Ұлағаты ұстаз
08.12.2017
2043
0

Фантаст жазушы, машанитанушы ғалым Ш.Әбдіраманның туғанына 80 жыл толу мерейтойына орай, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-дың ұйымдастыруымен дөңгелек-үстел өтіп, оған белгілі ғалымдар, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Ш.Әбдіраманның жары – Шәрбану Алманбетова, ғалымның студент шәкірттері қатысты.

Жиынды тау-кен ісі кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымының кан­дидаты, доцент Рысбеков Қанай жүргізді. Ең алғаш болып сөз алған университет проректоры Ринат Ис­каков Ш.Абдіраманның ұстаздық кел­бетіне арнайы тоқталып өтіп, жиынға қа­тысушылар атынан жазушы жарына құр­мет көрсетіп, иығына шапан жапты. Жиын­ның баяндамасын Ө.Байқоңыров атын­дағы Тау-кен металлургия инс­ти­туты директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбішева Зейнеш жа­сап, Ш.Әбдіраманның машанитануға қо­с­қан қомақты үлесі, қазақша тех­ни­калық сөздікті жасаудағы еңбегі, тау-кен өн­діру ісіндегі іргелі жұмыстары жайын­да кеңінен толғады. Қазақстан Жазу­шы­лар одағының мүшесі, ақын Дәулетбек Бай­тұрсынұлы: «Шәмшиден Әбдіраман – Қазақстан Жазушылар одағында өт­кен әрбір әдеби жиындарда бой көр­се­тіп, қазақ фантастикалық әдебиетінде көш­басшы екенін әрдайым дәлелдеп оты­ратын. Жазушы ағамыз ғылым жо­лын­да да белсенділігін танытып жүрді. Кейбір қаламгерлер тек жазушы болуы мүмкін. Кейбір тұлғалар ғылыммен ғана ай­налысуы мүмкін. Осы екі саланы то­лық меңгеруге көпшіліктің мүмкіндігі бо­ла қоймайды. Шәмшиден Әбдіраман осы екі күрделі саланы қатар алып жүре ал­ды. 1963 жылы алғашқы шығармасы жа­риялағаннан күні кешеге дейін әде­биеттің ауылынан алыстамады. Ол – сұ­лу өмір кешті. әл-Фараби, Машани өсиет­терін бүгінгі дәуір адамдарына бү­гін­гі заман тілімен жеткізе білді», – де­ген пікірін білдірді. Осы университеттің ар­да­гер ұстазы, қаламгер Маржан Нұр­пейісова: «Ұлағатты ұстаз, ғұлама ғалым Шәм­шиденмен ұзақ жыл бойы бірге қыз­мет еттік. Ол ұстаз ретінде студент­терге арнап терминологиялық сөздіктер, оқулықтар жазды, Машани орта­лы­ғын ашып, әл-Фараби еңбектерін жаңа мазмұнда құрастырып шықты. Тау-кен саласының қызметкері ретінде де қалдыр­ған ізі айрықша. Оқуды бітіре са­ла, Жезқазғанға арнайы жолдамамен ба­рып қызмет етті, Алжирде іс-тәжіри­бесі­мен бөлісті. Темір жолдың екі рельсі сияқты, жазушылықты қатар ұстанды. Мық­ты педагог болды. Сонысымен біз­ге үлгі», – дей келе, осындай келелі жиын­ды өткізуге ұйытқы болған уни­верситет басшылығына алғысын біл­дірді. Жиын барысында Ш.Әбдіра­ман­ның қанаттас інілері, әріптестері, шә­кірттері сөз сөйлеп, қаламгер және ұс­таз жайлы естеліктерімен бөлісті. Жазу­шы жары Шәрбану Алманбетова жазу­шының азаматтық ұстанымы жайлы кеңі­нен әңгімелеп, дөңгелек-үстелді ұйым­дастырушыларға деген ырза­ша­лығын білдірді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір