Ұлттық болмыстың өзегін сақтау
08.12.2017
1813
0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына орай Тілдер Орталығы мен АМАНАТ студенттік ұйымының ұйымдастыруымен Кимэп университетінде ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұрлан Оразалиннің қатысуымен рухани кеш өтті.

Кеш студенттердің Н.Оразалин шы­ғармалары бойынша оқыған мо­но­лог­ымен басталды. Ақын шығар­ма­­ларын­­да­ғы Рух тақырыбына қа­тысты қа­нат­ты сөздерді жұптаған монолог­тан кейін «Кимэп студен­т­тері рухты із­деуі атты» көрініс қо­йылды. Көрі­ніс жаңа технология­ны жетік мең­герген жастардың көпші­лігінің бо­йында қазақи рухтың жо­ғалып бара жатқа­нын жеткізеді.
Кездесуде Нұрлан Мырқасымұлы Елбасы ма­қаласын жастарға тағы да жан-жақ­ты талдап, терең түсіндірді. Ақын өз сөзінде Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» жолдауындағы ұлттық жаң­ғыру ұғымның ұлттық сананың ке­мелденуін білдіретінін айта келе, оның екі қырын: біріншіден, ұлттық са­на-сезімнің көкжиегін кеңейту, екін­шіден, ұлттық болмыстың өзегін сақ­тай отырып, оның бірқатар си­паттарын өзгерту деп тарқатты.
Қазір салтанат құрып тұрған жаң­­ғыру үлгілерінің қандай қа­тері болуы мүмкін?
Қатер жаңғыруды әркімнің ұлт­тық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбе­бап үлгіге алмастыру ретінде қарас­тыруында болып отыр. Алайда, өмір­дің өзі бұл пайымның түбірімен қа­те екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда. Сондықтан «Егер де біз мемлекет бо­лып қалғымыз келсе, ең алдымен ру­хани бай болып, патриоттық рух­ты сіңіре білуіміз қажет, сонымен қа­тар басқа елдермен рухани қарым – қатынасымызды қалып­тастыруы­мыз керек», – деп болашақ мамандар санасына жеткізді.
Бұдан соң студенттер қоғам қай­рат­к­ері Н.Оразалинге өздерін тол­ған­дырған көкейкесті сұрақтарын қой­ды. Сауалдар тек ақынның шығар­ма­шы­лығымен шектелмей, еліміздегі әде­би ахуал мен қазақ әліпбиінің өз­геруі, мемлекеттік тіл мәселесі, ұлт­тар арасындағы қарым-қатынас мәселелерін қамтыды.
Н.Ора­за­лин өлеңдерінен және рухани бай­лық пен рух құдіреті жайлы әңгі­ме­лер­ден шабыт алған, бірнеше студент ақын өлеңдерін үш тілде жарыса оқып, домбырада күй шертті.
Студенттердің өнеріне риза бол­ған ақын оларға қолтаңба қойылған кітап­тарын беріп, университет кі­тап­хана қорына 10 томдық шығар­ма­лар жинағын сыйға тартты.
Рухани кешке КИМЭП Тілдер ор­та­лығы басшысы М.Шегебаев, оқы­тушы-профессорлар: З.Ер­на­­зарова,
А.Құрманалиева, А.Сар­ба­сова, Л.Ер­менбаева, Ш.Әбдиева және Қа­зақстан Жазушылар одағының Бас­қар­ма төрағасының бірінші орын­басары, ақын Ғ.Жайлыбай, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы Ж.Әшімжан, «Ан-Арыс» баспасы­ның ди­ректоры, ақын К.Құныпияұлы қа­тысты.
Филология ғылымының кан­дидаты Нұрайша Жүсіпқызы кешті қорытындылай келе кеш қонақтары мен ұйымдастырушы студенттерге рахмет айтты.

Динара Ғарифолла,
КИМЭП Университеті,
Бухгалтерлік есеп және аудит факультетінің 2 курс студенті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір