Көне қала – Отырар
01.12.2017
10143
1

«Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығында Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері ретінде бірнеше туристік кластерлерді атап өтеді. Соның ішінде «Оңтүстік Қазақстан туристік кластері аясында:
Қожа Ахмет Иассауи кесенесі бар Түркістан қаласы (ЮНЕСКО объектісі); Ортағасырлық Отырар қалашығының және ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген отырарлық алқаптың археологиялық объектілері; Сауран археологиялық кешені; ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген палеолиттік бөліктері мен геоморфологиясы және Арпаөзен петроглифтері бар «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығы; ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы; Сайрам-Өгем Мемлекеттік Ұлттық паркі; «Байқоңыр» ғарыш айлағы; Қызылорда қаласы; Сарыағаш қаласы; Тараз қаласы» аталған. Осы ретте Ортағасырлық Отырар қалашығы жайлы кең ауқымды мақала арқылы оқырман қауымның назарын ішкі туризм мәселесіне аудармақпыз.

Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі орталықтардың бірі, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің отаны Отырар – Қазақстанның оң­түстігінде орналасқан орта­ға­сырлық қалалардың ең таны­ма­лы. Отырар ежелгі заманнан-ақ қа­лаларында ғылым мен мәде­ниет, сауда, өндіріс, далаларында егін, мал шаруашылығы қатар дамыған әлемдік мәдениеттің ірі орталықтарының қатарынан атал­ған. Ортағасырлық араб, пар­сы тарихшылары мен геог­раф­тары бұл қаланың Қазақ­стан­ның оңтүстігіндегі саяси, сау­да және мәдени орталығы бол­ғанын, Орталық Азия тари­хын­да маңызды рөл атқарғанын жа­зып қалдырған. Қаланың рөлі мен маңыздылығының артық­шы­лығы – оның орын тепкен же­рінің, географиялық жағ­дайы­ның қолайлылығына бай­ла­нысты болған. ХІХ ғасырдың ая­ғында Отырар қирандылары мен оның төңірегінде орналасқан бас­қа да ескерткіштер ғалым­дар­дың назарынан тыс қалған жоқ. Ежелгі Отырар өлкесінің ар­хео­логиялық зерттеу жұмыс­та­ры ға­сырлар өтсе де тоқтап қалмай, жыл өткен сайын жалғасын та­уып қарқын алып келеді.
Арыстанбаб кесене-меші­тін­дегі кітапхана 1930 жылдары «қы­зыл қырғын» кезінде аяусыз тал­қан­далып, 1960 жылдары «Қы­зыл бұрыш» болып қайта ашы­лып, маркстік-лениндік әде­биеттермен толықтырылған. Кі­тапхана қорында араб, парсы, түр­кі тілдеріндегі жүздеген қол­жаз­балар, кітаптар болған. Кі­тап­тардың көпшілігі «Арыс­тан­баб­­қа» деп атап жазылып, «Мул­ла Фахриддин Сыддық» де­­ген жазулы мөрмен куәлан­ды­рылған. Көне қолжазба, кітап­тар­дың бір парасын қаншама жан­кештілікпен Бұхара мед­ре­сесінің түлегі Әбусейіт Оңғарбай­ұлы пен Арыстанбаб кесене-ме­шітін 1907-1909 жылдары қай­та қа­лаған ұста Қалмырза Мүсә­пір­ұлы сақтап қалған. Әбусейіт Оң­­­­ғарбайұлы сақтаған қолжазба, кітаптарды немере-інісі Қазыхан Серікбаев өлкетанушы,этнолог,әдебиеттанушы Абдулла Жұ­ма­шев арқылы Руханият Әбу Нәсір әл-Фараби мұражайына тапсыр­са, Қалмырза Мүсәпірұлы сақ­та­ған қолжазба, кітап­тар оның өз өсиеті бойынша қа­­­біріне өзімен бірге көмілген.
Отырар мемлекеттік архео­ло­гиялық қорық-мұражайы 1979 жы­лы 11 мамырда Қазақ КСРО Ми­­нистрлер Кеңесі шешімімен ұйым­дастырылған. Отырар мұра­жайы 200 жылдан аса уақыт бойы аймақтың экономикалық жә­не сауда орталығының маңы­зына айналған ежелгі Отырар қа­ласы тарихының бірегей ес­керт­кіштерінің қазба жұмыстары ке­зінде табылған археологиялық құн­ды заттардың қоймасы.
Отырар мемлекеттік архео­ло­гиялық қорық-мұражайының құрамына 4 Республикалық маңыз­ды археологиялық ескерт­кіш­тер, 216 жергілікті маңызды ар­хеологиялық ескерткіштер кі­ре­ді. Бұған Отырар оазисінің еже­л­гі қалалары жатады: Оты­рар­төбе, Құйрықтөбе, Көкмар­дан, Алтынтөбе, Ақтөбе, Жал­пақ­төбе, Арыстанбаб кесенесі мен басқа да тарихи ескерткіш­тер.
Мұражай экспозициясы екі бө­лімнен тұрады: археологиялық және этнографиялық. Сонымен қатар мұражайда Әбу Насыр әл-Фа­раби кітапханасы да ұйым­дас­тырылған. Оның қорында 3 мың­нан аса басылым, әл-Фараби мен оның шәкірттерінің еңбек­тері сақталған.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 11.05.2021 | 13:45

Отырар туралы неге жазбадыныздар? Отырар көне қала деп?

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір