Қазақ қаламгерінің жемісі
01.12.2017
1063
0

Швецияның астанасы Стокгольм қаласынан қуанышты хабар жетті. «Open Eurasia – 2017» VI Халықаралық ашық әдеби байқауда, тұңғыш рет қазақ қаламгерлерінің де есімдері аталды. 1600-ге жуық әдеби шығарма сарапқа түсіп, бес аталым бойынша белгіленген 15 бәйгенің екеуін қазақстандықтардың еншілеуі қазақ әдебиеті үшін үлкен мерей.

Әлемнің 36 мемлекетінен үміткерлер қатысқан әлемдік байқауда ақын Ғалым Жайлыбайдың Қа­рағанды лагерінің қасіреті жайлы жазған «Қара орамал» поэмасы «Поэзия» аталымы бойынша үшінші орынды иеленді.
Ал Сәуле Досжанның «Өгей жүрек» романы «Проза» аталымы бойынша үшінші орынды ре­сейлік Верди Йоссимен бөлісті.
Жеңімпаздар қатарында америкалық Жакмин де Ге, украин ақыны Надежда Кузьменко, гер­маниялық Папа Шульц, ресейлік Елена Корнеева се­кілді әйгілі қаламгерлер бар.
Конкурста үздік аталған шығармалар әлем тіл­деріне аударылатын болады.
Қара үзген «Қара орамал» мен өрнегі бөлек «Өгей жүрек» авторлары ақын Ғалым Жайлыбай мен жазушы Сәуле Досжанды мәртебелі сый­лық­пен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір