­нұр әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология және әлем тілдері факультетінің 2-курс студенті 100 мың теңге сыйақыға ие болды. Қалған тоғыз қатысушы да арнайы сертификат және бағалы сыйлық­тармен марапатталды.
Алматы қаласы Дін істері жө­нін­дегі басқармасы және «ЗАМАН» парасатты және салауатты өмір» Қоғамдық қоры бұдан былай да дін мен дәстүрімізге байланысты игі шаралар өткізіп тұратын болады.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 21.10.2019 | 18:27

өте дұрыс айттыңыз

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір