Қадірлі ағайын!
24.11.2017
1925
0

Еліміздегі ең байырғы бас әдеби басылым – «Жұлдыз» журналына жазылсаңыз, рухани олжаңыз молынан болмақ! Алдағы 2018 жылы да журнал өзінің бай мазмұны мен көркемдік қуатымен ел мұраты, халық тілегі деңгейінде көрінбек:

– Қазақ жазушыларының уақыт талабына сай жазылған толымды жаңа туындылары, атап айтқанда: М.Мағауиннің көр­кем естеліктер кітабы, М.Жақыптың «Сағыныш же­те­гіндегі өмір» романы, Т.Сәукетаевтың «Бұлағай» романы, сон­дай-ақ, Қ.Жұмаділ, Ә.Сарай, Б.Нұржекеев, К.Сегізбаев, Н.Дәутайұлы, М.Мәжитов, М.Байғұтов, Р. Отарбаев, С.Бай­­хо­нов, А.Алтай, Д.Рамазан, Д.Қуат, З.Жұманова, Ж.Әб­­дішова, Қ.Жиенбаев, Қ.Түменбаев, т.б. көрнекті қалам­герлердің әңгіме-хикаяттары; ақиық ақындарымыз: Т.Медетбек, Н.Ора­залин, И.Сапарбаев, Иран-Ғайып, Н.Айт,
С.Ақ­сұңқарұлы, Ұ.Есдәулет, Т.Әбдікәкімұлы, Е. Раушанов, Г.Салықбаева, Ғ.Жайлыбай, А.Қайран, М.Райымбекұлы, Ж.Әшiмжан А.Елгезекұлы, Е.Жүніс, т.б. жыр-дастандары – «Әлем әдебиеті» айдарымен: Мопассан, Флобер, Томас Манн, Сартр, Камю, Борхес, Акутагава, Х. Мураками , Шейх Амиду Кэйн тәрізді жазушылардың үздік туындыларымен қатар, қазіргі ең танымал фантастикалық, детективтік шы­ғар­­малардың таңдаулы үлгілері;
– Түрік халықтары әдебиетінен жаңа тәржімалар;
– Дін-ислам дәрістері. Пайғамбарлар мен әулие-әмбиелер­дің өміріне қатысты ғибраты мол аңыз-әфсаналар;
– Ұлы адамдар өмірі, табиғат тылсымы туралы қызықты хикаялар. Ғылым мен техниканың қиял жетпес ғажайыптарына арналған танымдық материалдар. Арғы-бергі тарихымыз, төл мәдениетіміздің келелі мәселелері, жеке тұлғалар туралы тың зерттеу, соны тұжырымдар. Бүгінгі күннің өзекжарды мәселе­лер­ін байыппен зерделеген батыл пайымдаулар…
Қысқасы, жылына сан алуан тақырыпты қамтитын қыз­ғы­лықты он екі кітап оқисыз. «Жұлдыз» журналы әлемдік мә­дениетпен сусындағысы келетін, әдебиетке жаны құштар әр­бір көзі ашық отаншыл азаматтың төрінен орын алар деп ойлаймыз.
«Жұлдызға» «Қазпошта» мекемесінің жергілікті бөлімшелері сондай-ақ «Евразия пресс», «Эврика пресс», «Ернұр пресс» мекемелері арқылы жазылуға болады.
Жазылу бағасы:

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір