Саяхат жолы
01.12.2017
4075
1

Туризм – баршаға белгілі сала. Әлем тарихын оқитын болсақ, онда барлық уақытта біздің Жер-шарын көп­теген саяхатшылар мен зерт­теушілердің зерттегенін байқар едік. Бірақ тек Туризм ғана жақында адамға қызмет етудің ерекше түрі ретінде пайда болды. Туризм – енді-енді дамып келе жатқан жаңа сала. Бүкіл Әлем бойынша туризм экономиканың ең маңызды түрі және кейбір дамушы елдер үшін өмір негізі (Тайланд, Кипр, Малайзия, т.б.) болып саналады. Қазіргі кезде Планетамыздың түрлі аймақтарында экологиялық дағдарыс шиеленіскен жағдайда экологиялық білім мен тәрбие беруге басты назар аударылуда. Осыған бай­ланысты, ең маңызды орын туризм мен өлкетануға беріліп отыр. Ту­­ризм жастарды жағымсыз қы­лық­тар­ға қарсы тұруға (темекі тарту, арақ ішу, т.б.), денсаулығын күшей­ту­ге, адамның пайдалы әрі қызықты іс­терге құштарлығын оятады. Ғалым Ка­менский табиғатты қорғау қажет­ті­лігі тәрбиелеудің біртұтас жиын­ты­ғын құрайтындығын дәлелдеген бо­латын. Ж.Руссо табиғаттың даму жол­дарын, адамзат болашағының қа­рышты дамуын алғашқы түсіндіру­шілердің бірі болды. Туризм мен эко­логия, табиғатты қорғау мәсе­ле­сін В.И.Вернадский, Э.В.Гирусов, Ю.М.Лотман мен А.Д.Урсул қарас­тыр­ды. Сондықтан, туризм дегеніміз жас­тар үшін – саяхат жасау, ол ар­қы­лы жетістікке жету, жаңа дүниені та­нып білу. Туризм мақсатына қарай ді­ни, конгрестік, курорттық, өз бе­тін­ше ұйымдастырылған, экскурсиялық не­месе танымдық болып жіктеледі.

Ішкі туризмнің мынадай түрлері бар: әлеуметтік, экологиялық, шы­тыр­­ман оқиғалы, спорттық, әскери, ем­­деу-сауықтыру, мәдени-таным­дық, және т.б. Соның ішінде жаяу ту­­ризмді ерекше атап өтсек болады. Жаяу туризм – күрделі емес таулы жә­­не жазық жерлерде өткізілетін ту­ризм­нің түрі. Халықтық топтар ара­­сын­да ең көп тараған белсенді ту­­ризм түрі болып есептеледі: ар­найы көлікті қажет етпейді, кез кел­ген аумақ бойын­­ша жорықтар ұйым­дастыруға бо­л­ады. Қарапайым жаяу жорықтар кез келген ауданда (туған өлкеде) де­малыс уақытында өткізілуі мүмкін. Жаяу туризм – спорттық ту­­риз­мнің бір түрі болып саналады. Оның негізгі мақсаты – маршрут бойын­ша белгілі бір аймақтан өту. Мар­шрутты ең ал­дымен топтағы әр­­бір қатысушының кү­ші мен нақты тә­жірибесіне, жо­рық­қа сай келетін жаб­дықтардың болуы және жорық ал­дында жат­тығу­лар өткізу мүм­кін­дігіне негізделіп таң­далуы қажет. Әсі­ресе маршруттың қиын әр түрлі бө­ліктерін (асулар, тас­ты және тас­қын қаупі бар, өзендер ар­қылы асу­лар, үлкен биіктіктегі орындар, ази­мутты, қоныстаныл­ма­ған, қиын ба­ғыт алынатын) бөліп көр­сету және оларды жеңіп өтудің то­лық жос­па­рын құру керек. Күндізгі жүру кило­мет­ражын есептеу орташа бү­кіл мар­шрутқа есептеліп жүргі­зі­леді. Ол маршруттың жеке бөлік­тері­нің тех­никалық күрделіліктерін, азық-тү­ліктерді жұмсауға байланысты же­­ке кезеңдерде рюкзактардың сал­ма­ғын есепке ала жүргізіледі. Жаяу саяхатта магниттік жіктеуді есеп­­ке ала отырып, алдын ала бар­лық ази­муттарды есептеу қажет. Ази­мут­тар карта нақты көрсетілген жә­не жер­гілікті жерде оңай табы­ла­тын орын­дардан басталуы және жер­гілікті жер линиясына (өзен ар­насы, көл, теңіз жағалауы, теміржол жо­лы, тау мас­сиві) негізделген болуы тиіс. Жер­гілікті жер нүктесіне ази­мут бойынша шығуды жоспарлау ұсы­нылмайды. Се­бебі, кішігірім қа­теліктің өзі апат­ты жағдайға әкелуі мүм­кін.
Жаяу туризмнің артықшылық­та­ры өте көп. Жаяу туризм – бұл әдемі­лік­ке, тазалыққа және бастапқы күй­дегі та­биғатқа бой алдыру болып та­бы­лады. Жаяу туризм – бұл жеке ада­ми қасиеттердің өсу мүмкіншілігі. Жаяу туризм – ұмытылмастай көңіл-күй мен жақсы достар.
Тау туризмі – биік, күр­делі таулы жерлерде өткі­зі­летін жо­рықтар болып бөлінеді. Тау релье­фінің элементтері тау жо­рық­тарында қозғалысқа едәуір ке­дер­гілер келтіріп отыратын сәттері кездеседі. Бұны тау жорығының табиғи кедергілері деп атайды. Тау ту­риз­мімен айналысу үшін таулар­дың физика-геог­ра­фия­лық ерек­ше­л­іктерін жақын білу ке­рек. Тау релье­фінің элементтерінен қа­лып­та­сатын табиғи кедергілерден өту жә­не қорғану тәсілі тау жорық­тары­ның техникасы және тактикасы деп аталады.
Таулар орналасуына, қалып­тасуы­на қарай әр түрлі болып келе­тін­­діктен олардың беткейлері тік, көл­­беу градустарға бөлінеді. Бұлар­дың өзі жорық қозғалысы үшін үл­кен кедергі болып табылады. Со­ны­мен қа­тар, беткейлер қиыршық, басты қо­рымдар мен өсімдік жа­мыл­ғы­сы­мен жамылып жатады. Таулы ай­мақ­пен қозғалыс кезінде бұлар басты ке­дергіге айналады. Теңіз деңгейімен са­лыстырғанда таулар әр түрлі бол­ғандықтан, бұл аймақта ұйым­дас­тырылатын туристік жорық түрлері де әр түрлі болады. Тау кате­го­риялық жорықтары көбінесе биік таулы ай­мақта ұйымдастыры­ла­ды. Өйткені, бұ­ған қойылатын талаптар мен ере­желерге сәйкес келеді.
Асулар. Асулар дегеніміз тау жо­та­ларының арасынан өтуге қолайлы иін немесе географиялық тілмен айт­қанда «тауаралық ершік» деп ата­ла­ды. Асулар биіктігіне қарай гра­ду­сы­на байланысты және кез­де­сетін ке­дергілерге қарай әр түрлі күр­делі­лік­ке жіктеледі. Бұл асу ка­тегория­ла­ры деп аталады. Асу кате­гориясы күр­делілігіне қарай санмен және әріп­пен қоса белгіленеді. Яғни, күр­делі А1 асуы, одан да күр­делі 1 асуы және асулар үш деңгей­лік­ке бөлінеді: 1А, 1В, 2А, 2В, 3А, 3В. Асу­лар күрделі­лі­гінде теңіз дең­гейі­нен есептегендегі биік­тігі қар немесе мұз жамылғы­сы­ның болуы, оның мау­сымдарға бай­ла­ныс­ты жатуы не­месе қозғалыста болуы – қорымдар мен жартастың бол­уы, тас құлау немесе қар көшкіні болу қаупі, үлкен тас­тардың болуы, асулар категория­сы­ның дәрежесін анық­тайды.
Тау маршрутын жоспарлай оты­рып, жорық кезінде жергілікті жерде мар­­шруттың асу нүктелерін айтар­лық­­тай биіктіктерде табу үшін ал­дын-ала азимуттарды есептеп алған пайдалы. Арнайы қауіпсіздік ша­ра­ларын әзірлеу қажет: егер топ өз ішін­де бөлінетін болса, байланыс жә­не сигнал беру тәсілдерін, бар­лау­шы топтарын бөлу, апатты жағдайлар болған кезде іс-әрекет жоспарын құру керек. Тау туризмі бұл – тек қы­зық қана емес, сонымен қоса ма­шақаты мол жұмыс. Таулардағы қо­лайсыз ауа-райы, қатты жел, қар­дың жаууы, +20-дан -20-ға дейінгі тем­пература үнемі кездесіп тұрады. Тау­лардағы ең қауіпті деген құбылыс қар көшкіні болып табылатын шы­ғар. Көптеген туристер, альпинистер жә­не бүтіндей бір топтар осы қар ас­тында қалып қалған. Таулардағы 4000 метрден аса биіктік адам өміріне қауіпті болып келеді. Таулы туризмде екі негізгі бағытты бөліп көрсетуге бо­лады: альпинизм мен спелео­ту­ризм. Екі бағыт та қазіргі таңда өз адам­дарын табуда. Таулы туризм өзі­не еліктіреді, өйткені альпинистер мен тәжірибелі туристердің айтулары бойынша, тауға бір рет шықсаң, қай­та-қайта оралғың келіп тұрады.
Белсенді туризмнің ең күрделі түр­лерінің бірі – шаңғы туризмі. Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді. Шаңғы және таулы аймақтағы шаңғы тебу тәсілін жіті меңгеру қажеттігі, жұқа, қалың қар­ларда жүрудің қиындығы кейбір қауіп­тің бары (температураның тө­мендігі, боран және т.б.) саяхатқа қа­­­тысу­шылардың дене тәрбиесін арт­тырады. Шаңғымен саяхат жо­рығы кей қиындықтарға қарамастан өзінің қайталанбас тамашалығымен есте қалып, оған қатысушылардың дене құ­рылысын шынықтыруда зор маңыз­ға ие болады. Шаңғы туризмі қыс кезінде, белгілі бір қар жамыл­ғы­сының қалыңдығына байланысты өткі­зілетін, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құрал-жабдықтары (при­мус, пеш, шаңғы, т.б.) және қо­нақжайлары (бивуак, қар үйшіктері, тұрғын мекен-жайлар, т.б.) бар жо­рықтарға байланысты жұмыстар тобы. Климаттың, ауа-райының әр түрлі жағдайында жорықтар өткізіле­ді. Шаңғы туризмі бойынша жорық­тар жазық жерлерде және таулы ау­дан­дарда, қар жамылғысы тұрақты ай­мақтарда таралған. Шаңғы туриз­мі­не қатысушылардың басты кедер­гі­лері: қар жауып тұрған кездегі қоз­ғалыс (әсіресе, қары борпылдақ, жұм­­сақ ормандарда), биік, ұйлыға өс­кен бұталар, мұзы жақсы қатпаған өзендер, жоғары немесе төмен түсуге мәж­бүр ететін биік қия, жоталар. Шаң­ғы жорықтары кезінде қатысу­шылардың физикалық дайындығы мен жасына байланысты түсетін күш­тің сәйкес келу қажеттілігін есте сақ­­тау қажет. Ересек туристер үшін күн­дізгі жүру күніне 25-30 км. құрай­ды. Бұндай жүруді жаттыққан топ аса күш жұмсаусыз, үнемі жаттығусыз орындайды, әсіресе, көпкүнді жо-рықтарда, бұндай жолды жүру қиын.Мектеп оқушыларымен жорықтарды ұйымдастыру кезінде дала жағ­дайын­да түнеуді жоспарлауға рұқсат етіл-мейді. Жаңадан үйреніп жүрген ере­сек адамдар үшін де бұндай түнеуді ұйымдастырмаған дұрыс болады.
Қазіргі кезде адам қызметінің әр түрлі формалары бар, олар жалпы жағ­дай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қа­жеттілігін, соның ішінде саяхатқа құш­тарлығын арттырады. Саяхат де­геніміз – туризм. Туризм тек орын ауыс­тыру емес, ол көптеген эконо­ми­калық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мә­ліметтері бойынша туризм әлемнің өн­дірістік-сервистік нарық айна­лы­мының 10 пайызын құрайды екен. Соң­ғы кездері Қазақстанда туризмді дамыту арқылы экономикалық жағ­дайды жақсартып, бірқатар әлеуметтік мә­селелерді шешуге болатыны жиі-жиі әнгіме болып отыр. Ресми мәлі­мет­терге қарағанда, мемлекет қазы­насына сырттан түсетін инвес­тиция­ның 10 пайыз­ға жуығы осы туризмнен түседі екен. Қазақстан туристік ел болуға то­лық мүмкіндігі бар ел. Алай­да, Қазақстанда туризм бәсең да­мып келеді. Оның дәлелі, елімізге шет­тен келетін туристердің басым көп­шілігін – келуге тиісті іс-сапармен, жұ­мыс бабымен келгендер құрап отыр
(89,7 пайыз). Соған қарамастан, әрбір турист шамамен 700 АҚШ дол­ларын қалдырады екен. Әйткенмен, бұл көрсеткіш әлемдік орташа баға­дан (1000 доллар) әлдеқайда төмен. Қа­зақстанда туризмнің қанат жаюы үшін, шекаралық тексерулер мен ту­рис­тердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету­ді, туристерді тасымалдау, яғни, кө­лік қатынасына жағдай жасау сын­ды факторларды іске асыруды дұрыс жол­ға қою керек. Дүниежүзілік ту­рис­тік ұйымның болжамы бойынша, 2020 жылға қарай саяхатшыларды ең көп қабылдайтын ел Қытай болмақ. Ал, осы елге жетудің тиімді де қысқа жолының екеуі де Қазақстан арқылы өт­пейді ме? Өркениетті елдерде туризмді дамыту басты мақсаттардың біріне жатады және туризм елдің мәртебесін (имидж) қалаптастыратын құрал болып есептеледі. Елінің сұлу табиғатымен әлемді таңдандыру арқылы мемлекет бюджетіне ақша түсіріп, кіріс келтіру ең пайдалы іс екені де белгілі. 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың негізгі мақсаттары айқындалды. Олар – Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін арттыру және туристік са­ланың мемлекет экономикасына үлесінің артуы, Қазақстан Респуб­ли­касындағы туризм индустриясының едәуір арту әлеуетін ескере отырып, экономикалық өсу мен инвестиция­лар­ды ынталандыру, туризм индус­т­риясы мен экономиканың сабақтас салаларында жұмыс орындарын құру, жалпы ішкі өнім мен экспорттың өсімі, кәсіпкерлікті, оның ішінде эко­номиканың ілеспес салаларында ШОБ-ты және ауылдық аудандарды қоса алғанда, жалпы республика және өңірлер бойынша адами әлеуетті дамыту, «Жасыл экономика» қағи­дат­тарын ескере отырып, қазақстандық қоғамның ауқымды әлеуметтік-эко­номикалық жаңғыруына ықпал ету болып табылады. 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың басты міндеттері – туристік дестинация ретінде бүкіл әлемге танымал Қа­зақ­стан бейнесі, қажетті инновациялық, энергия тиімді инфрақұрылымды, жаңа туристік «тәжірибелердің» жүйе­сін жасау және халықаралық өнім­дер мен жергілікті және шетелдік ту­ристерге арналған бәсекеге қабі­летті қызметтер әзірлеу, туризм сала­сын кәсіби басқару және реттеу жүйе­сі. Осы тұрғыдан келгенде, біз бү­гін сөз еткен жаяу туризм түрінің алар орны ерекше.

Түркеш ЖАҚЫП,
географ.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 21.04.2021 | 16:47

Саяхат деген не?

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір