Әлемді шарлаған шуақты жинақ
10.11.2017
1417
0

Ұлыбританияның белгілі баспаларының бірі – «Glagoslav Publications» жақында «Shining Light»(«Шуақты сәуле») деген атпен академик Ғалым Мұтановтың жыр жинағын шығарды.

Бұған дейін түрік, әзірбайжан, парсы, орыс, украин тілдеріне ауда­ры­лып, бірнеше рет халықаралық әдеби сыйлықтар мен марапаттар иеленген ақын шығармалары кеңіс­тігінің барған сайын кеңейіп келе жатқандығының тағы да бір дәлелі деуге болады.
Жақында әлемге әйгілі ең ірі «Amazon.com» компаниясы осы жинақты Интернет-дүкенінде жария­лады. Жаһанның өзге де онлайн порталдары мен сайттары, Интернет-дүкендері өз парақшала­рында кітап туралы жылы лебіз айта бастады.
Украиндық атақты ақын, әдебиет­танушы Василий Слапчук былай дейді: «Ғалымқайыр Мұтанов шығыс­тық-пәлсапалық поэзия дәстүрін салиқалы ойларымен сабақтастырып келеді. Жаңашылдық стилінде тілдегі әдемілікті тиімділікпен, ойдағы ұтым­­дылықты ұтқырлықпен ұштас­тыра, дамыта жалғастырған. Басқаша айтқанда, оның шығармашылығы – бір сәттік қана сән қуу, болмаса даңқ­қа бөлену, немесе пайда көздеу емес, мәңгілікпен үйлесімділікке ұм­тыл­у».
Ал АҚШ-тағы Огайо универси­те­тінің профессоры, философия ғы­лы­мының докторы Джеймс Петрик: «Shining Light»(«Шуақты сәуле») – бұл көңіл аударуға тұрарлық әдеби жетістік. Ғалым Мұтановтың үні қа­зақтың жан дүниесіндей терең, адами болмысы тұңғиық. Оның өлеңдері Абай шығар­машылығымен ұлттың рухын та­ны­туға және адамға тән тіршілік түйт­кіл­дері мен күй­зелістерін білдіруге келгенде үндеседі. Бұл кітапқа әлсін-әлсін, әсіресе, жаным жаңа қуат қажет еткенде қайта орала­тынды­ғымды білемін», – деп жазады.
Автордың жан дүниесін жарып шығып, айналасына шуағын шашқан бұл жинақ осылайша өз жолымен әлемді шарлап барады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір