Әулиеатадағы әсерлі кеш
24.11.2017
1646
0

Тараздағы Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатында ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асановтың «Адалдық – асыл мұратым!» атты шығармашылық кездесуі өтті. Мектеп ұстаздары мен оқушылары ақынды «Нұр-Ата» фольклорлық –этнографиялық оқушылар оркестрінің (осы мектептің оркестрі) сүйемелдеуіндегі Н.Тілендиевтың «Ата толғауы», Құрманғазының «Балбырауын» күйлерімен қарсы алды. Мұндай да ақын көңілі асқақтап кетеді ғой. Қ.Асановтың сол толғанысы «Күннің нұры қуатым» атты кітап көрмесін аралаған сәтте де басылған жоқ. Мектеп-интернат директоры Эльмира Жақсылықова кешті ашып, қаламгерге шексіз құрметін білдірді.

Мұнан соң оқушылар Қ.Асановтың асқақ рухты, өршіл өлеңдерін жатқа оқыды. Ақынның «Туған елім», «Туған жерім», «Сары-Арқа» (К.Ахметованікі), «Ауылыма», «Алатау», «Нысап», «Күз», «Айша бибі» атты өлеңдері жас буынды қатты толқытты. Қайырбек ақынның сөзіне жазылған Әуесхан Салабековтың бірнеше әндері орындалды. Әсіресе, халықаралық байқаулардың жүлдегері, мектеп түлегі Ермахан Байсейіттің орындауындағы әндер жүрекке жетті.
Кеш барысында Қайырбек Асанов оқырмандарының сауалдарына жан-жақты жауап берді. Кішкентай кезінде сурет салуға, өлең жазуға бейім бол­ға­ны­н, алғашқы өлеңі «Тұңғыш қар» деп аталғанын, өзін беріректе ақын­дар «Ақ Қайрош» деп еркелет­ке­нін, асыл жары Күләш Ахметовамен алғаш қалай танысқанынан, шетел топыра­ғын басқан алғашқы сапарының әсер­ле­рі болғанын оқушыларды хабардар етті. Әсі­ресе, Қайырбек ақынның Нұрғиса Ті­лен­диевпен достығы, ұлы компазитормен сыйлас, сырлас болғаны, дәм-тұздас болғаны ұстаздар мен оқушы­лар­­ға керемет әсер етті. Мұнан соң ақ­ын бірнеше жаңа өлеңдерін шабытта­на оқып, көпшіліктің көңілін баурап алды. Мектеп-интернат ұжымына ал­ғы­сын білдірді. Жиын соңында ҚР Мә­дениет саласының үздігі Құдайбер­ген Нұрманов, композитор Әуесхан Салабеков ақын туралы ыстық ықыластарын жеткізді.
Жүздесуді мектеп-интернат дирек­то­ры Эльмира Жақсылықова қоры­тын­дылап, ұстаздар мен оқушыларға үлкен әсер сыйлаған ақынға шығарма­шылық табыстар тілеп, сый-құрмет көрсетті.

Есет ДОСАЛЫ.
Тараз қаласы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір