Ұлттық нақыштағы бұйымдар
19.08.2015
3931
0

1Ұлтты сүю – оның тілінде сөйлеп, әдебиетiн оқып, ді­нін ұстану ғана емес. Сол ұлттың өзіне ғана тән ерекше бұйымдарды тұтыну да өз ұлтыңа деген жана­шыр­лықтан туындайды.

Павлодар өңірінде ұлттық нақыштағы бұйымдарды арнайы сатып алып, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне жа­рату­шылардың қатары көбейген. Мысалы, қазақы үлгі­д­егі ою-өрнекпен тігілген киімдер мен сөмкелерге, әмиян­дар мен белбеулерге әлеуметтік желі арқылы тап­сырыс берушілер қатары күн санап артуда. Мұндай ерек­ше бұйымдарды елге насихаттап жүргендердің бірі – В контакте желісіндегі «Мәдени мұра» тобының әкім­шісі Әсет Сейітахмет.

– Ұлттық нақыштағы бұйымдарды көбінесе Моң­ғо­лияда тұратын қандастарымыз жасайды. Сапалы теріден тігілген өнімдер. Сол жақтан арнайы алдыртып отырмыз. Ал Қазақстан шеберлерінің қолынан шыққан туын­дылар одан екі-үш есе қымбат. Оны алуға жұрттың қал­тасы көтермейді. Бізге аптасына оншақты әмиянға, бес-алты белбеуге тапсырыс түседі. Тауардың бағасы қол­жетімді. Көбісі туған күн иелеріне сыйға тарту үшін ала­ды. Қазір әмияндарды жаңа үлгімен, яғни Қазақ хан­дығының 550 жылдығына арнап жасап шығарып жа­тыр. Бұдан бөлек мектеп оқушыларына арналған ою­лы сөмкелер де бар. Аламын дегендерге Қазақ­станның қай түкпірінде болса да жеткіземіз. Ұлттық нақыштағы тауарларды сатып қана қоймай, әмияндар мен белбеулердің қандай түрін кімге сыйға тартуға бо­латындығы және қай мезгілде қандай түсін ұстау ке­ректігі жөнінде ақыл-кеңес те бере аламыз, – деді Ә.Сейітахмет.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір