Түркістан туризмі
17.11.2017
1523
0

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында өтіп жатқан «Ontustik Tourism. Invest 2017» туристік және инвестициялық форумы аясында қытайлық делегация Түркістан қаласына барды.

Оңтүстік Қа­зақстан облысы әкімі Жансейіт Түй­мебаев бастаған топ форум жұмысы басталмастан бұ­рын ұлттық өнер көріністері мен
туындыларын тамашалады. Шетел­дік қонақтар ха­лық­тық кәсіп пен қол­өнер бұйымдарынан жасақ­талған көрмені аралап, қазақ ән­дерін тыңдады, көне ша­һар тарихымен таныс­ты.
Биыл Түркістан қа­ласы Түркі әлемінің мәдени ас­танасы атанғанын тілге тиек еткен Жансейіт Қансейітұлы: «Түркістан – қасиетті әрі көне қала­ларымыздың бірі. Ер түріктің алтын бесігі болған Түркістан бұрын қандай маңызға ие болса, бүгінгі таңда да сондай аяулы шаһар. Іргетасы XV ғасырда қа­ланған кесене халықаралық ЮНЕСКО ұйымының тізіміне енген. Мұнда жыл сайын мыңдаған турис келеді. Алдағы уақытта біршама жұмыстар атқарып, межені арттыратын бо­ламыз», – деп сөзін түйіндеді.
Шетелдік делегация тобы Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне ат басын бұрып, ондағы көне жәдігерлер мен қазақ халқының тарихи тұлғаларымен танысты. Арнайы топты бастап келген ҚХР-дың Мемлекеттік туризм басқармасы төрағасының орынбасары Ду Цзян Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамыту үшін әріптестік танытатынын жеткізді.
«Кез келген аймақтың шырайын ашатын ең әуелі – адамы. Бұл тұрғыда мен Оңтүстік Қазақстан халқының қонақ­жайлы­лы­ғына, жылы шырайлы адамдарына тәнті болдым. Бұл – туризмді дамыту үшін аса қажетті фактор. Біз келісім орнату үшін еліміздегі әрбір аймақтан туристік қауымдастықтарды, агенттіктерді алып келдік. Болашақта екі ел арасындағы жаңа авиабағыттарды ашуды жоспарлап отырмыз», – деді Ду Цзян өз сөзінде.
Халықаралық форум аясында өңірдің туризм саласын да­мыту бағытында бірнеше екіжақты келісімдер жасалатын болады.

Шырын Сарымбекова.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір