Айдарбек Ғазизұлының карикатурасы

0
234 қаралды

Адамзат өміріндегі келеңсіз құбылыстарға идеясы нақты сыни-әлеуметтік көзқараспен қарай алатын өнердің бірі – карикатура. Соңғы уақыттарда карикатура орындалу жағынан да біршама дамып, өз өкілдеріне де жоғары талап қоя бастады. Иран, Түркия, Қытай, Италия мен Польша, Бельгия, Әзірбайжан, Хорватия сияқты мемлекеттерде өте жақсы дамыған бұл өнердің түрінен жылына бірнеше үлкен конкурстар ұйымдастырылады. Мың жарым адамға дейін қатысатын бұл сайыстарда үздік жүздікке кірудің өзі үлкен жетістік. Айдарбек Ғазизұлы қазақ карикатурашыларының ішінде әлемдік сайыстардан жүлдегер болып жүрген санаулы өнер иелерінің бірі. Халықаралық бірнеше ірі конкурстардың бас жүлдесін иемденген қылқалам шеберінің туындыларын назарларыңызға ұсынамыз.


Пікір қосу